iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Жаңа брендті құру саясаты

Бұл мәлімет 160 рет қаралды

1370846221hhOshЖаңа брендті құру саясаты компанияның стратегиялық мақсаттарына негізделеді. Оның ерекше қасиеті мықты сауда маркасына бағытталу болып табылады. Маманданған маркетолог алдымен ішкі және сыртқы маркетингтік ортаны талдау үрдісін қарастырады. Компанияның негізгі қорлары өндіріс, персонал және қаржы болып табылады. Брендтің құрылуы мен жылжуының табыстылығы алдыменен менеджменттің қызығушылығы, бағытталушылығы, еліктеушілігіне тәуелді.

Жаңа брендтің архитектурасы. Маркетингте бренд архитектурасы тұтынушылармен карым-қатынастың барлық нүктелерінде маркетинг-микс элементтерінің көмегімен сауда маркаларын тәжірибеде жүзеге асыру құралы ретінде қолданылады. Бұл сыртқы көрініс, үндеу және қарым-қатынастың жалғыз әдісі. Негізгі факторлар мықты жақтарға бағыттауға тырысады, қолданылмаған мүмкіндіктер нені істеуге болатынын анықтайды, ал маркалық капитал көрсеткіштері өзінің жақсы қасиеттерін қалай қолданған пайдалы соны көрсетеді.

Бренд архитектурасы түсінігі «құрылыс» терминологиясының жалғасы болып табылады. Бренд архитектурасы сауда маркасының негізгі элементтерінің бөлшектік жоспарын ұсынады және мақсатты аудиторияға тура бағытталғандығын білдіреді. Бренд архитектурасы өзіне эмоционалды пайда, функционалды пайда, нақты пайда, тауар қасиеті, қолдану жағдайы, қолданушы бейнесін және т.б. қосады. Бренд архитектурасы өз алдында марка қалай құрылған, оның құрылымдық бірлігін, қалай жұмыс істейтіндігін елестетеді. Бренд архитектурасы негізінде тұтынушылар тауарларды қалай сатып алады және қолданады сонда жатыр. Біткен бренд архитектурасы барлық ұйымдарға көрінетін стратегиялық маркетингтік қағидада жатыр. Берілген қағида базасында пайда туралы коммуникациялар және тұтынушылармен жеке ұсынылған пайдалар анықталады.

Мықты бренд ДНК-ның тиімді бренді құрылу жолымен жасалады. Әрбір элементке қысқаша тоқталайық. Эстетикалық кодтар — бұл брендтің бейнелік және символикалық мағыналары. Олар ДНК брендінің мықты негізін құрайды. Бренд-менеджерлер брендтік ұсыныс үшін қандай аймақтар жақсы келетінін шешу керек. Осы категорияға жататын символикалық және эстетикалық кодтар, тұтынушы топтарымен бірдей қабылданады. Брендтер осы кодтарды мақсатты тұтынушы топтарға жеткізу үшін қолдану керек.

Брендтік ДНК — бұл брендтің сыртқы және ішкі артықшылықтарын теңестіретін бренд мәнділігі. Брендтік ДНК-ны тәуекел деңгейін талдай отырып ең жаман жағдайда ғана сақтауға немесе өзгертуге болады. Бренд құндылығы брендтік ДНК мазмұнымен байланысты. Бренд хабары байытылған, қысқа және мықты болу керек. Созылмалы немесе анықталмаған брендтік ДНК тұтынушыларға ұнамайды. Адамдардағы сияқты брендтік ДНК барлық брендтік хабарламаларда болуы керек — бөлшек сауда, жарнама хабарламалары, ішкі маркетингтік бағдарламаларда. Бренд күші егер осы барлық брендтік мазмұндар компания бірлігі болып келсе артады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>