iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Шығыс және Батыс философиясы

Бұл мәлімет 1 084 рет қаралды

К.Маркс кезінде: «Философиялық жүйенің дүниемен байланысы рефлексияның байланысы болып табылады» деп жазған еді. Философия өзінің мән-мағынасы бойынша адамның Әлемдегі болмысынын дүниетанымдық, дүниемен байланысының әмбебап сыни рефлексиясы болып табылады. Жалпы түрде ол рефлектілеуші, ой толғайтын дүниетаным ретінде белгілене алады. Ол өз ішінде Әлем, Адам және олардың өзара қарым-қатынасы болып келетін дүниетанымдық, дүниемен байланысқа катысты сюжеттерге ерекше мән беріп, тақырыпқа айналдырады және проблемаларын карастырады. С.Л.Рубинштейн айтып кеткендей, «мәселе әлеммен өзара қарым-қатынас ішіндегі адам туралы ғана емес, сондай-ақ обьективті қарым-катынас ретінде адаммен бірге қарым-қатынас ішіндегі әлем туралы да болып тұр».

Бұл жүйе ретІндегі философияның негізін қалаушы бөлімдері Әлем туралы ілім (батыс дәстүрінде онтология ретінде белгіленген) және Адам туралы ілім (антропология). Оның тарих философиясы, әлеуметтік философия, білік туралы ілім сияқты бөлімдері және басқалары — осы онтология мен антропологияға — негізделеді (негізделуі тиіс). Оған қоса, онтология мен антропологияның арақатынасы мынадай. Олардың екеуі де, әрине, өздерінің пәндерін жалпыға бірдейлік дәрежесінде ұғынады және сипаттайды. Алайда, онтология Әлемді болған күйінде өздігінше бейнелеуге тырысса, философиялық антропология жағымды ғылым сияқты Адамның болған күйіндегі көрінісін жасаумен шектелмей Адамның қандай болуы тиіс екендігін де бейнелейді. Адамның жалпы мән-мағынасына, оның қолда бар болмысына қанағат тұтпай, ол кандай да бір идеал, Адам эталонын, Кемел Адамның өзіндік моделін шығарады. Осылайша философия тек қана ағартушылық емес, сонымен бірге тәрбиелік, адамды қалыптастырушы қызмет атқарады. Философия өзінің Әлем туралы және Әлемдегі Адам туралы, Әлемнің Адаммен және Адамның Әлеммен байланысы туралы ілімімен эмпирикалық адамға соншалықты жалпылама тұрмыстық, дүниетанымдық-дүниеге көзқарас бағдарлары мен императивтерге жөн сілтейді, осылайша тікелей немесе жанама түрде оның кемелденуіне үлес қосады. С.Л.Рубинштейн былай деп жазды: «Болмысқа, Жиһанға деген дұрыс көзқарас — бұл ірі тұлғалы адамды калыптастырады, адамның өмірінде өресі биік, қаһармандық негізін қалайды». Жөні түзу (шынайы) философия дегеніміздің өзі Адамның Әлемге, осылайша — басқа адамдарға және өзіне деген түзу көзқарасын ынталандыратын философия болса керек.

Алайда, мынадай сұрақ туындайды: біздің ғаламшарымызда осындай философия болды ма немесе бар ма? Бұл жерде әңгіме, әрине, — И.Канттың сипаттамасын қолданатын болсақ, философияның «мектептік ұгымы » туралы емес, «әлемдік ұгымындағы » философия, яғни өзінің ұғымы мен мағынасына сәйкес философия туралы болып отыр. Бүкіләлемдік философия мен оның тарихына көз жүгіртудің өзі бұған бір ауыздан жағымды жауап беруге мүмкіншілік бермейді. Ең алдымен, көзге түсетін нәрсе: философия өзінін пайда болған уақытынан бері «қандай да бір біртұтастықтан мақұрым болды, ол бір-бірін мойындайтын сан алуан бөлек жүйелер түрінде көрініс табады…». Бұл, әлбетте, шығыс философиясына емес, Сократқа дейін болған философтардан бастап, қанша философ болса, сонша философиялық ілім болған батыс философиясына катысты. Әрине, бұл жерде әңгіме оның сан алуандығында емес. Әңгіме бұл әр түрлі философиялық жүйелердің өзегінде қандай да бір — қатаң болмаса да — әлемнің біртұтас образы болып табылатын терең негіз жатыр ма немесе жок па, сол жайлы осыған сүйеніп, (анық немесе анық емес) нақты философия өзінің ғимаратының барлык қабаттарын кұрайды. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, әлемді түсінумен Адамды, оның онтологиялық мәртебесін, мән-мағынасын, Әлемдегі болуы керек болмыстың әдісі, өмірдің мағынасы, белгісі және с.с. түсіну тығыз байланысты. Әлемдік философияға көзқарас философиялық ілімдерде Әлемнің мән-мағынасын қандай да бір ортақ түсінудің жоқ екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Барша сан алуан әлем туралы философиялык (оның ішінде діни-философиялық та бар) ілімдерді бастапқыда екі ірі — Шығыс және Батыс — типке бөлуге болады. Бұл жерде бүкіл дәуірлердің жалпы әлем философиясы туралы айтып отырғанымыз жок, біз небәрі философияның алғашқы адымдары туралы сөз қозғап отырмыз. Тарихи тұрғыдан алғанда, философияның пайда болуы ғаламшарымыздың үш аумағыңда: Шығыста — Ежелгі Үндістан және Ежелгі Қытайда, батыста — Ежелгі Грекияда шамамен бір уақытта жүзеге асты (К. Ясперстің бұл дәуірді «осьтік дәуір» деп атағаны белгілі). Дәл осы дәуірде әу бастан-ақ бұл жерде Әлем туралы ілімнің екі негізгі типі (төменде олардың үшеу екендігі ортаға шығады) қалыптасты (және олардың негізінде — Адам туралы ілім), олар Шығые пен Батыстың кейінгі философиялық ілімдері үшін өзіндік ерекшелігі бар жоғарғы парадигмалар болды. Бұл соңғыларының сан алуандығына, өзара әсерлесулеріне, синтезіне, нақтылыктарға, дамығандығына т.б. қарамастан, олардың барлығы негізінен бастапқыда белгіленген философиялық-дүниетанымдық жоғарғы парадигмалардың параметрлеріне сай келеді және сондықтан да солардың біреуін жақын көреді.

