iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Сервистік қызмет көрсету түсінігі мен түрлері

Бұл мәлімет 409 рет қаралды

servixde-5

Сервистік қызметтердің кешені туралы шешімдер. Негізгі қызметтерді ұсынуда тұтынушыларды зерттеу керек, оларға қандай қызмет түрін ұсынудың маңыздылығын анықтау керек. Мысалы, өнеркәсіптік жабдықтың канадалық сатып алушылары сервистің 13 факторын атады. Сервис деңгейі. Тұтынушыны қызмет сапасы қызықтырады, егер банкте клиенттерге ұзақ кезектер болса немесе жабырқаулы қызметшілер немесе кассирлермен қатынасуға тура келсе, олар банкті алмастыра алады. Табиғи өнімдер ұсынысы шектеулі. Тек қана ірі өндірушілердің азғантай бөлігі тауарларды тікелей өнеркэсіптік тұтынушыларға сатуға ұмтылады. Жеткізулер әдетте ұзақ мерзімді шарттардың негізінде іске асады. Тауардың сенімділігі және бағалары жеткізушілердің таңдауына ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады.

Шикізаттар және бөлшек заттық компоненттер — бұл иірілген жіп, цемент, жалға беру, немесе комплект жасайтын бүйым — электр қозғағышы, дөңгелек, құйма да болады. Материалдық компоненттер, әдетте кейін өнделіп қолданылады. Мысалы, шойын болатқа, иірілген жіп матаға айналады. Жиынтықтаушы бұйымдар түпкілікті өнімнің кұрамына еш өзгеріссіз кіреді. Көбінесе материалдық компоненттер және жиынтықгаушы бұйымдар олардың өнеркәсіптік тұтынушыларына тікелей сатылады және де жабдықтауға тапсырыстарды көбіне алдын ала орналастырады. Осы жағдайда баға және сервистер маркетингтік есеп болып табылады.

Күрделі мүлік дегеніміз өндірісте біртіндеп қолданылатын тауарлар. Күрделі мүлікті стационарлық ғимараттар мен жабдықтарға, сонымен бірге қосалқы жабдықтарға бөлуге болады. Стационарлық ғимараттарға құрылыс және зауыттар, әкімшілік ғимараттар жатады. Қосалқы жабдықтар қол аспабы, автотиегіштер, кеңсе жабдықтары, жазу столдары, дербес компьютерлерден тұрады. Бұл жабдықтар өндіріс процесіне көмектеседі. Нарық болғандықтан географиялық сатып алушылар аса көп өндірушілерді пайдаланады. Сатушылар мен агенттер жарнамаға қарағанда үлкен рөлді ойнайды. Қосалқы материалдар мен қызметтер өнім өндіруде тікелей қолданылмайды. Бұл жұмыс материалдары-техникалық қызмет көрсету жэне жөндеуге арналған материалдар, бояулар, шегелер, қарындаштар, жазу қағаздары жэне жағатын майлар. Қосалқы материалдардың көпшілігі тауардың бағасы мен қызметіне байланысты болады.

Қосалқы қызметтер ақпараттық, соның ішінде консультациялық сипаттағы қызметі (құқықтық консультация, басшылыққа консультация), техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары бойынша (терезе жуу, жабдықтарды жөндеу) қызмет болып бөлінеді. Қызметтер әдетте шарттық негізде көрсетіледі.

Сервистің формалары әр түрлі қызметтердің қандай формада көрсетілетіндігін шешу керек. Қызмет көрсету шартын басқа фирмаға сатуға немесе жөндеу жұмыстары бойынша қызметті мүлде ұсынбауға болады. Жеке жөндеушілерді жалдап, оларды оқытуға және оларды елдің барлық аумағына орналастырып, жөндеу қызметтерін дистрибьюторлар мен дилерлерге көрсетуге келісуге болады.

Клиенттерге сервистік қызмет көрсету бөлімі. Сервистік қызмет көрсетудің бәсеке құралы ретіндегі маңызын ескере отырып көптеген фирмалар клиенттердің шағымдарымен жұмыс жасайтын, кредит беру, материалдық-техникалық жабдықтау және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын бөлімдер ашады. Клиенттердің шағымдары бойынша жылдам шешім қабылдау үшін арнайы телефон желілерін бөлу тэжірибеде қолданады.

Теміржол көлігі. Теміржолдар мемлекеттегі ірі жүктасушысы болып табылады. Теміржолмен тасымалданылатын өнімдер — таскөмір, құм, ауыл шаруашылық және орман өнімдері. Тауарлардың жеке категорияларының тиімді жүк өңдеу үшін жабдықтар жасалған. Автомобильмен тасымалдау үшін платформалар бар.

Су көлігі. Тауарлардың едәуір бөлігі ішкі су жолдары арқылы жэне жағалаулармен тасымалданады. Су көлігі арқылы тасымалдаулар салыстырмалы түрде арзандау (мысалы, құм, таскөмір, астық, мұнай және т.б.).

Автокөлік. Тасымалдауларда жүк автокөліктері өз үлесін үнемі арттырып отырады. Қалаларда автокөліктер негізгі жүк тасымалдауларды жүзеге асырады.

Құбыр көлігі. Құбырлар — мұнай тасымалдау, таскөмір және химиялық өнімдерді тасымалдауға маманданған. Мұнай құбырлары арқылы мұнай өнімдерінің тасымалдау теміржол бойынша тасымалдаудан арзандау, бірақ су көлігінен қымбаттау.

Әуе көлігі. Әуе көлігі үлкен маңыздылыққа ие. Әуе көлігі теміржол, су көлігінен қарағанда анағүрлым қымбат болғанымен, кейбір жүктерді жылдам жеткізуде өте тиімді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Маркетинг: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған: Ә.Ә. Әбішев, В.В. Герасименко, С.А. Каленова. — Алматы: Экономика, 2014. — 616 б. Мәлімет оқулықтың 264-ші бетінен алынды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>