iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Моңғолиядағы қазақтар

Бұл мәлімет 542 рет қаралды

Моңғолиядағы қазақтардың тарихи жағдайы. Моңғолиядағы қазақтардың бір бөлігі XVIII ғасырдың бас кезінен бастап Алтай тауының теріскей бетіне коныстанады. Қазақтар ішінде рулық-әкімшілік жүйе сақталып, жантекей, шеруші, қарақас руларына өз рубасылары билік етіп, қазақтардың біртұтас әкімшілік жүйесін құрады. 1905 жылы Алтай аймағы деген атпен жаңа әкімшілік бірлігі құрылған соң, Алтай тауының күнгей, теріскей бетіндегі қазақтар жаппай оған бағынатын болған. Сөйтіп, бұл өлке қазақтарына өз ықпалын толық, жүргізуді ойлаған Манжұр-Цин үкіметі қазақтарды бір өлкеге жинауға әрекет етіп, Алтай тауының теріскен бетіндегі қазақтарды күнгей бетіне кешіріп асыруға әрекет жасағанымен мұнысы іске аспады. Манжұр-Цин үкіметінің зорлық-зомбылығына батыл қарсы тұрып, мекендерінен ірге аудармай қалуы Қобда қазақтары тарихындағы ірі тарихи оқиғалардың басы болды. Қобда бетіндегі қазақтар сол жылдардан бастап біршама уақыт берекелі өмір сүрді. Сол дәуірді Ү. Ақыт қажы «алшаңдап азғантай жыл кендік көрген», «бір-бір үй, бір-бір ауыл болып», «толықсып бақ-дәулетке толды» деп сипаттап, онан кейін халықтың бейбіт өмірі бұзылғанын айтады. Дәл сол кезде, бұрынғы Манжұр-Цин империясының батыстағы тірегі Қобда өңірі кімнің иелігінде болуы өте күрделі мәселеге айналды. Манжұр-Цин имериясының күйреуі Ресей үшін аса ұтымды болып, ол Сыртқы Моңғолиядағы тәуелсіздік жариялауына жәрдемдесті. 1911 жылы тамыздың 20- сында Қобда бекінісінде қалған манжұрдың 1400 әскерін Боғда хан әскері жойып, азат етті. Вурхан Шахиди «Патшалық Ресей Моңғолияны, Қобда және Алтайды шеңгеліне түсіру мақсатымен  Моңғолияны  тәуелсіздік  алуға  желіктірді  және  оны  қолдап қолпаштады» дейді.

Моңғолиядағы қазақтар Алтай,  Қобда  өңіріндегі  халықаралық  шиеленісті  жағдай  біршама саябырлаған шақта Қобда қазақтары «Жалама айдаған» деген ауыр оқиғаға душар болады. Бұл оқиғаның басталуына қазақтың өз арасындағы алауыздың, ынтымақсыздық, бақталастық тартыс үлкен кесірін тигізді. Бұрындары Моңғолия жеріне төрт мәрте келген Дамбийжанцан Алтай бетіндегі қазақтардың Қобда бетіндегі ағайындарымен қосылып, бүкіл Орталық Азияны қамтыған саяси аласапыранда үлкен күш пен дербестікке жетуіне жол бермеу үшін қазақтарды моңғол жұртының ішіне қарай мәжбүрлікпен қоныстандырып, бытырату саясатын әскери зомбылықпен жүзеге асырған. Қазақтарды өз жұртынан 300-350 шақырымға мал-мүлкімен айдап, аса қатыгез, қанішер әрекеттерге барып, қазақтардың үрейін алған. Осы тұста қазақтың бас біріктіретін ел ағалары дүниеден озып, ел басы бірікпей қалады. Моңғолиядағы қазақтар Дөрбеттер ортасына қазақтарды айдап апарған онын жендеттері қазақтарды будда дініне күштеп енгізу, әскери басыбайлыққа пайдалануды көздейді. Алайда. қазақтардың тойтарысына тап болып, «қазақтар бір түннің ішінде Бұрғыстай жағасында жаудың 33  әскерін жайратып,  300 ауыл үй, мал-мүлкін алып, Бөхмерөн өзені өрлеп көшіп, Ресей жері Қосағашка барды». Жаламадан азат болған қазақтар Тува жері арқылы Қосағашқа өтіп. ондағы қандастарын паналап, кейіндері 1913 жылы мемлекетаралық келісім бойынша кері қантарылады. Қобда қазақтары осы тұста әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан үлкен дағдарысқа ұшыраған. Қазақтардың біраз бөлігі тувалар мен алтайлықтар арасында қалып қонғандығы туралы ауызекі деректер бар. «Өрікті көл көтерілісі» өлке қазақтарының ерлігін паш еткен ұлы тарихи оқиға, ең алғашқы ұйымдасқан қимылының жеңісті нәтижесі болды. 1913-1915 жылдар аралығында Қобда бетінін ежелгі тұрғын қазақтарының басым көпшілігі мекеніне қайта оралды. 1913  жылы  шілдеде  Қобда  қазақтарының  өкілдері  Моңғолдың  жаңа билеушісі Боғда ханға хат жолдап, Сыртқы Моңғолия құрамына кіруге дайын екенін мәлімдеді. Ұсыныс сол күйінде толығымен қабылданды және оған Моңғолиядағы қазақтар Сыртқы Монғолияның Ресей ықпалында болып себеп болды. Сонымен қатар, 1914 жылғы қыркүйектің 8-інен 1915 жылғы маусымның 7-іне дейінгі Ресей, Қытай мемлекеті, Сыртқы Монғолия арасындағы келіссөзде моңғолдар тарапынан  кіргізілген  жобада  «…Қобда  қазақтары  мекендеген…  жерлер

