iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Роза Жаманова

Бұл мәлімет 228 рет қаралды
Роза Жаманова

Роза Жаманова

Роза Жаманова өмірінен. 1958 жылдың аяқ шағы. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің екінші онкүндігі Мәскеуде өтіп жатты. Соның бір көрінісін тілші былай баяндайды: «Желтоқсан айы, Мәскеудің Үлкен театрында Мұқан Төлебаевтың «Біржан — Сара» операсы өтпекші. Үстіне қара фрак киген жігіт дирижерлік пультке жақындады. Ол — белгілі дирижер, Қазақ КСР халық әртісі Ғазиз Доғашев. Оның  басқаруымен  оркестрден  даланың  әні шалқи шықты. «Біржан — Сара» операсы басталып та кетті. Біржанды — Байғали Досымжанов, Сараны — Роза Жаманова ойнап шықты. Розаның пішінінде байсалдылық, сәнділік,  салтанат бар,  қолында үкілі домбыра, тақиясына жараскан ақсары үкісі сәнді бұлаңдайды. Қызыл шәйіден тігілген кәжекейдің сыртында бұрымы еркелей ойнайды… Сара Біржанды айтысқа шақырып әндете женелді: … Терең көлдің қамысты сұқсырымын, Асқактама, сал Біржан, Құтылмайсың бұл жолда!

Ол әр сөзін қорғасындай кұйып, сомдап соғады. Сезім оты алаулаған екі жастың ой арманы дуәтке айналды. Сараның тебіреніске түсіп, кейіпкердің жай-күйін жеткізетін жері үшінші перде. Ақ желегі желмен желбіреген Сара қыздың қияға қадалған жанарынан акын аманатын жиналған жұрт айтқызбай-ақ аңғарды.

«Таңғажайып құбылыс»

Роза Жаманованың әншілік дарынын Мәскеулік көрермендер «таңғажайып құбылыс» деп таныды. Бұл Қазақстанның музыка өнерінің ғарыштай дамығандығын, әртістерінің шеберлік биіктігі Кеңес Одағы көлемінде алғы шепте екендігін айқын танытты. Әдебиет пен мәдениеттің мейрамына айналған осы жиын қортындысымен Роза Жаманова мен Ермек Серкебаевқа КСРО халык әртісі атақтары берілді. 1934 жылы мәскеуліктерді қазақтың бұлбұлы Күләш Байсейітова таңқалдырды емес пе?! Осындай биік құрметті атақ оған 22 жасында берілген. Ал Роза Жамановаға КСРО халык әртісі атағы оған Қазақ КСР халық әртісі атағынан бұрын берілді. Әрине бұл тегін емес! Өйткені, ол классикалық операларда әуен-ырғақтылықтың жоғары сатысын паш етті, вокалдық сахналық шеберліктің биігіне көтерілді.

Роза Жаманова өмірбаяны

Роза Жаманова Үмбетқызы 1928 жылдың 16 сәуірінде Ақтөбе қаласында туды. Әке-шешесінен ерте айырылған Роза жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Музыкаға деген сүйіспеншілікпен ол габойда ойнауды үйрене бастады. Дегенмен, оньщ ең ынтызарлығы фортепьяно аспабын игеруге жетеледі. Талдырмаш келген, қуыршактай Роза оқудан бос уақытын музыка аспаптарында ойнауға арнады.

Ол Орал қаласындағы музыкалық мектебіндегі оқу жылдары туралы: «Мен ұстаз Константин Степанович Булдиченкоға карыздармын. Ол менің тек жалаң ұстазым болып коймай, кең пейілді, әрдайым көмектесуге дайын тұратын жетекшім, үйретушім болды. Ол жас шәкірттерінің ішкі ой-сырын, көніл-күйлерін қалыптастырды, біздің алдымызға музыканың тамаша сұлулығын ашты», — деп ұстазына бүгінге дейін табынады.

Тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері Розаның музыкаға деген жоғары қабілетін байкап, Орал музыкалық училищесіне қабылдануына жол ашты. Оның вокалдық дарындылығын сольфеджио сабағына қатысқан ұстаз А.Б. Муравьева танып Розаға бір ән айтуды ұсынды. Табиғатынан биязы қыз қанша қысылса да даусы айтарлықтай анық, жақсы шықты. Ұстаз сол бойда: «Сенің дауысын таза, жұмсақ, табиғи әдемі», — деп оның орындаушылығын бағалады. Әрі қарай Роза Н.Дмитриева-Лещенконың тәрбиесіне өтеді, одан вокалдық тәжірибиенің бастапқы сабағын ала бастайды. Одан әрі ұстаздықты Б.Горский жалғастырды. Училищені үздік бітірген Роза консерваторияға қабылданды. Мұнда ол профессор А.Курганованың класынан вокалдық сабақтар алды. Енді габой аспабымен қоштасуға тура келді. Қазақстанның бірнеше опера әншілерін үлкен өнер жолына шығарған ұстаздың қарауында Роза бар жігерін кішкентай жұдырығына түйіп, вокалдық арияларды игеруге тырысты.

