iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Жұматай Махамбет

Бұл мәлімет 263 рет қаралды

Қазақ халкының ең бір киелі, қасиетті, ардақты аймағы бұрыңғы Жезқазған облысына қарасты — Ұлытау. Ол Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі аласа қыратты, таулы өлке. Үлытаудан біраз езеңдер бастау алады. Олар: Қараторғай, Сарыторғай, Ұлы жыланшык, Қаракеңгір, Жезді. Аймак қайың, карағаш, терек ағаштарға, тобылғы, итмұрын, баялыш, арша бұталарға және жусан, боз, бидайық, сораң сияқты өсімдіктерге бай. Тау етегіндегі шалғын шеп тізеден асады. Солардың ортасында ақбөкен, арқар, қасқыр, түлкі кезіп, ал құстардан дуадақ қаршыға, қалықтап бүркіт үшады. Ұлытаудың төңірегінде түркі дэуірінен қалған тас мүсіндер-балбалдар шоғырлары баршылық. Олардың саны 200-дей. «Ұлытау ескерткіштері қазақ жерін мекендеген тайпалардың ру-хани мәдениетін, тұрмысын, салт-санасын, өнер тарихын көрсететін бірден-бір дерек болып табылады», — деп Қазақ Кеңес энциклопедиясында жазылған. Осы аймактың Қаракеңгір өзені бойында «Қызыл әскер» колхозында Жұматай Махамбетовтың әкесі — Әмзе ұста-шебер болған, ал анасы — Күләнда үй шаруасында, бала-шағаларын баққан. Олардың ұрпақтары — 4 жан. Соның бірі Құттық адам Астанада Парламентте — заңгер, ал қарындасы Зура — Саратов қаласында ішкі істер қызметкері.

Жұматай әкесі мекендеген өңірде 1945 жылы туды. Ол: «Атам ауыл тұрғындары арасында эн айтып, күй тартып ортаны мерекеге айналдыратынды. Маған әншілік атамнан жұққан. Сондай-ақ мені коршаған сұлу табиғатты өлке үлкен әсер етті. Ауыл эншілеріне еліктеп жүріп өзім өнерге ден қойдым», — деп мақтанышпен есіне түсіреді.
Отбасы Жезқазған мыс руднигіне қоныс аударған соң 1952 жылы 1 сыныптан бастап, 10 сыныпты осында тэмамдады. Сол шақта Кен-шілер мэдениет сарайындагы халық театрына қатысып жүрді, акын-энші Шымболат Ділдебаевпен бірге эн өнеріне шыңдалды. Мектепті бітіргесін ол ата-анасына көмектесу ниетінде 3 жыл шахтада электр слесары қызметінде болды.

Құсман Игісін «Президент және Халық» газетінің бетінде (17.08.2007 ж.) : «Осылайша оқуының соңғы жылдарында Жұмат әнші Қазақ радиосы және теледидары арқылы жұртына таныла бастады. Жас әнші үшін бұл жылдар өмір мектебі іспеттес еді… Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрғали Нүсіпжановпен ағалы-інідей жарасып қызмет істеді. Жұматай да өнерінің нағыз ақжолтайы болды», — деп жаза келіп әрі қарай осы атышулы әнші Жұматайды Нұрғиса Тілендиевпен таныстырғанын және бұл біртуар қаһарманның оның орындауындағы «Саржайлау» және «Жүрегім» әндерін қызыға үлкен мейіріммен тыңдап, қатты риза болғандығын айтады. «Жұматай Махамбетов ән шырқайды», «Есіңде ме сол бір кез», «Жадыңда ма жастығың» сияқты телефильмдер түсірілгендігі туралы баяндайды.

Жұматай Әмзеұлы: -Кенжебек Күмісбековтің «Аяулы мекенім» атты әнін Құрманғазы атындағы оркестр қолдауымен сан рет орында-дым. «Сағынам сені, аяулы мекен, гүл мекен. Балалық шағым сайран-дап сенде жүрме екен» — тіркестерін айта бастасам болды, балалық шағым, еткен ауыл көз алдыма келеді. Сөзі де әуені де бір-бірімен үйлескен, өте бір әсем ән. Осы әнді айтқанымда туған жерге деген сағынышым күшейе түседі», — деп тебіренеді.