Сонымен, ең алдымен біз Шығыс философиясы мен Батыс философиясын былайғы нақтыландырусыз бөліп аламыз. Бірақ бұл философияларды олардың Әлем туралы ілімдері тұрғысынан қарастыруға көшпестен бұрын мынаны ескеруіміз керек: пайда болған бұл (үш, төменде осылай көрсетіледі) философияның әр-қайсысына әу бастан-ақ түрлі дүниетанымдық параметрлер бөліп берген, олардың әрқайсысына бір мезгілде өзінің жолымен жүре тұруына рұқсат берген өзіндік ерекшелігі бар философиялық дүниетанымдық сынақ жасаған жоғарыда біреу бар-ау деген қиялға ұрыну қиын емес.

Э. Жильсонның мынадай сөзі бар: «Егер екі философиялық доктрина болмысты екі түрлі түсінетін болса, демек олардың арасында ортақ еш нәрсе жоқ деген сөз». Алайда философиялық доктриналарды салыстыру және ажырату үшін ең маңыздысы олардың бейболмысты және оның Болмыспен ара қатысын түсіну болып табылады. Дәл осы негіз бойынша Шығыс философиясы мен Батыс философиясы әу бастанақ ерекшеленеді.

Шығыс философиясы бойынша (бұл ең алдымен: Ежелгі Үндістанда — Упанишад философиясы, сондай-ақ астика философиялық мектептері; Ежелгі Қытайда — Дао, неоконфуцизм философиясы және иньян мектебінің философиясы) Әлем (Космос, Универсум, Жиһан) екі дәрежеге және екі бар болу әдісіне — жалпы айтқанда — Бейболмыс пен Болмыс — ие. Қазіргі заманғы теософия тілімен айтқанда, олар тиісінше көрсетілген және көрсетілмеген дәреже деп аталады. Оған қоса, көрсетілмеген әлем ықылым заманнан бері бастапқы және мәңгі мән-мағына деп есептеледі; ал көрсетілген әлем екінші дәрежелі, көрсетілмеген әлемнен туындаған әлем болып есептеледі, ол кеңістікте және уақытта шектеулі. Әлем әу бастан Бейболмыс ретінде бар, сосын Болмыс ретінде көрініс табады, содан кейін Бейболмысқа, көрсетілмеген күйге қайта оралады.

Ежелгі Үндістанда Веди дәуірінде Болмыс пен Бейболмыс тиісінше сат және а-сат деп аталды. «Ригведада» Әлемнің күйі көрінген сәтке дейін мынадай етіп сипатталады: «Нағыз емес жоқ еді, ол кезде нағыз да жоқ еді». Яғни, бұл мәтін бойынша Бейболмыстың баяндауышының өзі Әлемнің тиісті (бастапқы) дәрелсесі тек көріну әрекетінен кейін ғана, яғни Болмыстың пайда болуымен бірге көрініс табады. Бұл жерде де сол логика бар, ол логика бойынша баласы әкесін туады. «Упанишадта» Бейболмыс Брахман деп аталады. Осылайша, «Брихадаранька упанишадта» былай делінген: «Брахманның екі образы бар: іске асқан және іске аспаған, фәни және бақи, қозғалыссыз және қозғалыстағы, өмір сүретін және шынайы». «Шынында да, — делінген ол жерде, — ол әу баста Брахман болған». Ежелгі Қытай философиясында көрсетілмеген Әлем басқаша аталады: Хаос, Ұлы бостық, Шексіздік, Сырлы, Жоқтық және Болмыс. Чжуан-цзы былай дейді: «Бастапқының ең басында Жоқтық болды, оның не қасиеті, не атауы жоқ болды. Одан Біртұтастық пайда болды». Біртұтастық — бұл Ұлы шек (тай цзи). Одан бұрын Лао-цзы былай деген болатын: «Әлемде барлық нәрселер болмыста пайда болады, ал болмыс бейболмыстан туындайды». Немесе, мысалы, Гуань-цзы «бостық барша нәрселердің негізі болып табылады» дейді.

Осылайша, Болмыс, Болмыс әлемі Шығыс философиясы бойынша Бейболмыстың туындауы. Демек, бұл философия бойынша, Бейболмыс (Хаос) креативтік қуатқа ие, сондықтан да ол әбден жағымды. Сондықтан («Жоқтан ештеңе пайда болмайды») дейтін белгілі батыс философемасы шығыс философиясы үшін релевантты емес. Оған. мына («Жоқтан барлығы пайда болады») философемасы релевантты. Сондықтан бейболмыс Шығыс философиясы бойынша, негізінде, болмысты теріске шығару емес, қайта керісінше оны мәлімдеу болып табылады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>