brain

Патологиялық анатомия даму тарихы

Патологиялық анатомияның басты әдісі мәйітті ашып көру, тарихи деректерге суйенсек, осыдан 4,5 мың жыл бұрын Қытайда, Египетте мәйітті бальзамдау үшін осы әдістің қолданылғаны белгілі. Бірақ та, алғашында мэйіті ашып көру дцам денесінің қүрылысын жете білу үшін суретшілер тарапынан гана пайдаланылган болатын. Діни көзқарастарға байланысты адам мәйітін ашып көрген кісілердің өлім жазасына кесілу қаупі болғандықтан, негізгі анатомиялық өзгерістер әр түрлі жануарларды тексеру нәтижесінде анықталды. Ол кездегі студенттер анатомияны түн жамылып, көмілген мәйіттерді қазып алып, үйренуге мәжбүр болды немесе сол заманда мәйітті ұрлап сатуды кәсіп қылған адамдардың (рессурекционистердің) қызметін пайдаланды. Дегенмен, XVIII ғасырдың басында-ақ, кейбір ауруханаларда ашып көру әдісін ауру өлімінің себептерін анықтау мақсатында кеңінен қолдана бастады.

Ресейде осы жұмыстар әскери ауруханада I Петрдің рүқсаты бойынша 1706 жылдан бастап жүргізілді. Ресей императоры анатомия мұражайына тек мәйіттерді ашып көруді көзімен көру үшін ғана келмей, өзі де осы іске ынта салып қатысқаны жөнінде көптеген деректер бар. Осылайша, жекелеген зерттеулер негізінде патологиялық анатомияның іргетасы қалана бастады десек, оның өз алдына бөлініп, медицина саласының жеке бір пәні есебіндегі тарихи Италия анатомы Джованни Бати-ста Морганьидің (1682-1771) «Аурулардың анатом тапқан даму орны мен себептері» деген еңбегінің (1761) жарық көруімен басталады. Морганьи өзінің зерттеулері негізінде және басқа да мәліметтерді пайдалана отырып, мәйітті ашып көрудің клиника үшін қаншалықты қажеттілігін, патологиялық анатомияның клиникалық пәндер арасындағы орнын бірінші больш анық көрсетті. Морганьидің басқа зерттеушілерден өзгешелігі — ол өз жұмысында әрбір аурудың клиникалық белгілерін, ашып көру кезіндегі табылған анатомиялық өзгерістермен салыстыра зерттеді, көптеген белгілі аурулардың (бауыр циррозы, бүйрек тас ауруы, қатерлі ісіктер және т.б.) анатомиялық көріністерін жазудың тамаша үлгілерін жасады.

Паталогиялық анатомияның тарихи дамуындағы екінші бір кезең. Вена ғылымы Карл Рокитанскийдің (1804-1878) атымен байланысты.Осы ғылымның «Паталогиялық анатомияның жеке бөліміс бойынша нұсқай» деген көлемді еңбегі 60 мыңнан астам мәйіттерді ашып көру негізінде жазылған ,онда қазіргі кезде белгілі көптеген паталогиялық үдерістердің көрініс-белгілері анықталған. Бұл еңбегі ғылыми-теориялық тұрғыдан санауға болғанман,оның мол анатомиялық материалдары паталогиялық анатомияны жеке пән есебінде және бір сатыға көтердыі десек қателеспейміз. Медедцинада микроскоптық тексерулердің кеңінен қолданылуы паталогиялық антомияның да өте тез дамуына себеп болды. Осы жаңа дәуірдің ең белгілі ғылымы Рудольф Вирхов (1821-1902) барлық аурудың негізінде жасушы патологиясы жатады деген даналық пікірге сүйеніп , өзінің «Целлюлалық (жасушылық) патология» деген ұлы еңбегін жазды (1858).Р.Вирховтың бұл еңбегі тек патологилықанатомияның ғана емес, тіпті бүкіл медецинаның дамуынапрогрессивті рөл атқарады.Қазіргі патологиялық анатомия Р.Вирховтың осы еңбегіне басталады десек жаңылыспаймыз.

Осы кезде Ресейде де патологиялық анатомия өз алдында отау тігіп шыға бастады. 1849 жылы Мәскеу универститетінде бірінші рет патологиялық анатомия кафедрасы ашылды, осы кафедрасының меңгеруші профессоры А.Т.Палунин (1820-1888) мәскеулік патологоанатомдармектебінің іргетасын қалаушы болып есептеледі. Кеңес дәуірінде осы мектептен белгілі акамедиктер А.И.Абиркосов, И.В.Давыдовский, М.А.Скворцов, А.И.Струков, Н.А.Каевский және басқалары шықты. Петербургтың медециналық -хирургиялық акамедиясында патологиялық анатомия кафедрасы 1859 жылы жеке бөлініп шықты. Петербург мектебінің негізін салушы профессор М.М.Руднев (1837-1879) болатын . Осы мектептен шыққан белгілі ғалымдар қатарына Г.В.Гаршин,В.Д. Цинзерлинг және басқалары кіреді. Кейінірек патологиялық анатомиясына кафедралары Қазанда, Харковьте, Томскіде және де басқа калаларда ашыла бастады. Патологиялық анатомияның қазақстан даму кеңес дәуіріне тура келді.Алматы мемлекеттік медицина институтында патологиялық анатомиякафедрасы 1933 жылы ашылды. 1938 жылдан 1969 жылға дейін осы кафедраны, Хальков мектебінің түлегі, профессор П.П.Очкур басқарады.Ол Қазақстанда патологиялық анатомия мектебінің негізін салушы болды. П.Почкурдың шәкіттері, профессорлар С.Ф.Серов, Х.С.Нағмұнова, Н.И .Колычева, М.Л.Ефимов, Л.П Царевский Қазақстында алғащқы патологиялық анатомия кафедралаын, лабораторияларын басқарады.

С.Ф Серовтың шәкірті профессор С.И.Иржановтың Қазақстан патологиялық анатомиясында сіңірген еібегі орасан.Ол 20 жыл ДСМ-лігінің патологиялық анатомия бойынша бас маман, ҚасҰМУ кафедра меңгеушісі болды. Осы мезгіл ішінде 2 медицина ғылымдарының докторын, 11 медицина ғылымдарының кандидатын дайындады. Профессорлар Ю.С. Исмаилова, К.Б. Манекенова қазіргі таңда кафедра меңгерушілері. С.И. Иржанов Ленинград мектебінен өткен білікті патоморфолог болатын. Патологиялық анатомияның Қазақстанда жеке ғылым есебінде әрі қарай дамуы медицина және ветеренария институттарындағы ірі лабороториялардың жұмыстарына байланысты. Қалалық және аудандық ірі ауруханаларда орталық патолого-анатомиялық лабораториялар ашылған, қазіргі уақытта қалалық және аудандық патологиялық анатомия бөлімдері біріктіріліп, патологиялық анатомия бюролары құрылуда. Бұл патологоанатомдардың аурухана әкімшіліктеріне тәуелділігін біржола жойып, емдеу-диагноздау үдерісін дербес бақылауға, олардың сапасын арттыруға, осымен қатар ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жүргізуде мүмкіндік беріп отыр.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.