iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Патша өкіметінің жүргізген қоныстандыру саясаты

Бұл мәлімет 470 рет қаралды

Патша өкіметінің қазақ даласында жүргізген қоныстандыру саясаты. Патша өкіметінің отарлық саясатының негізгі мақсаты қазақ жерін тартып алу болса, оның өзі аграрлық саясат арқылы жүзеге асырылды, ал аграрлық саясаттың ажырамас бөлігі — қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару маселесіне патша өкіметі XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап қатты назар аударды, өйткені Ресейде крепостниктік правоның жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жок еді. Ресейдің орталық аудандарындағы шаруалардың толқулары жандаиды. Осындай жагдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революпиялық қозғалыстан аудару үшін, бірқатар шаралар қолданды. Қоныс аудару саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтүстік-батыс, орталық және оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталык Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне тірек жасамак болды.

Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Яғни Қазақстанда Ресейдің толық үстемдік жүргізуі бүл өлкені орыс шаруашылық отарлауына есігін айқара ашты. Қазақстанға қоныс тепкен славян халықтарының алғашқы өкілдері казактар болды. Қазақстаннын солтүстік шекарасының ұзына бойында казактарға екі жөргемнен жеті мильге дейін ұланғайыр жер берілді.

1900 жылы қазақ даласында 404 казак деревнясы болды. Сол жылы казактар қарамағындағы жер көлемі 11,5 миллион десятинаға жетті. Бұл бүкіл Қазақстан аумағының жетіден бірін құрайтын еді. 1870 жылдан қазақ жеріне ішкі Ресейден шаруалар көптеп қоныс аудара бастады. Казактарды шаруалардың алмастыруы 1880 жылдан соң басталады. Ақмола облысының Петропавл және Көкшетау уездеріне 1860-75 жылдар аралығында 30 үй қарашекпен көшіп келді. Одан кейінгі 1878 жылға дейінгі бас-аяғы үш жыл ішінде 287 үйлі мұжық келіп орнығып алды. 1879 бен 1881 жылдар аралығындағы үш жылда жаңа қоныстанғандардың саны 375-ке жетті. Келесі үш жылда келгендердің саны 418 үй болды. Қазақтардан қалған шүрайлы жерлерге орыс шаруалары қоныстандырылды. Қамалдар мен бекіністердің жаиынан поселкалар салына бастады.

Отаршыл окіметтің қазақ даласын мемлекеттік меншік деп жариялап мемлекеттік меншік министрлігінің карауына беруі және оны қалауынша пайдалануға рұқсат етуі, ол жерлерге ішкі Ресей губернияларынан ауған крестьяндарды қоныстандыру саясатының табандылықпен, жүйелі түрде жүргізілуі байырғы түрғындардың тірлігін тарылта түсті.

Қазақ даласында ішкі Ресей губернияларынан көшірілген қарашекпенділерді қоныстандыруға жарамды қанша «артық» жер бар екенін аныктау үшін 1896-1901 жылдар арасында Торғай, Ақмола, Семей облыстарын аралауға Ф.А.Щербина бастаған экспедиция шығарылды. Ф.Щербина экспедипиясынын қортындылары бойынша Қостанай уезінің шаруаларынан ғана 510063 десятинаға қүнарлы жер тартып альтнып, орыс мұжықтары қоныстандырылды. Патша өкіметі Щербина экспедициясымен шектелмей, тағы да «артық» жерді анықтау үшін қазақтардың жер пайдалану құқығын шектейтін К.Полен, В.Кузнецов, П.Румянцев және басқалардың басқаруымен бірнеше экспедиция жасақтады.

