iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Вирустар туралы слайд

Бұл мәлімет 2 218 рет қаралды

Слайд тақырыбы: Вирустар туралы. Слайд 13 беттен тұрады. Бұл слайд жалпы вирус, олардың пішіндері мен өлшемдері, вирустарды зерттеген ғалымдар, вирустардың түрлері туралы мәліметтер бар. Вирус дегеніміз латын тілінен аударғанда «у» деген мағынаны білдіреді. Тірі ағзалардың арасындағы жасушасы болмайтын жалғыз тіршілік иесі осы вирустар болып табылады. Вирустар рибонуклеин қышқылдарынан сонымен қатар дезоксирибонуклеин қышқылынан құрастырылған нуклеопротеидтерден, және ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Осы қабықша вирустардың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның кедергі жағдайларынан сақтап отырады. Ал кейде вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар да, май тәрізді ағзалық заттар, биотин сонымен қатар мыс молекулалары кездесіп жатады. Вирустар өлі ағзаларда немесе өлі жасушаларда болмайды, олар көбінесе тірі жасушада өсіп көбеюге бейімдіп келеді. Қазіргі таңда электрондық микроскоппен 300 мың есе жақындатып қарасақ, олардың пішіндері таяқша сияқты, жіп тәрізді я болмаса іші қуыс цилиндр пішінді болып келетінін көруге болады. Вирустар қоршаған тірі орта бүлдіруге бейім. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

batton

 

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>