iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл мәлімет 355 рет қаралды

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Семей облысында дүние келген. Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайдан кейінгі ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілі, ойшыл ақын, жазушы, философ, тарихшы, сан қырлы талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылық мұралары жөнінде алғаш рет монографиялық деңгейде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тұңғыш докторлық диссертация қорғаған белгілі Шәкәрімтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы профессор Балтабай Әбдіғазиұлының бұл еңбегінде Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығына негіз болған әдеби дәстүрлердің түп төркініне барлау жасалып, Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзия, проза, көркем аударма саласындағы суреткерлік тұлғасы, әр жанрдағы туындыларының көркемдік бояуы, тақырыптық бағдары, қайталанбас қырлары ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданады.

3f2be57d56ca17f389e400f1f6af22c4_MШәкәрімнің ақындык әлемі, жазушылық әлемі, аудармашылық әлемі, философ, тарихшы ретіндегі әлемі тұтас көркемдік-эстетикалық құбылыс дәрежесінде тұңғыш рет қарастырылып отыр. Ғасырлардың талай сырын санасында сақтап, сан алуан сын белестерден өткен қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған соңғы жиырмашақты жылдың көлемінде ұлттық рухани дамуымызда бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Бұрын жоғалтып алған, яки жоғалта жаздаған асыл қазыналарымызды қайта таптық, ошкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Соның нәтижесінде жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақтың ұлттық сілкініс дәуіріндегі Әлихан Бөкейхановтар бастаған зиялы қайраткерлерімізбен қайта табыстык, олардың мұраларын ұлттык игілігіміз деп бағалау бақытына ие болдық. Осы қатарда ұлттык әдебиетіміздің тарихында мәртебесі әрдайым биік саналатын Шәкәрім Кұдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды арыстарымыздың есімдері қайта жаңғырып. олардың өлмес-өшпес мұралары туған халқының назарына ұсынылды. Шығармалары жеке-жеке кітап болып басылып шықты. Олардың шығармашылығы жөнінде жан-жақты зерттеу, зерделеу жұмыстары колға алынды. Жиырмасыншы ғасырдың соңын ала болған қоғам санасындағы сілкініс бұдан былайғы жерде бүгін тапқанымыз бен танығанымызды ғана қанағат тұтып отыруға болмайтынын ұқтырды. Ұзак уақыт орнығып келген қоғамдық қасаң көзқарасты жаңартуға мүдделі етті. «Ақтаңдақ» саналып келген тарихи кезеңді, ондағы әдеби мұраларымызды байыппен саралап, тереңдей зерттеп, ақиқаттың алақанына салу қажеттігін алға тартты. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,»- деп ұлы Абай айтқандай, ортамызға қайта оралған асыл мұраларымыздың қадір-қасиетін барынша ұға білумен қатар, оларды көпшілікке ұқтыра білудің маңызын бірінші кезекке шығарды. Соның нәтижесінде коммунистік идеология құрсауының қасаң сеңі сөгілген өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап қазақ ғалымдары осынау мәртебелі міндетті атқаруға белсене кірісті. Тарих өлшемімен безбендегенде айналасы азғантай уакыттың ішінде осынау ақтаңдақтар ақиқаты бірқатар зерттеу жұмыстарына арқау болып үлгірді, олардың табиғатын таразылап берген ғылыми тұжырымдары мол көптеген дүниелер өмірге келді. Шәкәрім Құдайбердіұлы әдеби мұрасы осылайша өзінің көзі тірісінде де, одан кейінгі идеологиялық құрсау заманында да белгілі-бір дәрежеде тасқа басылып, көпшілікке жетіп жатты. Ақын шығармашылығының тағдыры қаншалықты қатаң қыспақты, шытырман шектеулерді бастан кешіргенімен оның ойлы да көркем жыр жолдары, өмір даналығын бойына мол дарытқан дастандары, өзге де өрелі туындылары халықтың жүрегінен алыстаған жоқ. 1988 жылға дейін созылған сұм пиғылды(түпкі мақсатына үңілсек бұдан басқаша айта алмасақ керек) саясаттың салқыны сұңғыла ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы есімін қанша бүркемелеп, «құр құдыққа» қамап келсе де, ақын жырларының табиғатынан ұшқындаған оттың алауын өшіре алмады. Ал тәуелсіз заманның лебі есіп, парасат дәуірі туған сәтте ол алау бар қуатымен рухани әлеміміздің шалқарына шалқып көтеріліп шыға келді. Ақынның шығармалары бүгінгі күнге дейін бірнеше жинақ болып жарық көрді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы мұрасы — айдыны да, арнасы да кең дүние. Өзінің жарты ғасырдан астам уақыт кеңістігіндегі шығармашылық жолында ол әдебиеттің барлық жанрларында еңбек етті. Салмақты да сүбелі туындылар тудырды. Ол Абайдың маңында топтасып, ұлы ақыннан шығармашылық шабыт дарытқан, өнеге үйренген талантты шәкірттердің алдыңғы қатарында болды. Абай талантының алтын бесігінде тербеліп ержеткен Шәкәрім Құдайбердіұлы ақынның мұралары өз заманынын үнін көтерді, сөзін сөйледі, тынысын танытты. Қай жанрда, қандай тақырыпта қалам ұстаса да Шәкәрім Құдайбердіұлы өз туындысына таңғы шықтай мөлдіреген шындық пен шыңыраудай терең ой дарыта білді. Шәкәрім Құдайбердіұлы ақындық, суреткерлік тұлғасы бірден туып, аз уақыт ішінде сомдала қалған жоқ. Оның жүрегіндегі шабыттын шоғын үрлеген, тума талантына түрткі болып қозғау салған, шығармашылығына нәр берген берекелі бастаулар мол болды.

Әлбетте жоқтан бардың тумайтыны мәлім. Тарам-тарам жайылған тамыры жоқ бәйтеректің әуелей бой көтермейтіні секілді, шығармашылық ой мен талант та тақыр жерге, құнарсыз топыраққа негізсіз біте бермесе керек. Қандай қаламгер болсын, өзінің алдындағы асыл қазыналарды ақтарып, солардың үздігінен үйренеді, озығына орай алға кадам басады. Әдебиеттегі дәстүр мен жалғастык ұғымдарының сабактастығы дегеніміз осы. Өткенге көз салмай, халыктың сан ғасырлык тарихи ілгерілеу жолында тірнектеп жинаған рухани маржандарынан нәр алмай, ұлттың эстетикалык ой-парасатынын  кәусар  бұлағынан  сусындамай  тұрып,  ешбір  қаламгер көркемдік айдынында енселі желкен көтере алмаса керек. Көркемдіктін өзі шын мәнінде озық дәстүрлердің көрігінде шыңдалып, талант қайнарына суарылғанда ғана жарқырай көрінбек.

 

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>