iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Шамғон Қажығалиев

Бұл мәлімет 228 рет қаралды

Шамғон Қажығалиев Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында 15.06.1927 жылы туды. 1950 жылы Алматының Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық музыка аспаптары факультетін музыка өнерінің дүлдүлдері — Шамғон Қажығалиев, Фуат Мансұров, Фатима Балғаева, Хабидолла Тастанов, Болат Сарыбаевтар бітіріп, үлкен жолға шықты. Академик Ахмет Жұбанов Қазақтың ұлт аспаптары оркестрін ұйымдастырғандығы бәрімізге белгілі. Ұлы ұстаз Шамғонды консерваториядағы студент кезінде-ақ домбыраны ұршықтай иіріп тамаша орындауынан танып, білді. Сол шақтың өзінде-ақ Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық ас паптары (АХА) оркестрінде ойнай бастағанды, одан әрі А. Жұбановтың қалауымен студенттік оркестрдің ассистенттігін атқарды.

1976-87 жылдары Қазакстанның Мәдениет министрлігін басқарған Жексенбек Еркінбеков Шамғон Қажығалиев туралы: «Қазақ музыка өнерінің тамаша тамыршысы Ахмет Жұбанов оның орындаушылық шеберлігіне, теориялық терең біліміне мұнтаздай мығым, ойында да, бойында да қылаудай мінсіз шәкіртіне тәнті еді. Өз перзентіндей оркестр тағдырын аманат ету сәті туғанда Ахаң сеніммен Шамғонды ғана таңдады. Ол 1964 жылы Ленинград мемлекеттік консерваториясының опера-симфония дирижері, профессор Э.П. Грикуровтың класында музыкалық білімін жетілдірді. Оған оркестр тізгінін біржолата тапсырды», — деп жазды.

Шамғон Қажығалиев бүл оркестрді 1952 жылдан бастап, жарты ғасырдай басқарды. Жиырма алты жастағы Шамғон Сағадинұлы оркестрді Румыния астанасы Бухаресте еткізілмек IV Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестиваліне бастап апарды. Сонда 10-нан астам елдің ұлт аспаптар оркестрінің ортасынан топты жарып, сәйгүліктей озып шығып, бірінші орынға ие болмасы бар ма! Жексенбек Еркінбеков ойын жалғастырып: «Міне ғажап! Бүл — Қазақстан өнер ұжымының халыкаралық деңгейдегі тұңғыш жеңісі! Барша дүниені түгел мойындаткан үздік жетістік еді. Ең соңында Бухарестің 30 мың орындық стадионында Құрманғазының «Сарыарқа» күйі шиыршық атып, самғай жөнелді. Стадионға жиналғандар дүркіреп қоя берді. Маған қазақ оркестрі бүкіл планета халқын шырт ұйқыдан оятып, орындарынан атып-атып тұрғызғандай әсер етті», — деп тамаша сөздермен есіне алғанды.

Осы жолы Шамғон Қажығалиевке және Ермек Серкебаевқа фестивальдің алтын медалі тапсырылды. Бұл Шэкеңнің элем үстіндегі алғашқы жеңісі алдағы жылдарда да жалғаса берді. Өнерін әрі қарай шыңдау мақсатымен Ш.С. Қажығалиев 1960 жылы Ленинград консерваториясына түсіп, оны үздік аяқтаған соң өзінің бұрынғы жұмысына оралды. Оның дирижерлігі тек қана Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы АХА оркестрімен шектеліп коймай, оған коса Қарағандының Тәттімбет атындағы ұлттык халық аспаптары және ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрінде жалғасын тапты (1950 — 60, 1964-68 жылдар).

Музыкатанушы Тілеутай Ыбыраев «Ұлы дирижер» атты мақаласында: «Бұл ұжымдар пәрменді көркемдік ізденіс үстінде, әлемнің және Отандық классикалық музыканы игере түсіп, алғы шептегі әншілерімен бірлесіп, қандай да болмасын өнерде батыл түрде шебер класстардың эксперименттік интерепретациялау биігіне көтерілген тамаша орындаушылык оркестр катарында», -деп жазды.

Ол Ленинград консерваториясындағы оқу жылдарынан кейін Алматы консерваториясында оркестрді дирижерлеу кафедрасын құрды. Оның шәкірттері: К.Ахмедияров, Д.Тұяқбаев, А.Жайымов, Р.Еабдиев, У.Ғұбайдуллин, П.Момынов, М.Әубәкіров, Д.Ботабаев, доцент Ж.А. Бегендік, доцент Ж.Бекентүров, С.Ұнайбеков, моңғолдық Оюна Цегалман, қытайлык Хэ У Ци, ветьнамдық Цень Мин, қырғызстандық профессор Аскеев және т.б. ҚР халық әртісі, композитор Базарбай Жүманиязов: «Шынында да Шамғон ағамыз музыка өнерінің жетілген майталманы, майын тамызған әмбебап шебері. Оның ойы, дүниетаным көзкарасы аузымен құс тістейді дейтіндердің алдын да оп-оңай орап келіп жатады. Алдындағы ағалары да, қатарлас құрбылары да, кейінгі біздер де мұны әлдеқашан мойындағанбыз. Шәкең мұңы әдептен аспайтын сырбаз, қарапайым қалпымен-ақ мойындатқан. Ағаның азаматтық бейнесін, өнердегі толымды тұлғасын ашық үнмен жарқырата ашып, айшыктап көрсетуге ұмтылып, поэма жаздым. Бір поэмамды Шәкеңе арналғанын жұртымыздың жадында тұтқаны ғанибет», — деп інілік ақ-жарқын пейіл-құрметін білдіре келіп: Қазақтың мемлекеттік Қүрманғазы атындағы АХА оркестрімен Шәкеңнің біте кайнауы — өнер тарихындағы ерекше күбылыс. Қазак өнерінің маңдайына біткен Ахмет Жұбановты пен Шамғон Қажығалиевті бақ жұлдыздары, әулиелер десек бек жарасады», — деп «Үлкен жолдың үстінде» атты мақаласында тебірене сөз етті.

