iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қойды азықтандыру

Бұл мәлімет 641 рет қаралды

Тұрмысқа қажетті өнім түрлері төрт түліктің ішінде қойдан көп алынады, олардан ет, сүт, жүн, тері, елтірі өндіріледі. Өндірілетін өнім түріне қарай биязы, жүнді етті, етті-жүнді, биязылау жүнді, қылшық жүнді қой тұқымдары бар. Сонымен бірге арнайы тондық тері елтірі беретін қой және құйрықты қой тұқымдары да бар. Сондықтан олардың ерекшеліктерін ескере отырып азықтандырған дұрыс. Қой күйіс мал тобына жатады. Басқа мал түліктеріне қарағанда, қой жайылым шөбін 2 есе артық пайдаланады, сондықтан олар жайылым таңдамайды десе де болады. Күйіс малы болғанымен, қой ірі қараға қарағанда жасұнаққа бай ірі азықты нашар жейді және жасұнақты қорыту қабілеті оларға қарағанда едәуір төмен. Олар 100 кг ірі салмағына 2,5-3,4 кг құрғақ зат қабылдай алады.

Қой — өсімтал түлік. Қозылардың өсімдік азықтарын қорыту қабілеті тіршілігінің 2-ші айында қалыптасады. Олардың өсімдік азықтарының қоректік заттарын қорытып, сіңіруі ересек қоймен бірдей. Олар бір жасында азықтағы қоректік заттардың химиялық энергиясын өз денесінің химиялық энергиясына айналдыра алады. Мыңдаған жылдар бойы табиғи жайылым шөбімен азықтаңдырылып, сыртқы ортаның құбылыстарына бейімделген қой ағзасы ең алдымен қоректік затты орталық жүйке жүйесіне, қан айналымына, жыныстық мүшелерге пайдаланады да, ең соңғы кезекте жүнге жұмсайды. Ал қоректік заттар жеткіліксіз болған жағдайда жүндегі қоректік заттар алдымен ағза қажетіне пайдаланылады. Сондықтан қойды азықтандыру деңгейін олардың жүн бітіміне қарап анықтауға болады. Дұрыс азықтандырылған қойдың жүнімен қатар еттілігі де жоғары сапалы болады. Бордақылауға жас қозы мен тоқтыны қойса, олардың өсіп-жетілуі, салмақ қосуы жеделдейді, қосымша салмақ қосуға аз азық кетеді де, өнім арзан болады. Сондықтан төрт түліктің бірі, республикамызда кең тарап отырған қойды ғылыми тұрғыдан баланстап азықтандырудың олардан алатын өнім мөлшерін ұлғайтуға тигізер әсері көп. Ірі қара малға қарағанда қой 1 кг салмағына қоректік заттар мен энергияны көп жұмсайды, себебі оларда зат және энергия алмасу процесі жоғары деңгейде жүреді. Қой 100 кг салмағына 3,2-3,8 кг құрғақ зат жұмсайды, ал ірі қара мал 2,8-3,8 кг. Қойдың азық рационы барлық қоректік заттармен балансталғаны дұрыс. Жоғары өнім алу үшін оларды тиісті мөлшерде энергия, протеин, май, көмірсу және басқа қоректік заттармен толық қамтамасыз ету қажет. Қойдың қоректік заттар мен азықтарға қажеттігі олардың жасына, физиологиялық жағдайына, өнім бағытына байланысты. Бүкілодақтық қой және ешкі ғылыми-зерттеу институты (ВНИОК) мәліметтеріне қарағанда 5 кг жүн беретін қойға жылына 500-520 азық өлшемі, яғни қыс айларында 150-170 кг пішен, 20-30 кг сабан, 100-120 кг дәнді азық және 400-50 кг сүрлем қажет. Өнімі орташа (2-2,5 кг таза жүн) ересек қой рационында 1 азық өлшеміне 95-100 г қорытылатын протеин, жоғары өнімді ересек қой рационында (2,5-3,0 кг таза жүн) 110-115 г протеин, ал төл рационында 115-130 г протеин болғаны жөн. Себебі, төлдің протеинге қажеттілігі өте жоғары (жасына байланысты).

Буаз және қозы емізіп жүрген саулыққа протеинге жалпы қажеттілігі 25-35 %-ын (басына 13-18 г), ал 6 айлық төлге — 25-30 %-ын (басқа 13-18) жасанды азот-мочевинамен қамтамасыз етуге болады. Ол үшін малдың қантпен толық қамтамасыз етілуін қадағалау керек, рациондағы қанттың протеинге қатынасы 1:1, болмаса қойдың бір кг салмағына 2-4 г қанттың келгені дұрыс. Жасұнақтың мөлшері рациондағы құрғақ заттың 24-26 % -нан аспағаны жөн. Басқа мал түліктеріне қарағанда қойдың күкіртке қажеттілігі өте жоғары, себебі жүн талшықтарының құрамына кіретін ақуыз-креатиннің 2,5-5,5 %-ы күкірттен тұрады. Етті-жүнді қойға қарағанда жүнді қойдың күкіртке қажеттілігі жоғары. Қойдың қысқы рационының негізін сапалы пішен, сүрлем, пішендеме және дәнді азықтар құрады. Пішенді тәулігіне бір басқа 1-1,5 кг, сүрлемді 1,5-3 кг, жартысын пішендемемен алмастыруға болады, дәнді азықтарды 0,3-0,5 кг береді. Күкірт жетіспеген жағдайда 13-15 г натрий сульфатының тұзын қосады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>