1992 жылы Жүматай Махамбетовке ҚР еңбек сіңірген эртісі атағы берілді. Бұл күндері оның репертуарында Батыс Еуропа композиторларының ариялары, орыс композиторларының романстары, Қазақстан композиторларының, әлем халықтарының әндері, Қазақтың халық эндері «Япур-ай», «Шәпибаяу», «Ауылың сенің ір-гелі», Естайдың «Құсни Хорланы» тұрақты орын алған. Ол 1986 — 93 жылдары Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр құрамында әншілік өнерін паш етті. Жұматай Әмзеұлы Махамбетов 1993 жылдан бастап Темірбек Жүргенев атындағы Қазақ үлттық өнер акдемиясында дәрістер оқып, музыка өнерінің сара жолына түлектерді қанаттандырып шығаруда.

Ол: — Әр халықтың өзіндік болмысы болады. Қазақтың да өзіндік үлттық ерекшелігі бар. Ұлттық тәрбиенің маңызы зор. Заман өзгерген уақытта үлтымызды сақтау үшін ежелгі салт-дәстүрімізді жандандырып, байырғы бала тәрбиесіндегі әдістерді қолдануды еңгізуіміз керек. Кісі өз кемшілігін өзі біліп, өзін-өзі түзеп отыру керек, — дейді.
Жұматай Әмзеұлы Құрманғазы оркестрі жэне Нүрғиса Тілендиевтің «Отырар сазымен» талай елді-мекендерде гастрөлдік сапармен аралады. Жат жүртқа казак энінің қүдыретін танытып, халықты кэусар энімен тамсандырды.
Ол Зейнеп Қойшыбаевамен бірге композитор Жолан Дастеновтің «Болмай жатып бозбала, қайдағыңды қозғама, ойна да күл бозбала» деген әнін (сөзі Қадыр Мырза-әлі) шырқады.

Ол туралы: «Жұмат Махамбетов ән шыркайды», «Есіңде ме сол бір кез», «Жадыңда ма жастығың» атты телефильмдер түсірілді. «Қазақстан-Zaman» газеті бетінде Жұматай Махамбетов туралы тілші Қанат Тәкебаевтың «Өнердің тамыры ауылда» атты ауқымды сұхбаты жарияланды. Қазақта «текті атаның баласы» деген сөз бар. Тектілікті қалай түсінесіз»?- деген тілші сауалына: — Тектілік атадан балаға берілетін қасиет. Баланьщ міндеті — ата-сы жүрген ақ жолға дақ түсірмеу. Сана сезімі терең адамдар бала тәрбиесіне мүқият болады. Әкем бізді ең алдымен, білімге баулыды, кітапты көп оқытқа. — Адам бойындағы қандай ізгі касиеттерді бағалайсыз? — Ең бастысы адалдық. Біреуге жақсылық жасасаң, оның өтемін күтпе. Жақсылығың зая кетпейді. Ал біреу саған жамандық жасаса, оған кек сақтама. Кісі өзінің кемшілігін өзі біліп, өзін өзі түзетіп отыру керек.

Жұматай Махамбет : — Әр халықтың өзіндік болмысы бар. Ұлттық тәрбиенің маңызы зор… Ізеттілік — қазақтың жас ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық ерекшеліктерінің бастамасы. Отан сүйгіштік аса қажет. Аяулы азаматтарды бағалай білуіміз шарт. Соның бірі — Темірбек Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшысы — Тілеуғали Әмірбекұлы Қышқашбаев. Ол ауылдан шыққан өнерлі жастарды әрдайым колдап отыратын, — дейді. Жұматай 1996 жылы осы Академияға шақырылады, мұнда талай өнерлі шәкірттеріне өнегелі тәлім-тәрбие берді. Жұматай Әмзеұлы 1975 жылы Орынбор обылысынан шыққан Рәшка үйленді. Ол есеп маманы. Жұбайлардың Әлия және Хорлан атты қызы бар. Олардан үш немере сүюде. Әлия Канада елінде тұрып жатса, Хорлан Астанада дәрігер.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>