Бүл экспедициялардың ешқайсысы қазақтың көшпелі өмір сүру тэртібін ескерместен, олардың қыстауы, күзеуі, көктеуі, жайлауына қарамастан, шөбі шүйгін, топырағы құнарлы, суы мол жерлердің бәрін «артык» жер деп есспке алып отырды. Бұның өзі қазақтардың наразылығьтның жьтлдан жылға өсуіне әкелді. Үкімет бүл мэселені арнайы талқылап, басын ашып алуға мәжбүр болды. Қоныс аудару және жерге орналастыру жөніндегі Бас басқарма дайындаған «О порядке определения государственного земельного фонда в областях Акмолинской, Семипалатинской, Тургайской, Уральской для переселения, а равно иных государственных надобностей», атты нүсқауды 1905 жылғы 9 маусымда министрлер кабинеті мақүлдады. Онда қазактардың үй-қорасын бұзып, қыстауын алу жөнінде былай делінген еді: «Қазақтардың шаруашылық қажеттеріне немесе уақытша түруына арналған құрылыстар жерді тартып алу үшін бөгет бола алмайды». «Сонымен қатар мемлекет мүддесі үшін таза көшпелілірге тек егіншілікке жарамсыз жерлерді гана қалдыру керек», — деп бекітгі. Осылайша қазақ жерін патша самодержавиесі бос жатқан жер ретінде есептеп, тұрғылықты халықпен ееептеепей, олар-ды ығыстыра отырып, қамалдар мен бекіністер салған. Ресей үкіметі отаршылдық саясатын қазақ даласында асқан аярлықпен атқарған. Қазақтан жерді бұдан басқа әскер қажетіне деп бір, қазыналық жер деп екі рет алса, қоныс аударушылар қорына деп тағы алған. Сөйтіп қазақ халқын патшалық құзырына кабылдағанда қойылған талаптар аяқасты етіліп, ескерусіз қалды. Қонысынан айырылған шаруаларды отаршыл өкімет бұрынғы орындарынан 100-200 шақырымдай жерлерге қуып тастаған. Казактар мен крестьяндардьщ меншігіне берілген құнарлы жер көлемі қаншалықты көбейсе, жергілікті халықтың егіндік, шабындық, жайылымдық, жерлері соғұрлым азая берген.

XIX ғасыр аяғында казак-орыстардың пайдасына Семей, Ақмола, Торғай облыстарынан ең құнарлы деген 14 млн десятина жер тартып алынды. Ал бұның өзі «далалык облыстардың жер көлемінің 8,2 пайызы еді». 1881 жылы Петербург келісімінен кейін Құлжа өлкесінен қоныс аударған ұйғыр және дүнген қоныс аударушыларының пайдасына да 100 мың десятина жер тартып алынған болатын. Ал Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қазақтардың жерін тартып алу жаппай сипат алды. Жалпы алғанда қазақтардан тартылып алынған жер көлемі 40 мың десятинаны кұрады. Белгілі тарихшы Н.Масанов өзінің «Кочевая цивилизация казахов» деген еңбегінде қазақтардан күнарлы жерлерді ғана алып қойған жоқ, әдейілеп қазақтардың мал шаруашылығымен қоса шаруашылықтың егіншілік түрімен де айналыса бастаған аудандарының жерлерін патша отаршыларының тартып алғанына назар аудартады.

Сонымен қатар қазақтар көшпелі мал шаруашылығына кажетті қыстаулары, жақсы жайылымдық жерлерінен ғана айырылын қойған жоқ, отаршылар жер шаруашылығына бет бұрғап казақ жұртшылығының құлшынысымен егіншілікті дамыту үшін қажетті алғышарттарын да жойды деген пікір сол кездегі отаршыл өкімет чиновниктері Полен мен Сухетленнің «қазақтардың Россия үшін көшпенді өмір сүруі әлдеқайда тиімді, сондықтан олардың отырықшылыққа көшуіне үкімет тарапынан колдау болмауы керск» -деген тұжырымдарының іс-жүзінде іске асырылғанын көруге болады.

Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандар қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы» арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді меншікке берудің тұрақты мөлшері белгіленген жок, жергілікті өкімет орындарына өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. Үкіметтің рұқсатынсыз қоныс аударушылар қоныс аударған 1000 адамның 25 пайызын кұрады. 1894-1903 жылдары Ақмола, Торғай және Семей облыстарына барып қоныстанғандардың 63 пайызы астыртын мигранттар екендігі есептеліп шығарылды. 1906-1910 жылдары жүргізілген Столыпин реформалары миграцияның дамуына ерекше маңызды күш берді. Ол бойынша шаруалардың қолындағы жерге жекеменшіктік құқығы ресми түрде танылды, тұйық шаруа қауымының таралуына қолдау көрсетілді, крепостниктік тәртіп жойылғаннан бері сакталып келген шаруалардың қарыздары қысқартылды. Шаруалар енді жер үлестерін біріктіріп өндеуіне де және отарлык қауымнан шығып кетуіне де құқылы болды. Алдағы уакытта үкімет Ресейдің ауыл шаруашылығы саласында және меншік іскерлік жүйесін құру мақсатында «мықты да, ауқатты шаруаларға арқа сүйеуге» бағыт ұстады.

