iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Эндокриндік жүйе слайд (презентация)

Бұл мәлімет 1 067 рет қаралды

Жоғарғы сатыдағыларда организмдерге тән айтылатын эндокриндік жүйе омыртқасыздарда болмайды. Бірақ буынаяқтылардың ерекше бездері гормондарды синтездейді, ол түлеуге (шаянтектестерде) әсер етеді, аналық жұмыртқалардың пісіп жетілуіне және диапаузаның өтуіне, түлеуге және ересектерінің дамуына (насекомдарда) және басқа қасиеттеріне де әсер етеді. Омыртқалыларда жетілген эндокриндік жүйе дамыды. Қосмекенділерде гипофиз, бүйрекүсті, қалқанша, ұйқы безі және жыныс бездері пайда болды. Сүтқоректілердің эндокринді жүйесі өте жетілген, олар ішкі секреция бездерінің жүйесін құрайды, олардан бөлінген гормондар мүшелердің химиялық жолмен реттелуіне қатысады.

Адамның эндокриндік жүйесі

Адамның эндокриндік жүйесі

Гипофиз организмнің қасиетіне әсер ететін гормон ғана бөліп қоймайды, ол басқа ішкі секреция бездері гормондарының синтездеуіне де әсер етеді. Атап айтқанда, гипофизарлы гормон — соматропин клеткалардың өсу жиілігін, ұлпалардың өсуін және дамуына жағдай жасайды. Вазопрессин — бүйрек өзекшелерінде судың қайта сіңірілуіне көмектеседі. Сонымен қатар гипофиз тироксиннің бөлуін жеделдеттіреді, ол клеткаларда және ұлпалардағы зат алмасуға көмектеседі, ал гипофизарлы гонотропин жыныс гормондарын бөлуге қатысады. Бүйрекүсті бездер бірнеше гормондардың синтезіне қатысады, солардың ішінде ең бастылары — кортизол, альдостерон және эфинефрин (адреналин). Кортизол белоктардың, майлардың және көмірсулардың алмасуын реттейді, буаздылыққа (жүктілік) әсер етеді, альдостерон — натрий және калийдің алмасуына, ал эниферин -бауырдағы гликогеннің ыдырауына әсер етеді және қан қысымын көтереді. Эстроген гормоны — аналық және аталық бездердегі холестеролдан синтезі түзіліп ми мен басқа мүшелерден келген хабарларға жауап есебінде түзіледі. Қанғат үсісімен олар сүт бездеріне және көбею мүшелеріне таралады. Себебі эстроген жасуша жарғақшасындағы липидтерде ериді, яғни олар жарғақша кедергілерінен өтіп ядро қүрамындағы белок рецепторымен байланысқа түседі. Одан соң эстроген + белок рецептор комплексі гендердің реттегіш аймағымен байланысады және олардың белгілерін геннің белсенділігі немесе тежеуі арқылы өзгертеді. Эстроген + рецептор комплексі геннің экспрессиясын реттейді, прогестерон үшін белок рецепторын белгілейді.

Жоғары сатыдағы организмдердің эндокриндік жүйе өсу және дамуын реттеуге жауап береді. Барлық гормондар организмдердің ішкі байланысының қызметінің хабарларына жауап бере алатын химиялық қосылыстар болып саналады, сонысымен өзгеріп түратын физиологиялық жағдайларға клеткалардың «сезінуіне» және жауап беруіне көмектеседі. Гормондарды пептидті (гипоталамустың, гипофиздің барлық гормоны, инсулин және глюкагон), стероидты (бүйрекүсті безінің қыртысты бөлімінің гормоны, андрогендер және экстрогендер) және аминнің гормондары (эпинефрин және тиреоидты гормондар) деп бөледі.

Жоғары сатыдағы организмдердің эволюция барысында гормон бөлетін клеткалармен бездер мен клетка (мүшелер) — нысана араларындағы қарым-қатнасын реттейтін күрделі жүйе қалыптасты. Эндокриндік жүйенің басты даму орталығы гипоталамус болып саналады. Орталық жүйке жүйесінен түскен хабарға гипоталамус клеткалары гипоталамустың реттегіш гормондарын бөледі, олардың өздері гипофизарлы гормондардың бөлінуін реттейді. Қанға түскен осылар бүйрекүсті, қалқанша бездеріне жетеді және олардың әртүрлі гормон бөлуіне көмектеседі, олар да қанға түскен соң гормондардың рецепторлары арқылы нысана клеткалардың сыртқы бетіндегі және үлпалардың гормондарына жеткізіледі. Клеткалардың ішінде клетка аралық хабар беретін дәнекелер болады, олар клетканың (ұлпаның) гормонының рецепторы арқылы арнайы клетканың құрылысы немесе қайбір ферменті туралы хабар береді.

ЖҮКТЕУ

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>