iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев туралы слайд

Бұл мәлімет 1 685 рет қаралды

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің отырысында республика Президентінің лауазымы тағайындалып, оған Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент институтының құрылуы тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің қалыптасуына шешуші әсерін берген маңызды фактор болғанын, КСРО-ның құлдырауынан кейін мемлекеттік биліктің сабақтастығын қамтамасыз еткенін оқиғалардың одан әрі даму реті көрсетеді.
Қазақстанда президенттік институттың пайда болуы кеңестік қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізген КСРО-дағы аса терең дағдарыспен тұспа-тұс келгені белгілі. Ол экономикалық салада айрықша білінді. Дәстүрлі зкономикалық байланыстардың үзілуі, жоспарлы экономиканың күйзелісті бұзылуы, кеңестік экономикалық құрылымның айқын үйлеспеушілігі халық тұрмысының күрт төмендеуіне, әлеуметтік шиеленістің артуына әкелді. Онсыз да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай Кеңес Одағының барлық аумағында екпіндей ушығып кеткен этносаралық қақтығыстар өртімен күшейетүсті. Бұл ретте одақ орталығы мен бір кездегі құдіретті КОКП тарапындағы билік нені болса да жақсы жаққа қарай өзгертуге мүмкіндігі болмаған дәрменсіздігін мойындады. Сондықтан да орталықтың түсініксіз, қарама-қайшы саясаты, оның сыртқа тебуші үдерістің екпіндей күшейе түсуі аясында КСРО-да экономикалық және саяси реформаларды жүргізу кезіндегі ашық қателіктері Н.Ә. Назарбаевтың өзі үшін компартиядан ажырау, мемлекеттік басқарудың жаңа формаларын іздеу және Қазақстанның одақтық орталықпен қатынасындағы егемендігін нығайту сияқты сол жылдардың стратегиялық күн тәртібін анықтауына себеп болды.

Сол кезеңдегі Қазақстан Президенті қызметінің басты бағыттарының бірі экономикалық саланы тәртіпке келтіру болды. Орасан зор дағдарыс, дүкендердің бос сөрелері, өнеркәсіптің нақты тоқтауы, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының арасындағы халық шаруашылығы байланыстарының үзілуімен шиеленісе түскен ауыл шаруашылығы саласының құлдырауы Қазақстан басшылығының тарапынан шұғыл шаралар қолдануды талап етті. Орын алған дағдарыстық жағдайда Н.Ә. Назарбаев республика басшысы қызметіне сайланған соң бірден 1990 жылғы сәуір айында республика экономикасын тұрақтандыру бойынша батыл шаралар қабылдады. Қазақстанға негізгі азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар бағаларын мемлекеттік реттеуден бастартып, «Қарқынды реформаларға» баруға тура келді. Тиімсіз кәсіпорындарды банкрот деп тану, бұрынғы мемлекеттік активтердің басым бөлігін жекешелендіру және тағы басқа да батыл қадамдар жасалды. Сонымен бір мезгілде нарықтық қатынастардың заңнамалық және институционалды базасы құрылып, көптеген тауарларды нарыққа жылжыту үшін кедергілерді алып тастау, банктік қызметті ұйымдастыру, шетел капиталын тарту және т.б. зкономиканы либералдау бойынша шаралар жүзеге асырылды. Осы кезеңде нарықтық қатынастардың құқықтық негізін құруды көздейтін: «Жеке меншік туралы», «Ерекше экономикалық аумақтар туралы», «Банктер мен банктік қызмет туралы», «Тұтынушылық коопе-рациялар туралы», «Шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы», «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» және т.б. бірқатар маңызды заңдар қабылданды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың толық өмірбаянын мына жерден оқи аласыз: өту…

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>