Отаршыл әкімшілік ішкі Ресейден біреулері өз еркімен, екіншілері өкімет күшімен Қазақ жеріне қоныстанған крестьяндарға қолдарына қару беріп, отаршылдық езгіні күшейте түсуді мақсат тұтқан. Ал ол үшін ішкі Ресейден аш-жалаңаш болып келген қарашекпендерді тойындырып, киіндіріп, өздеріне қажетті езуші әлеуметтік топты дайындады. Бұл жөнінде Орта Азия халықтарының Ресей бодандығына ұшырау тарихын зерттеген ғалым П.Г. Галузо 1926 жылы Ташкентте басылып шыққан «Орта Азиядағы орыс переселендерін қаруландыру» атты кітабында отаршыл үкіметтің чиновнигі Кривошиннің «Будущие поселенческие поселки должны быть не бедные, а богаче туземных кишлаков» деген сөзін мысалға келтірген, яғни болашақ қоныстанушылар поселкелерінің жергілікті халықтардың тұрақтарынан кедей болуға тиісті емес, қалайда олар бай болуға тиісті деп катаң талап қояды. Ал жерінен айырылған қазак ырызығынан да айырылған. Осылайша ата-бабадан қалған жер отаршыл үкіметтің мемлекеттік меншігіне айналғаннан кейін, казактар өз жерін өзі жалға алудан басқа амалы болмады. Бұл жөнінде Әлихан Бөкейханов «Қазақ» газетінің 1913 жылғы санында басылған «Үшінші Дума һәм қазақ» атты мақаласында: «Алғашында аренда онша ауыр болмаған соң казақ оны онша елең қылмаған, бертін келе аренда ауырлай берді, қазақ шаруасын күйзелтті, аренда бұрынғыдан әлденеше рет өсті» деп көрсетеді.

Отаршыл әкімшілік қазақ жерін өзара бөлісіп алды да, кейін ол жерлерді шын иесіне жалға беріп, одан шаш етектен пайда тапты. Мысалы, Сібір казак әскерлерінің обер-офицерлеріне сыйлық есебінде 600 десятиналық учаскілер бекітіліп берілген. Штаб офицерлерінің әрқайсысы 1000 десятинадан жер алған. Генералдар болса 3000 десятинадан жер иеленген. Сібір казак әскеріндегі 493 офицер чиновник 560 мың десятина жерді меншіктеген. Семей облысындағы 220 офицердің 215 мың десятина жері болған. Мұның ішінде 152 офицердің әрқайсысының жер көлемі  1000 десятинадан екен, 68 офицердің әрқайсысының жері 4 мың десятинаға жеткен. Кейбір ашкөз атамандардың басып алған жерлерінің көлемі 10-12 мың десятинаға дейін жеткен. Ал енді жоғарыда айтқанымыздай бұл жерлерді игеруге мойыны жар бермеген және тегін жұмыс күші бар чиновниктер қазақтарды ұрып-соғып, өз жерлерінде жұмыс істеткен. Міне, осылайша қазақтар кіріптарлыққа түскен үстіне түсе түскен.

Жерді жалға бергенде патша чиновниктері, карашекпендер ақы алудың неше түрін ойлап тапқан. Бүл жөнінде Б.Сүлейменов өзінің монографиясында былай деп көрсетті. «Әскери иемдепген жерге қоныстанған адам 1. Қыстау үшін. 2. Қора-жай салу және қыскы жайылым үшін. 3. Мал жайғаны үшін. 4. Өзен өңіріне қыста мал паналатқаны үшін. 5. Шөп шапқаны үшін. 6. Отын пайдаланғаны үшін. 1. Жер жыртқаны үшін. 8. Шоп шабатын жер үшін. 9. Су көзін пайдаланғаны үшін ақша төледі», Қазақ шаруасы жылына орта есеппен 13 сом төледі. Бұдан басқа казақ жалгерлері түтін салығы мен жер салығын төлеген. Қазақстанды Еуропалық Рессйден шаруаларды қоныс аударту арқылы отарлау патша империясының саясатының құрамды бөлігі болды, кайыршылык жагдайдағы орыс шаруалары жаулап алынған шыгыс аймақтарда баспана тауып, экономикалық жетістіктерге қол жеткізді.

