iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Жарнама тарату құралдары

Бұл мәлімет 527 рет қаралды

Ақпаратты тарату құралдарына жарнама берушінің хабарламасын беру үшін қолданылатын түрлі әдістер мен құрал-жабдықтар жатады. Бұған келесідей дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары жатады: баспа бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар тікелей пошталық хабарламалар, сауда иемдену құралдары, мысалы сауда көрмелеріндегі сынама үлгілер немесе купондардың тарату. Әр бұқаралық ақпарат құралдары — газет, журналдар, радио, телеарна, пошта, жарнамалық қондырғылар мен тақталар, көшедегі хабарландырулар нақты қоғамдық топтарға қатысты тек өзіне тән мүмкіндіктер мен сипаттамаларға ие. 10.2-кестеде жарнаманы таратудың негізгі құралдары, олардың артықшылықтары мен шектеулері келтірілген.
jarnama-taratu

 

Бұқаралық ақпараттың баспа құралдары. Газеттер мен журналдардағы жарнама кең тарау алды және үлкен тиімділікке ие, баспасөздегі жарнама жарнамалық хабарландырулар нарығының шамамен 70%-н құрайды. Шығын көлемі бойынша баспасөздегі жарнама тек телеарнаға ғана жол береді. Баспа беті, жалпы, газет те, жарнама берушінің шығармашылық қажеттіліктерін білдіру үшін өзіндік икемді құралы ретінде қызмет етеді.

Газет — әркім қолданатын акпарат құралы болып табылады және де үлкен икемділікке ие, ал жазбаша берілген ой есте қалады. Алайда газеттің өзіндік кемшіліктері бар, оларға жататындар: аудиторияны таңдау мүмкіндігінің болмауы, салыстырмалы қысқа ғұмыр, баспа мен өнімнің төмен сапасы, қатаң жарнамалық бәсекелестік, хабарландырудың ұтымды орында орналасуына кепілдің болмауы, құбылмалы тираж. Бұған қарамастан газет халық үшін жаңалық пен жарнаманы таратудың басты құралы болып қалуда.

Журналдар өзге артықшылықтарға ие. Өздерінің сипаты бойынша олар барлық ақпарат құралдары ішінен ең көп таңдалатыны. Олар оқырмандар ортасына қатысты және де жарнама беруде икемділікке ие. Түстер үйлесімділігі, керемет полиграфиялық мүмкіндіктер оқырмандар тарапынан журналға сенімділік тудырады. Оның үстіне, бұның барлығы қолжетімді бағада. Алайда олардың шығу мерзімі ұзағырақ, олардың көмегімен қажетті қамту мен жиілікті алу қиын, ал журналдардағы бәсекелестік газеттегіден де күштірек. Сонымен қатар кейбір баспалардағы жарнама құны өте жоғары. Жарнаманы жариялау үшін журналдарды тандауда оның тиражын, аудиториясын, бағасы мен техникалық мүмкіндіктерін ескеру керек.

Ақпараттық-жарнамалық материалдар. Ақпараттық-жарнамалық материалдарды таңдау көптеген факторларға тәуелді: фирма қойған мақсатқа, қаржылық мүмкіндіктерге және де әрине фирманың жарнама қызметіндегі шығармашылық әдіске. Жарнамалық материалдардың әрқайсысы кез келген жарнамалық шараларда қолданылуы мүмкін: таратуда, сатып алушылармен жұмыста, іскерлік кездесулерде, көрмеде және т.б.

Ақпараттық хат — фирмалық бланкте орындалып, берілген фирма жайлы, оның кызмет бағыттары туралы ақпараттандыратын, нақты тұлғаға бағытталған хат түріндегі ақпараттық- жарнамалық материал.

Әдетте ақпараттық хатты әлеуетті сатып алушылармен немесе серіктестермен бірінші байланыс орнату әдісі ретінде бағыттайды.

Коммерциялық ұсыныс — басқа түрлерден азғантай жарнамалық бағдарлық және үлкен ақпараттылықпен ерекшеленетін жарнамалық материал. Әдетте, коммерциялық ұсыныс, фирманың қызметі жайлы бұрынғы байланыстарынан немесе хабарламалардан білетін корреспондентке бағытталып, бір немесе бірнеше коммерциялық ұсыныстарды қамтиды.

Ақпараттық парақ — мазмұны бойынша хатқа ұқсас, бірақ мекен жай белгілері жоқ жарнамалық материал. Ақпараттық парақ ұзақ мерзімді сипаттамаға ие. Нақты жөнелтушіге, фирма, көрмелердің және т.б. келушілерінің санатына есептеген. Хаттар үшін фирмалық бланктер қолданылмайды да, түрлі форматта болуы мүмкін. Безендіруде фирмалық белгі немесе фирмалық түстер колданылады.

