iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Тіршіліктің мәні мен негізі

Бұл мәлімет 130 рет қаралды

Қазіргі кезде тіршіліктің мәнін түсінудің жалпыға ортақ методологиялық жолы тіршілікті соңғы нәтижесі өздігінен жаңару процесі ретінде түсіну болып табылады, ол ұдайы өсу түрінде көрінеді. Барлық тіршілік тек тіріден пайда болады, ал тіріге тән кез келген ұйымдасу тек осыған ұқсас басқа ұйымдасудан қалыптасады. Осыған орай, тіршіліктің мәні оның өздігінен көбеюінде, оның негізіне физикалық және химиялық құбылыстардың үйлесімділігі жатады және ол ұрпақтан ұрпаққа генетикалық ақпараттар беру арқылы қамтамасыз етіледі. Дэл осы ақпараттар тірі оргнизмдердің өздігінен көбеюі мен реттелуіне демеу болады. Сол себепті тіршілік дегеніміз-көбеюмен байланысты материяның тіршілік етуінің сапалы ерекше формасы.Тіршілік құбылыстары материяның қозғалу формасы ретінде қарастырылады, ол оның тіршілігінің физикалық және химиялық формаларымен салыстырғандажоғары тұрады. Тірі организм өлі жүйе құрылатын элементтерден (оттек, сутек, көміртек, азот, күкірт, фосфор, натрий, калий, кальций жэне басқа элементтер) түзіледі. Клеткаларда олар органикалық қосылыстар түрінде болады. Бірақ тірі заттың ұйымдасуы мен тіршілік ету формасы өлі табиғат заттарынан ажыратылатын арнайы ерекшеліктерге ие болады.

Тіршіліктің негізі ретінде нуклеин қышқылдары (ДНҚ мен РНҚ) және белоктар көңіл аудартады. Нуклеин қышқылдары — өте күрделі химиялық қосылыстар, олардың құрамында көміртек, сутек, азот және фосфор болады. ДНҚ клетканың генетикалық материалы болып табылады, гендердің химиялық ерекшелігін анықтайды. ДНҚ бақылауымен белоктардың синтезі жүреді, оған РНҚ қатысады.

Белоктар да — күрделі химиялық қосылыстар, олардың құрамында көміртек, сутек, азот, күкірт, фосфор жатады. Белоктардың молекулалары мөлшерінің үлкендігімен, өте алуан түрлігімен сипатталады, олар әртүрлі ретпен полипептидтік тізбектерде қосылған аминқышқылдарынан құрылады. Клеткалық белоктардың көпшілігі ферменттерден түзілген. Олар сол сияқты клетканың құрылымдық компененттерінің рөлін де атқарады. Әрбір клетка жүздеген әртүрлі белоктардан тұрады, деседе әртүрлі типтегі клетка өзіне тән клеткаларға ғана ие болады. Осыған орай әр типтегі клетканың құрамы белгілі белок құрамымен анықталады.

Нуклеин қышқылдары да, белоктар да жеке-жеке тіршіліктің негіздері бола алмайды. Қазір тіршіліктің негізі нуклеопротеидтер деп санайды. Олар жануарлар мен өсімдіктердің клеткаларының ядросы мен цитоплазмасының құрамына кіреді. Олардан хроматин (хромосомалар) мен рибосомалар түзіледі. Олар органикалық дүниенің барлық бойында- вирустардан бастап адамға дейін — табылған. Құрамында нуклеопротеидтер болмайтын тірі жүйелер жоқ деп айтуға болады. Бірақ нуклеопротеидтер тіршіліктің негізі ретінде тек олар клеткада болғанда ғана орын алады, сонда қызмет атқарады және өзара қарым-қатынас жасайды. Клеткадан тыс (клеткадан бөліп алғанда) олар кәдімгі химиялық қосылыстар. Қорыта айтқанда, тіршілік дегеніміз, ең бастысы, нуклеин қышқылдары мен белоктардың өзара әсер ету қызметі, ал тірі зат нуклеин қышқылдары мен белоктардың көбею механизмі түрінде болатын өздігінен көбеюге қабілетті жүйе болып табылады.

Тіріден басқа «өлі зат» деген ұғымды ажыратады, ол дегеніміз нуклеин қышқылдары мен белоктарды синтездеу, яғни молекулалярлық көбею қабілетін жоғалтқан, бір кездерде тіршілік еткен организмдер жиынтығын айтады. Мысалы, бір кездерде тіршілік еткен организмдердің қалдықтарынан түзілген утас (известняк) «өлі зат» болып табылады.

Сонымен, «өлі затты», яғни материяның шығу тегі неорганикалық (абиотикалық) бөлігін ажырату керек және ол өзінің түзілуі және құрылысы бойынша тірі организмдермен ешқандай байланысы жоқ. Мысалы, неорганикалық вулкандық улытастық қабаттардан пайда болған улытас (известняк) «өлі зат» болып табылады. Өлі материяның тірі материядан ерекшелігі өзінің қүрылымдық ұйымдасуын ұстап тұра алмауында және бұл мақсаттарда сыртқы энергияны пайдалана алмауында.

Тіршіліктің негізі саналатын молекулаларды қарастырғанда олардың уақыт және кеңістік бойынша үздіксіз өзгеріске түсетінін ескермеуге болмайды. Ферменттердің кез келген субстратты әрекет ету өніміне өте қысқа мерзімде өзгерте алатынын айтсақ та жеткілікті. Сол себепті нуклеопротеидтерді тіршіліктің негізі ретінде қарастыру соңғысын өте қозғалмалы жүйе ретінде мойындау болып табылады. Тірі зат та, сол сияқты өлі зат та алғашқыда өлі болған молекулалардан құрылған. Осыған қарамастан тірі зат өлі заттан өте ерекшелінеді. Осындай өте тым ерекшеліктің себептері тірі заттың қасиеттерімен анықталады, ал тірі жүйелердегі молекулалар биомолекулалар деп аталады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>