1856-1916 жылдар ішінде Қазақстанға 1,4 милионнан астам келімсектер, яғни Азиялық Ресейге багыт ұстаған мигранттардың үштен бірі келіп орналасты. Осылайша қазақ халқын қанаушы біріншіден патша чиновниктері болса, екіншіден өздері Ресей жерінде қаналушы, езілуші болған, кейін Қазақстанға үкімет жарғысымен қоныс аударған шаруалар болды. Патша өкіметінің ішкі Рессй губернияларынан шаруаларды Қазақстан жеріне коныс аударту арқылы отарлау саясаты және отарланған аймақта өзіне әлеуметтік тірек дайындау мақсаты түбірінен орындалды. Профессор Ғайрат Сапарғалиев өзінің «Карательная политика царизма в Казахстане» атты еңбегінің «Вооружение эксплуотаторов» деген тарауында: «қазақ халкын қанаушылар біз білетін помещиктер де, қан сорғыш кулактар да емес. Ішкі Ресейден шұбырып келіп, Қазақстанға қоныстанған крестьяндар» — деп корсетеді. Патша өкіметі қазақтарды бірыңғай әскер күшімен үстап түруға шамасы келе бермейтіндігіне көзі жеткеннен кейін шаруалардың бұзық, ұрдажықтарын тандап алған да, оларға тегін мылтық беріп қойған. Қажет деп санаған жағдайда пайдалануға рұқсат еткен. Олар казактың жерін өз жеріндей пайдаланған. Ал патша әкімшілігі болса, жергілікті тұрғындарға қарағанда қоныс аударган переселендерге жерді көбірек берген. Мысалы, Қазақстанда егістік көлемі 1906 жылы 1,5 млн десятинадан 1916 жылы 4,5 млн десятинаға дейін жетті. Оның ішінде солтүстік өңірдегі торт облыста егістік жер көлемі 380 пайызға өсіп, 2,5 млн десятина жерді камтыды.

Осылайша Қазақстандағы патшалық Ресейдің саясаты мынадай еді: біріншіден, орыс казактары мен қоныс аударушы шаруаларға жер мен әр түрлі кемек беріп, отырықшы-егіншілікпен айналысатын тұрғындардың санын көбейту аркылы өзінің Қазақстандағы әлеуметтік тірегін дайындау, екіншіден, көшпелі мал шаруашылығымен айналысатьш негізгі тұрғындарды жерінен айырып, жерді егіншілікпен айналысатын қоиые аударушы шаруаларға алып беру. Үшіншіден: байырғы халықтың құқығын шектеу арқылы, жерді отарлауды одан әрі жүзеге асыру. Төртіншіден: патшаның отаршылдық аппаратының, казактардың, қоныс аударушы шаруалардың жергілікті халыққа үстемдігін бекіту болды. Патша үкіметі осы мақсаттарды орындау, отаршылдық тәртіпті нығайтудың маңызды буыны есебінде әскери күштерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бекмаханова Н.Е. Многонациональная население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма. М., 1986. стр. 67.
  2. Валиханов Ч.Ч. Сборншс сочинений в 5-ти томах. А., 1961. Т-І, 495-бет.
  3. Сонда. 500-бет.
  4. Қаз. ССР тарихы. 3-т. 167-бет.
  5. Маданов X., Мусин Ч. ¥лы дала тарихы, 123 бет.
  6. Шойынбаев Т.Ж. Добровольное вхождение Казахских земел в состав России. А. 1982. 193-бет.
  7. Сулеймеиов Б. Аграрный вопрос в Казахстане в последней трети XIX в. и начале XX в. С. 68.
  8. Маданов X., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. 123-бет.
  9. Сапарғалиев Ғ. Карательная политика царизма в Казахстане.
  10. Әсіпов С. Көп қорқытады. Жүлдыз. N11 ж. 133-бет.
  11. Масанов Н.Е. Кочевая цивилизация казахов, С. 229.
  12. Әсіпов С. Көп қорқытады. Жұлдыз. 1991. N11.
  13. Әсіпов С. Ел болашағы құнарлы топыракта. Жұлдыз. 1996. N9. 27. Материалы ио истории политического строя. 5, 7. С. 93.
  14. Бөкейханов жьтлғы санында басылған » Үшінші Дума һам қазақ» мақаласында «Қазақ» газетінің №1913.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>