iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Шоқан Уәлиханов туралы слайд

Бұл мәлімет 3 770 рет қаралды

Слайд тақырыбы: Шоқан Уәлиханов туралы. Слайд 17 беттен тұрады. Бұл слайдта жалпы Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны, балалық шақтары, шығармалары туралы мәліметтер бар. Шоқан Уәлиханов — 1835 жылы Қостанай облысындағы Сарыкөл деп аталатын ауданында туылды. Ол бала кезінен — ақ хат танып, кітап оқуға, білімге құшта болып өседі. Шоқан Уәлихановтың шын аты Мұхаммед Қанафия. Қазақ халқының атақты ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Апасы жастайынан Шоқаным деп еркелеткеннен, «Шоқан» атпен белгілі болған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жылардағы Аманқарағай дуанының аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын түрмесіне өткеннен кейін дуан есімін Құсмұрын болып өзгерткен болатын. Шоқанның өзінің атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Шоқан Уәлиханов туралы презентация. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жаз кезінде Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашып берген ауылдық мектепте хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілдерін жақсы үйренеді, парсыша, арабша тілдерін меңгеріп шығады.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>