chemistry

Тірі заттың қасиеттері

Тірі зат үшін бірқатар қасиеттер тән, олар бірігіп тірі затты тірі «етеді». Мұндай қасиеттерге өзінен-өзі көбею, ұйымдасу ерекшелігі, құрылым реттілігі, біртұтастылық және дискреттілік, өсу мен даму, зат және энергия алмасу, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік, тітіркену, қозғалыс, іштік реттелу, сыртқы ортамен қарым-қатынасының ерекшелігі жатады.

Өздігінен көбею (репродукция). Бұл касиет барлық басқаларының арасындағы ең маңыздысы болып табылады. Тамаша ерекшелігі сол, бір не басқа организмердің өздігінен көбеюі сансыз ұрпақтарда қайталанады, сонымен қатар өздігінен көбею жайындағы генетикалық ақпарат ДНҚ молекулаларында кодталған. «Барлық тірі зат тек тіріден пайда болады» деген қағида тіршілік тек бір рет қана пайда болды және содан бері тірінің бастамасын тек тірі зат береді дегенді білдіреді. Өздігінен көбею молекулалық деңгейде ДНҚ-ның матрицалық синтезі негізінде пайда болады, ол организмдерге тән ерекшеліктерді анықтайтын белоктардың синтезін жоспарлайды. Басқа деңгейлерде ол формалардың жэне механизмдердің өте алуан түрлігімен, тіпті, маманданған жыныс клеткаларының (аталық және аналық) түзілуімен сипатталады. Өздігінен көбеюдің аса маңыздылығы сол, ол түрлердің тіршілік етуін қолдайды, материяның қозғалысының биологиялық формаларының ерекшелігін айқындайды.

Ұйымдасу ерекшелігі. Бұл кез келген организмдерге тән, осының нәтижесінде олар белгілі пішін мен мөлшерге ие болады. Ұйымдасу (құрылымдары мен қызметтері) бірлігі — клетка. Өз кезегінде клеткалар арнайы ұлпаларға, соңғылары-органдарға, ал органдароргандар жүйесіне бірігеді. Организмдер кеңістікте кездейсоқ «шашылып» жатпайды. Олар арнайы популяцияларға, ал популяциялар биоценоздарға ұйымдасады. Соңғылары абиотикалық факторлармен бірге биогеоценоздарды (экологиялық жүйелер) қалыптастырады, олар биосфераның қарапайым бірліктері болып табылады.

Құрылымның реттелуі. Тірі зат үшін химиялық қосылыстардың күрделілігі, ол солардан қүрылуы ғана емес, сол сияқты молекулярлық және молекулаға дейінгі құрылымдарды түзуге алып келетін, олардың молекулярлық деңгейде реттелуі де тән. Молекулалардың ретсіз қозғалысын ретке келтіру — бұл тірі заттың молекулярлық деңгейде пайда болатын ең маңызды қасиеті. Кеңістікте ретке келу уақыт бойынша ретке келумен бірге жүреді. Өлі объектілерден ерекшелігі тірі заттың қүрылымдық реттелуі сыртқы ортаның есебінен жүзеге асады. Бұл жағдайда ортада реттелу деңгейі төмендейді.

Біртұтастылық (үзіксіздік) және дискреттілік (үзіктілік). Тіршілік біртүтас жэне сонымен қатар қүрылымы бойынша да, сол сияқты қызметі бойынша да дискретті. Мысалы, тіршіліктің негізі біртүтас, өйткені нуклеопротеидтерден түзілген, бүған қарамастан дискретті, себебі ол нуклеин қышқылы мен белоктан түрады. Нуклеин қышқылдары мен белоктар біртұтас қосылыстар, бірақта оларда дискретті, өйткені нуклеотидтер мен амин қышқылдарынан (сәйкес) түзіледі. ДНҚ молекулаларының репликациясы үздіксіз процесс болып табылады, бірақ ол да кеңістік жэне уақыт бойынша дискретті, себебі онда да эртүрлі генетикалық құрылымдар мен ферменттер қатысады. Тұқымқуалаушылық ақпараттарды беру процессі де үздіксіз, бірақ ол дискретті, өйткені транскрипция мен трансляциядан тұрады, бүлар бір-бірінен бірқатар ерекшеліктері бойынша тұқымқуалаушылық ақпаратты кеңістік пен уақыт бойынша іске асудың үздіктілігін анықтайды. Клеткалардың митозы да үздіксіз және сонымен қатар үздікті. Кез келген организм бүтін жүйе болып табылады, бірақ дискретті бірліктерден — клеткалардан, үлпалардан, органдардан, органдар жүйелерінен түрады. Органикалық дүние де біртұтас, өйткені бір организмдердің тіршілігі екіншілеріне тәуелді, бірақ соған қарамастан ол дискретті, өйткені жекелеген организмдерден тұрады.