1953 жыл. Консерваториядағы оқу мерзімі аяқталды. Бұдан бір жыл бұрын ол дирижер Исидор Аркадьевич Зактың ақылымен Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданды. Алда опера және балет театрының солистігі өзіне тартады. Бір жыл өтер-өтпесте оған Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс партиясын орындау тапсырылды. Әрине бұл өнердегі оған артылған сенім үлкен. Театр басшылары, әртістері, тыңдармандар бірден-ақ Роза Үмбетқызының сахналық пісіп жетілгендігін, дауыс диапазонының мол мүмкіншілігін байкады. Мүқан Төлебаевтың «Біржан — Сарасында» бас партияны орындағанда оның дарынды әншілігіне жаппай танымалдық келіп жетті.

Роза Жаманова опера және балет театр сахнасында опералардың барлык басты рөлдерін атқара бастады. Солардың ішінде Джако-мо Пуччинидің «Чио-Чио-сан» операсындағы «Мадам Баттерфляй» партиясының орны ерекше. Бүл опера Италияның Милан қаласында алғаш рет 1904 жылы сахнада койылды. Содан бері ол дүниежүзі елдерінің опера театрларында үздіксіз қойылып келеді. Опера «Чио-Чио-сан» лирикалық драма негізінде күрылған. Роза Жаманованың орындауындамүндағы партия толықкемеліне жетті. Сыртқы пішіні де үқсас, ал дауыстың драмалығы, лирикалығы, әдемілігі, ешбір мінсіз. Бұл тұста тек қана әншінің өнеріне қызығу, бас ию жеткілікті болды. Роза Жаманова бұл рөлді Мәскеудің Үлкен театрының шақыруымен сахнада орындады. Мұнда да көрермендердің тек қошамет, мақтау лебізінің тасқыны жаппай бір ауыздан білдірілді. Солис Мадам Баттерфляйдің жан тазалығын, жүріс-турысын, мінез-құлқын, бір сөзбен айтқанда әртістіктің шынайы, мөлдір шеберлігін байқатты. Оның ән салу шеберлігі, мәнері, пішіні кейіпкердің ішкі жан дүниесін ашуы, сахналық қимыл әрекеті, бәрі-бәрі түтастай үйлескен.

Роза Жаманованың опералық репертуарың тізімі 45-ке жуық. Олардың қатарында — Е.Брусиловскийдің, М.Төлебаевтің, Л.Хренниковтың, М.Глинканың, А.Жүбанов пен Л.Хамидидің, Гуноның, Шебалиннің, Қ.Қожамияров пен Н.Тілендиевтің, Павлиашвилидің, Направниктің, Оффенбахтың, Моцарттың, Мейтустың, С.Мұхамеджановтың, Гейльфустың, Перселлдің, Г.Жұбанованың, Онеггердің, Пуленктің, Спадавекианың опералары кірді. Ол Джузеппе Вердидің «Дон Карлос», Джокамо Пуччинидің «Тоскасында», Леонкаволлоның «Паяцысында», Моцарттың «Дон Жуанында», П.Чайковскийдің «Евгений Онегинінде», «Иолантасында», Е.Рамадиевтің «Қамар сұлуында», С. Мұхамеджановтың «Айсұлуында» өшпес опералық бейнелерді сомдады.
КСРО халық әртісі, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері Роза Жаманованың ұлттық опера өнерін дамытудағы ролі, сіңірген еңбегі аса жоғары. Оның биік сатыдағы музыкалық мәдениеті өзіне деген қатал талабымен, сирек кездесетін еңбекқорлығымен, шырқалған тамаша әуенді сопраналық дауысымен, вокалдык шеберлігімен танымал. Ол әлемдік, ұлттык операларда сахналак бейнелерді аса шеберлікпен сомдады. Татьянаның махаббаты, Иолантаның кешеуілдетіп тапқан бақыты, Мадам Баттерфляйды қайғы тартуы, Маргаританың тұтқиылы — бәрі де мейлінше бабына жеткен орындаушылык деп есептеледі. Қазақ койылымдарында басты кейіпкерлер рөлін атқаруында ұлттық бояуы, мінез-күлқы, сезім патшасының, қуаныш пен өкініштің қарама-карсылығы, бақыт пен қайғының қайшылығы — бәрі әншінің орындауында жарасымды, терең сырымен шарықтады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>