Жарнамалық парақша нақты тауар немесе қызмет туралы жарнамалық ақпаратқа ие. Әдетте ерекше не күлкілі суреттерді, жарнамалық сөздерді қолдану арқылы көзге түсетін безендірумен ерекшеленеді.

Буклет — жақсы қағазда суреттермен немесе бейнелермен орындалған, көптүсті, көлемі үлкен емес жарнамалық материал. Буклет неғұрлым беделді, имиджді сипаттагы жарнамалық материалдарға жатады.

Проспект — безендіруі жағынан буклетке ұқсас, бірақ үлкен көлемімен ерекшеленеді, түрлі-түсті суреттер мен диаграммалары бар. Көп жағдайда фирманың құрылған күніне арналып, фирма жеткен жетістіктерді немесе оның өнімін суреттермен және әр өнім, тауар немесе қызметтің қысқаша сипаттамаларымен бейнелейді.

Брошюра — мәні бойынша көлемі 20 беттен кем емес, кеңейтілген баспалық жарнама құралы. Көлемінен басқа, тауардың қасиеттері, оның мүміндіктері мен қолдану тәсілдері жайлы толығырақ ақпаратпен ерекшеленеді.

Каталог — әдетте кішірек кітапшаның форматында болып, бір немесе бірнеше фирма ұсынатын тауарлар мен қызметтер тізіміне ие. Каталогтың безендірілуі түрліше болуы мүмкін: тауар мен қызметтердің атауы, қолдану саласы, сипаттамасы жайлы ақпараттары бар белгілі бөлімдерде орналастырылған қарапайым мәтіндік материалдан бастап, тауарлардың типографиялық әдіспен орындалған түрлі-түсті суреттеріне дейін.

Пресс-релиз баспасөз өкілдеріне көрмелерде, презентацияларда, қайы-рымдылық акцияларында таратуға арналған материал. Әдетте тілшілердің та-нысуына арналған материалдарды қамтиды. Олар: өнім өндіруші фирма жайлы, оның даму мүмкіндіктері жайлы қысқаша материалдар, шолу.

Күнтізбе — кең қолданылатын жарнамалық құрал. Үстел үстіне қоятын, қалталық, қабырғаға ілетін күнтізбе түрлері бар, олар жарнама субъектінің ата-уы, маркасы, оның қызметінің сипаты, жарнамалық мәтіннің болуы арқасында жарнамалық қызмет атқарады.

Ашық хат жарнамалық науқанда қолданылу мүмкіндіктері мен мазмұнына орай жарнамалық құрал болып санала алады. Олар бір мәртелік те, сериялық бо-лып та дайындалады.

Тікелей пошталық жарнама (директ-мейл). Тікелей пошталық жарнама басқа құралдардан ерекшелігі өз жөнелтушілерінің құрамын нақты анықтау мен әсер етуіне, ақпаратты тарату әдістерін бекітуге және де барлық жарнамалық материалдың формасы мен бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Тікелей жарнама икемділігі мен таңдамалылығы арқылы сипатталады, себебі жарнамалық материалдарды қажет мөлшерде және ыңғайлы мерзімде бағыттауға мүмкіндік береді. Жөнелтушілер тізімін нақты анықтау мен реттеудің жеңілдігі арқасында фирма жарнамаға шығындалған соманы өз жарнамалық қызметінің барлық пошталық жөнелтілімдерінде қолдану арқылы арзан жөнелтілімдерден түрлі-түсті каталогтарға дейін есептей алады. Тікелей адресаттардан өзге ешкім, ұсынылатын жарнаманы көрмейді. Тікелей пошталық жарнаманың қүралдары: жарнамалық хаттар; конверттегі сақтаулар; хат фолдерлер (бүктемелі пошталық ашықхаттар); бродсайдтар (ірі жарнамалық пошталық жөнелтілімдер); проспекттер; каталогтар; және т.б.

Электронды бұқаралық ацпарат құралдары. Телеарналық жарнама. Теле-арна бойынша жарнама — жарнаманың ең бұқаралық, бірақ ең қымбат құралы; жарнамалық хабарламаларды беру мен жарнамалық фильмдердің көрсетілімдері үшін қолданылады.