Өсу мен даму. Организмдердің өсуі клеткалардың саны мен мөлшерінің ұлғаюы есебінен организмнің массасының артуы жолымен жүзеге асады. Ол клеткалардың жіктелуі, құрылымдар мен қызметтерінің күрделенуі нәтижесінде көрінетін дамуға ұласады. Онтогенез процесінде генотип пен ортаның әсер етуі нәтижесінде белгілер қалыптасады. Филогенез органикалық мақсатқа сәйкес өте көп алуан түрлі организмдердің пайда болуымен жүзеге асады. Өсу және даму процестері генетикалық бақылауға және нейрогуморальдық реттелуге ұшырайды.

Зат және энергия алмасу. Осы қасиеттің арқасында организмдердің ішкі ортасының тұрақтылығы және организмдердің қоршаған ортамен байланысы қамтамасыз етіледі, бұл организмдердің тіршілігін қолдайтын жағдай болып табылады. Тірі клеткалар энергияны сыртқы ортадан жарық энергиясы түрінде қабылдайды (сіңіреді). Әрі қарай клеткаларда химиялық энергия көптеген жұмыстарды орындау үшін қайта өзгереді. Мысалы, клеткалардың құрылымдық компоненттерін синтездеу процесінде химиялық жұмыстарды, клеткаларда түрлі заттардың тасымалдануын және олардан керексіз заттарды шығаруды қамтамасыз ететін осмотикалық жұмыстарды жэне бұлшық еттердің жиырылуын және организмдердің қозғалысын қамтамасыз ететін механикалық жұмыстарды жүзеге асырады. Өлі объектілерде, мысалы, машиналарда қолданылатын ішкі жану двигательдері жағдайында химиялық энергия механикалық энергияға өзгереді.

Қорыта айтқанда, клетка изотермиялық жүйе болып табылады. Ассимиляция (анаболизм) мен диссимиляция (катаболизм) арасында диалектикалық бірлік бар, ол үзіксіздік және өзара байланыстылық сипатта көрінеді. Мысалы, клеткада үздіксіз жүретін көмірсулардың, майлардың және белоктардың айналуы өзара байланысты. Клеткалардың көмірсуларды, майлар мен белоктарды сіңіргендегі потенциальдық энергиясы осы қосылыстардың өзгеруіне қарай кинетикалық энергияға және жылуға айналады. Клеткалардың айрықша ерекшеліктері сол, олардың құрамында ферменттердің болуы болып табылады. Катализаторлар болғандықтан олар реакциялардың өтуін, синтез бен ыдырауды миллион есе тездетеді, бұл кезде жасанды катализаторларды пайдалану арқылы (зертханалық жағдайларда) жүзеге асатын органикалық реакциялардан ерекшелігі клеткалардағы ферментативтік реакциялар қосымша өнімдер түзілмей-ақ жүзеге асады. Тірі клеткаларда сыртқы ортадан алынған энергия, АТФ (аденозинтрифосфат) түрінде жиналады. Шеткі фосфатты топты жоғалта отырып, бұл энергияны басқа молекулаларға бергенде орын алады, АТФ АДФ-ға (аденозиндифосфат) айналады. Өз кезегінде фосфат тобын ала отырып ( фотосинтез немесе химиялық энергия есебінен) АДФ қайтадан АТФ-ға айнала алуы мүмкін, яғни химиялық энергияның негізгі тасымалдаушысы болады. Мұндай ерекшеліктер өлі жүйелерде болмайды. Клеткалардағы зат және энергия алмасу бұзылған құрылымдарды қалпына келтіруге (алмастыруға), организмдердің өсуі мен дамуына алып келеді.

Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік. Тұқымқуалаушылық ата-ене мен ұрпақтарының, организмдердің ұрпақтарының арасындағы материалдық сабақтастықты, ал ол өз кезегінде тіршіліктің үздіксіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ұрпақтардағы материалдық сабақтастықтың және тіршіліктің үздіксіздігінің негізін ата-енелерінен ұрпақтарға ДНҚ-да белоктардың қасиеттері мен құрылымдары жайында генетикалық ақпараттар жасырылған гендердің берілуі құрайды. Генетикалық ақпараттың өзіне тән ерекшелігі оның өте тұрақты келуі болып табылады.

Өзгергіштік организмдердің алғашқы белгілерінен ерекше белгілердің пайда болуымен байланысты жэне генетикалық құрылымдарында өзгерістер болуымен анықталады. Түқымқуалаушылық пен өзгергіштік организмдердің эволюциясы үшін материал дайындайды.

Тітіркенгіштік. Тірінің сыртқы тітіркенгіштерге беретін жауабы тірі материяға тән бейнелеудің көрінісі болып табылады. Организмнің немесе оның органының жауап беруін тудыратын факторлар тітіркендіргіштер деп аталады. Олар жарық, орта температурасы, дыбыс, электр тоғы, механикалық әсерлер, қоректік заттар , газдар, улар және басқалары.

Жүйке жүйесі жоқ организмдерде (қарапайымдылар мен өсімдіктер) тітіркендіргіштік тропизмдер, таксистер және настиялар түрінде, ал жүйке жүйелері бар организмдерде тітіркендіргіштік рефлекторлық іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Жануарларда сыртқы әлемді қабылдау алғашқы сигналдық жүйе арқылы орындалса, адамдарда тарихи даму процесінде және де екінші сигналдық жүйе қалыптасты. Тітіркену арқасында организмдер ортамен тең болады. Ортаның факторларына таңдап жауап беру арқылы организмдер ортамен өзінің қатынасын «белгілейді», нәтижесінде орта мен организмнің бірлігі орын алады.