Қобыздың, домбыраның үні арқылы қазақтың байтақ даласын, биік тауларын елестетті. «Сарыарқа», «Адай», «Серпер», «Алатау» және өзге де күйлер үлкен шеберлікпен, сүйіспеншілікпен оркестрде Шамғон Қажығалиевтің басқаруымен орындалуы өнердің тұңғиық сырлы, мол бояулы күйімен, үйір-үйір жылқы тұяқтарының дүбірін кез алдымызда көрсете алды.

Шамғон «Абай» жэне «Қыз Жібек» операларын, Г.Свиридовтің «Кура әндері» атты кантатасын, Қүрманғазы атындағы оркестр үшін үш мыңға жуық элем халықтарының шығармаларын оркестрге оңтайлап өңдеді. Сондықтан бұл оркестрдің репертуары жанр жағынан өте бай. Олардың диапазоны — кішігірім пьесалардан салмақты симфониялық шығармаларға дейінгі аралықты қамтыған; ариялар, күйлер, опералық бөлшектер, вокалдық хорға арналған шығармалар бәрі сэнді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның ұстазы Айтжан Тоқтаған: «Ұлтымыздың руханияттарына, өнер-білім, мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісіне оймен шолу жасағанда, арғы-бергі алыптар бейнесі жарқырап, жайнап көз алдымызда түрады емес пе?! Жарты ғасырдан астам уақыттан бері халқымыздың қастерлі музыка өнерінің алтын шашағын эсерлеп, қажымай-талмай, үздіксіз өрге суйреп келе жатқан Шамғон Қажығалиевті де элбетте кесек түлғалар шоғырынан көреміз. Елі, жүрты мүны жақсы біледі. Дауылпаз Түркеш, майталман жорға Мәмен, екі дүниенің қүпиясын он саусағымен үйірген дүлдүл Дина, сері Сейтек бәрі де Жаңақала өңірінен, Нарын бөктерінен. Ал олардан берірете өр мінезді Уакап, ұлағатты Лұқпан Мұхитов, күй керуенінің бұйдасын ұстаған Науша және Махамбет Бөкейханов, сыбызғышы Ысқақ Уалиев, домбырашы Смағұл Көкешев, қыр-сырына киял жетпес Қали Жантілеуов, алдыңғылардың ізін баскан Шамғон Қажығалиев өскен аймактың түлектері», — деп «Талғампаз дарын» атты мақаласында келтірді.

Шамғон Сағаддинүлы Батыс Қазакстан облысының Жаңақала ауданында 1927 жылдың 15 мамырында туды. Ол туған елді мекен Жайық пен Еділ өзендерінің аралығында орналасқан. Оның атасы Сағаддин XIX ғасырдың аяқ тұсында Меккеде кажылығын өтеген. Ұлының атын Қажығали, ал немересін Шамғон деп атады. Бұл есім Сирияның батысындағы өзі қатысқан Шам (Хама) каласына ұйқастырып қойылған.

Шамғон сәби кезінде ерекше қасиетке ие болып өсті. Ол төрт жасында өзі естіген музыкалық әуенді бұлжытпай жадында қағып алып, сақтай білетіндігі әкесін таңқалдыра бастады. Сағаддин Шамғонды 1931 жылы түйе қомының үстіне міңгізіп аңызды-домбырашы Шохатқа аттанады. Қонақтарды қуана қабылдаған Шохат қазақтың шай дастарқаны жанында әңгіменің басын қайырды. Шамғонды бұл құрметті кісінің әңгімесі қызықтырды. Ол әкесін күйші-шеберге шағын домбыраны жасатып алуға көндірді. Осы домбырамен Шохаттан естіген «Мүстіәлі» күйі — Шамғон өмірінде сүйсіне алғаш орындаған күйі еді.

Шамғон жастайынан ата-анадан айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді. Жаңақала ауданының орталығы Новая Казанкада музыка ұйымы жұмыс істейтін. Соған қатыса бастаған Шамғон балалайкада, мандолинде, гитарада ойнап үйренеді. Ол 10 жасында облыстың балалар олимпиадасының жеңімпазы атанды, оған домбыра сыйланды. Шамғонды енді скрипка аспабында ойнау қызықтыра түсті, фортепиано ойнауды өз еркімен игере бастады. 1947 жылы әйгілі Ығылман Әлжанов, Әлмүрат Өтеғүлов, Қажым Қабиев, Хабиболла Тастанов, Рүстембек Омаров, Нұрғиса Тілендиев ат салыскан жарыста Шамғон Қажығалиев бас бәйгені жеңіп алады.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның профессоры Айтжан Токтаған «Талғампаз дарын» атты естелігінде: «Домбырашы, скрипкашы ретінде сол кезде үздік орындаушының нұрлы тағдыры алда тосып тұрғаны еш күмәнсіз еді. Алайда уақыттың талабына, қазақ қоғамының қажетсінуіне орай бағытта дара орындаушылықтан ұжымдық орындаушылардың қолбасшылығына қарай кілт бұруға тура келді… Тумысынан тоқмейілсуді білмейтін Ш.Қажығалиевтің бүдан кейінгі ұзақ өнер жолы ұдайы ізденістен, жарқыраған жаннатқа, інжу-маржандарға ұмтылудан ғана өрілді», -дейді.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>