iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Нұрбибі Маметова

Бұл мәлімет 285 рет қаралды

Нұрбибі Дәулетқызы Маметова 1936 жылдың 10 шілдесінде Қытай халық республикасындағы Құлжа қаласында өмірге келді. Ол осы қаладағы вокалдық курста 1951-1953 жылдары аралығында тәлім-тәрбие алды. Іле аудандық Қазақ музыка театры құрамында 1951- 56 жылдары қызмет атқарды. Оның ата-анасы 1957 жылы Қазақстанға қоныс аударады. Нұрбибі Маметова келесі жылдан бас-тап Ұйғыр музыкалық театрының әнші-актрисасы. Оның орындаған рөлдері — Х.Хамзаның «Майсараның айласындағы» — Майсара, Сәбит Мұқановтың «Қашғар қызындағы» — Мыстан кемпір және тағы да басқа драмалық-комедиялық кейіпкерлер.

Ол қалың қауымға халық әндерін, ұйғыр мұқамынан дастандар мен ләпарилерін (күлдіргі, халық әні) шебер орындаушылығымен аты кеңінен жайылды. Оның репертуарына қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, украин және сирия сияқты шетелдік композиторлардың әндері кірді. 1985 жылы «Сиқырлы алма» кинофильміне қатысқанында Халысқан рөлін ойнады, ал 1981 жылы театр құрамымен бірге Мәскеуде, 1984 жылы гастрөлдік сапармен Пәкістанда өнерін танытты. Ол өзінің жарқын вокалдык дауысымен және орындаушылық ше-берлігімен театрда алғы шепке шыға алды. Музыкалық қойылымдарда «Аршын — мал аланда» — Телли, «Герип иен Санамда» — Малика, «Ташполта ашиката» — Рисалят, «Анарханда» — Айым, «Майсараның қыйтұрқы қызығында» — басты рөлді сомдады.

Оның концерттік аткарушылық шығармашылығы көрермендерге аса үлкен үнайды. Ол ұзак мезгілдер фольклорлык «Нава» ансамблін басқарды, мұнда жетекші әнші болды. Нұрбибі Дәулетқызына өктем шырқалған дауыс, әдемі шебер орын-даушылық, ұлттық әуендерді жұқа сезімталдықпен атқарушылық, олардың ерекшелігін терең түсінушілік тән. Ұйғыр халқының 12 күрделі классикалық мұқамын орындағаны оған кең танымалдық әкелді. Оның әрбір сахнадағы өнері әрдайым биік қошеметке ие бола алды, әрдайым үлкен жетістікке шыға білді. Ұлттық әуендердің сырын терең сахнада шығаруы әншінің ерекшелігі болып бағаланады. Ол үлттық өнерді кеңінен дамытқаны және үлкен үлесін қосқандығы үшін бастапқыда ҚР еңбек сіңірген, кейінірек ҚР халық әртісі (1984 жыл) құрметті атағы берілді. Үш дүркін Қазақстан үкіметінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Өкінішке орай Нұрбибі Маметова биылғы жылы ауыр сырқаттан арыла алмай, онымен сүхбаттасудың реті келмеді. Осындағы деректер үйғыр театры ұжымынан алынды.

Ұйғыр музыкалық-драма театры шаңырағы 1934 жылдың қыркүйек айында Алматыда көтерілді. Театрмен бірге тығыз қарым қатынаста КСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор Құддыс Қожамияров, ҚР халық әртісі, дирижер Ғафиз Дүғашев, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері И.Мәсімов, композиторлар — Н.Кибиров, Ш.Шаймарданов болды. 1967 жылдан бастап бұл театр «Ұйғыр музыкалық комедия» театры деп аталынды. Кейінірек оған Құддыс Қожамияров аты берілді. 2002 жылы ұйғыр театры жаңа ғимаратқа орналасты. Ғимаратты ашу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев келді. Ұйғыр театры басында көркемөнер ұйымынан серпіліп басталса, қазір республикамызда жоғары кәсіби театр қатарында.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>