Қозғалыс. Барлық тірі заттар қозғалу қабілетіне ие. Көптеген бірклеткалы организмдер ерекше органоидтардың көмегімен қозғалады. Қозғалуға сол сияқты көпклеткалы организмдердің клеткалары да ( лейкоциттер, кезеген дэнер ұлпалы клеткалар және басқалары), сонымен қатар кейбір клетка органеллалары да қабілетті. Кемелденген қозғалу реакциясына көпклеткалы жануарлар организмдері жеткен, оның мәні бұлшық еттердің жиырылуы болып табылады.

Ішкі реттелу. Клеткаларда жүретін процестер реттелуге ұшыраған. Молекулярлық деңгейде реттеуші механизмдер қайтымды химиялық реакциялар түрінде жүзеге асады, олардың негізін ферменттер қатысатын реакциялар құрайды, олар реттеуші процестердің тұйықтылығын синтез- ыдырау- ресинтез үлгісі бойынша жүруін қамтамасыз етеді. Белоктар синтезі, ферменттерді қоса, репрессия, индукция жэне позитивтік бақылау механизмдерінің көмегімен реттеледі. Керісінше, ферменттердің өздерінің белсенділігін реттеу кері байланыс принципі бойынша жүреді, оның мәні — соңғы өнімді ингибринттеу. Ферменттерді химиялық жолмен реттеу де белгілі. Клеткалардың белсенділігін реттеуге химиялық реттелуді қамтамасыз ететін гормондар да қатысады.

ДНҚ молекуларының физикалық немесе химиялық факторлардың әсерлерінен болған кез келген зақымдануы бір немесе бірнеше ферментативтік механизмдердің көмегімен қайтадан қалпына келуі мүмкін, бұл өзін-өзі реттелу болып табылады. Ол бақылаушы гендердің әсері есебінен қамтамасыз етіледі және өз кезегінде генетикалық материалдың және онда кодталған генетикалық ақпараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сыртқы ортамен қарым-қатынасының ерекшелігі. Организмдер белгілі бір жағдайлары бар ортада тіршілік етеді, ол организмдер үшін бос энергия және құрылыс материалының көзі ретінде қызмет атқарады. Термодинамикалық ұғымдар шегінде әрбір тірі жүйе (организм) «ашық» жүйе болып табылады, ол басқа организмдер мен тіршілік ететін және абиотикалық факторлар әсер ететін ортада өзара энергия мен зат алмасуға мүмкіндік береді. Яғни организмдер бір-бірімен ғана өзара эрекеттесіп қоймайды, сонымен қатар тіршілік үшін барлық қажетті заттарды алатын ортаменде қарым-қатынаста болады. Организмдер не орта іздейді немесе оған бейімделеді. Бейімделу эрекеттерінің формалары физиологиялық гомеостаз (организмдердің орта факторларына қарсы тұру қабілеттілігі) және даму гомеостазы (организмдердің басқа барлық қасиеттерді сақтай отырып жекелеген эрекеттерді өзгерту қабілеттілігі) болып табылады. Бейімделу әрекеттері генетикалық жағынан анықталған және өзінің шекаралары бар реакция нормасы бойынша анықталады. Организмдер мен орта, тірі және өлі табиғат арасында бірлік болады, оның мэні организмдер ортаға тәуелді, ал орта организмдердің тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде өзгереді. Организмдердің тіршілік әрекеттерінің нәтижесі бос оттек бар атмосфераның жэне топырақ жамылғысы бар Жердің пайда болуы, тас көмірдің, шымтезектің, мұнайдың және т.б. түзілуі болып табылады.

Тірінің қасиеттері жайындағы деректерді қорытындылай келе, клеткалар өздігінен жинақталуға, іштей реттелуге және өздігінен көбеюге қабілетті изотермиялық жүйелер деп есептеуге болды. Бұл жүйелерде клеткалардың өздерінде синтезделетін ферменттердің дәнекерлігімен көптеген синтез және ыдырау реакциялары жүзеге асады.

Жоғарыда айтылған қасиеттер тек тіріге ғана тән. Осы қасиеттердің кейбіреулері өлі табиғат денесін зерттеген кезде де табылады, бірақ соңғыларында олар мүлдем басқаша ерекшеліктерімен сипатталынады. Мысалы, қаныққан тұз ертіндісіндегі кристаллдар «өсуі» мүмкін. Деседе, бұл өсу тірі заттың өсуіне тән сапалық және сандық көрсеткіштерге ешқандай қатысы жоқ. Тіріні сипаттайтын қасиеттердің арасында диалектикалық бірлік болады, ол барлық органикалық дүниенің барысында, тірі организмнің ұйымдасуының барлық деңгейінде уақыт және кеңістік бойынша көрінеді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.