Телеарна көрермендердің үлкен санының арқасында кең имидж — жарнама жэне кез келген тауар түрінің ынталандырушы жарнамасын тауар көрсету немесе қызметтердің артықшылықтары арқылы мінсіз жасауға мүмкіндік береді. Әдетте, телеарнаны қолдану арқылы жүргізілетін жарнамалық науқанды табысы және беделі жоғары фирмалар немесе имидждің белгілі бір деңгейінсіз клиенттердің сеніміне ие болу үшін, демек жоғары табыстылыққа қол жеткізу мүмкін болмайтын фирмалар (банктер, инвестициялық компаниялар жэне қорлар) пайдаланады. Тиімді жақтарымен қатар телеарналық жарнама оны қолдану аясын шектейтін кемшіліктерге де ие, нақтырақ:

—   телеарна жарнамасының қысқалығы тауар жайлы дәйекті мәліметке ие болуға мүмкіндік бермей, жарнамаланатын өнімнің жалпы санын шектейді;
—   телеарнаның әрекеті баспасөздегі жарнамамен салыстырғанда қысқа мерзімді және эпизодты болып келеді.
— телеарна қолданысын шектейтін негізгі себеп — әдеттегі бағдарламаның жоғары бағасы.

Телеарнадағы кең таралған жарнамалық материал жарнамалық ролик болып табылады. Көрсету уақыты және нақты жеткізу деңгейі бойынша жарнамалық роликтерді шартты түрде блиц-роликтер және кеңейтілген роликтерге бөлуге болады.

Блиц-роликтер 15-20 секундқа созылады. Онда, ережеге сәйкес, фирма атауы мен оның тауар белгісі беріледі. Фирма қызметінің негізгі бағыттары көрсетіледі, ал ынталандырушы жарнамада, бұдан өзге, тауардың атауы мен маркасы келтіріледі. Блиц-роликте түрлі тәсілдер қолданылуы мүмкін: компьютерлік графикадан ойын киносына дейін. Блиц-роликтің негізгі міндеті — фирма немесе оның тауары жайлы үнемі еске салып отыру.

Кеңейтілген роликтер 30 секундтан бастап одан да ұзаққа созылады. Онда, блиц-роликте келтірілген мәліметтерден өзге тауарлар немесе қызметтердің, жеткізу талаптары, жеңілдік шарттары не жұмыс талаптарының сипаттамалары мен қасиеттері беріледі. Ролик сюжеті мен сценарийі дәйекті түрде қайта қарастырылады. Кеңейтілген роликтер көрерменді сюжетпен қызықтыру немесе тауардың ұтымды тұстарын көрсету, фирманың ұнамды имиджін құру мақсатымен ассоциациялық байланыстар қолданылады. Кеңейтілген роликтердің міндеті — не тауармен не фирма қызметімен нақтырақ таныстыру.

Жарнамалық-демонстрациялық ролик. Телеарнадағы жарнамалық роликтерден өзге, көптеген фирмалар кеңсе мен көрме келушілеріне жариялау үшін арнайы дайындалған жарнамалы-демонстрациялық роликтерді қолданады.

Бұл роликтердің негізгі міндеті кеңседе немесе көрмеде көрсету мүмкін емес, күрделі технологиялық операцияларды көрсету болып табылады. Мұндай роликтер фирма иемденген жылжымайтын мүлік объектілерін, фирманың құру тарихын және т.б. жария етеді. Бұл роликтерді көрсету уақыты айтарлықтай ұзақ, кейде ол қосымша жарнамалық қойылымдармен, тауар, қызметтің қосымша жарнамасымен бөлінеді.

Сыртқы жарнама. Бұл жарнаманың негізгі мақсаты тұтынушыларға белгілі кәсіпорындар немесе тауарлар туралы еске түсіріп отыру немесе әлеуетті сатып алушыларды қажетті сатып алу немесе сәйкесінше қызмет көрсету орындарына бағыт көрсету.

Негізгі жарнамалық құралдардың бірі ретінде, сыртқы жарнама «жариялауды» есептеуде ең төменгі шығындарға ие. Сыртқы жарнама, жарнама берушіге тартымды өзге де қасиеттерге ие. Олардың ішінде жедел кең қамтуды, өте жоғары жиілікті, икемділік пен әсер етудің жоғары деңгейін айтып өтуге болады. Оның кемшіліктері болып табылатындар: қысқа жарнамалық мәтіннің қажеттілігі, аз демографиялық топтарды қамтуда маңызды шектеу, дайындық пен өндіріске ұзақ уақыттың кетуі және жарнаманың ағымдағы мәртебесімен байланысты теріс құбылыстар. Бұдан өзге, кейбір жарнама берушілерді жоғары алдын ала шығындар және де жарнамалық тақталардағы сәйкес жарнаманың орналасуын тікелей қадағалау мүмкіндігінің болмауы қынжылтады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Маркетинг: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған: Ә.Ә. Әбішев, В.В. Герасименко, С.А. Каленова. — Алматы: Экономика, 2014. — 616 б. Мәлімет оқулықтың 315-ші бетінен алынды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>