Моңғолия шекарасына сыйысады» деп белгілейді. Аталмыш Хиагт келісімшартында Сыртқы Монғолия деген ұғымға 1.5 млн шаршы шақырым аумақ, 600-700 мың адам қамтылды. Сөйтіп 1911-1921 жылдар аралығында Қобда бетіндегі қазақтар Сыртқы Моңғолия құрамында қалғанымен, саяси тұрғыдан бейтарап болып, іс жүзінде өзін-өзі биледі. Аса аумалы-төкпелі осы дәуірде қазақ атқамінерлері әрбір оқиғаға қөз тігіп, өзінше қорытынды жасап, ұлттық рулық биліктен айырылмауға тырысты. Моңғолиядағы қазақтар 1921 жылы Моңғолияның батысына Қазан төңкерісінен соққы алған Бакич, Моңғолиядағы қазақтар Сокольницкий, Казанцев, Кангородов бастаған ан гвардияшылардың 2000- 2500 әскері келсе, соңынан қызыл армия қолы қуа келіп, қазақтар тұрған өлкені шайқас алаңына айналдырды. К. К. Байқалов. Ц. Хасбаатар бастаған қызыл әскерлер Кайгородов бастаған ақтармен 1921 жылы тамыз айында Баян-Өлгийдің Сақсай деген жерінде кездесіп, ұзақ шайқасады. Моңғолиядағы қазақтар «Алтай 7 ұраңқай ауданынын Бадрах деген әкімі, казақтың 12 Абақ Керейін билеген Дербетхан деген әкімі қызылдардың қолбасы мен Моңғол өкіметінен батыс өлкеге жіберілген өкіл Хасбаатарға келіп, қазақ халқының жайын баяндады. Сыртқы Моңғолияда жеңген революцияшылдарды өз ықтиярымен мойындап, олардың бтлік құрамына кіріп, бір өкіметте болуға келісім жасап, мәлімет қалдырды» деп жазады оқиғаның куәгері Ц. Дамбадорж. К. К. Моңғолиядағы қазақтар Байкаловтың отряды қоршауда ауыр жағдайда күн кешіп, Қосағашқа қазақтарды бірнеше рет елшілікке жіберіп, солардың арқасында қызыл армияның 21 -дивизиясының Исаков, Фроловтар басқарған 185- және 55-полк әскерлері көмекке келіп, оқиға ақтардың жеңілуімен аяқталады.

Қобда қазақтары бұл оқиғаға басынан аяғына дейін бел ортасында жүріп қатысты. Шеруші үкірдайы С. Дербетхан бастаған топ қызылдарды тиянақ етуді жөн көрсе, ақтардың құрамында да қазақтар болған. «Топ ортасында сары және күлгін тымақтылар кетіп барады, олардың ішінде моңғол және қырғыздар (қазақтар) бар, бұл онан-мұнан жинақталған бандиттерден құралған үшінші және төртінші жүздігі» дейді. Бұл оқиғаға қазақтардың белсенді қатысуы нәтижесінде олар мекендеп отырған жерлерде ірі әскери қақтығыс тез аяқталып, ел тыныштық алып, бейбіт өмір орнады.

1921 жылы Сыртқы Моңғолияда жаңа өкімет құрылып, ақтар мен гоминдан әскерінен тазартылды. 1922 жылдың желтоқсанында Моңғол халық өкіметінің Ішкі  істер  министрлігі  Бас  министрінің  Боғда  ханға  жолдаған  хатында «…Қазақтың шеруші руының гүңі Қылаң, Сүгірбай, Қиюбай бастаған үш хошуын, Ботақара руының «ержүрек» гүні Ақтышқан, кошақ руының басшысы Акмәдилер — Сіздің құзырыңызға күмәнсіз еріп, адал қызмет ететін сенімін білдіріп, әрқаисысы сұмын, түтін санын анықтап келтірді» делінген. Осы кезде қазақтардың жаңа әкімшілік құрылымы бұрынғы рулық негізде ұйымдастырылып, олар шеруші, ботақара, қошақ хошуындарға топтастырылды. 1923 жылы Қобда өңіріндегі барлық, қазақты шұбарайғыр, шеруші деген хошуынға бөліп ұйымдастырды. Моңғолиядағы қазақтар 1924 жылы Моңғол Халық Республикасының (МХР) мемлекеттік алғашкы құрылтайына қазақтан Т. Дәуітбай. Ибрагим, Қанапия қатарлы үш өкіл қатысып, жаңа мемлекеттің іргетасын қаласып, мемлекет ісінде өз кабілеттерін байқатумен қатар, жалпы моңғол халқы алдында Қобда өңірінде қоныстанған қазақ ұлты өкілдерінің бет-бейнесін көрсетіп берді. Олар Коминтерн өкілі Т. Рысқұловпен пікірлесіп, кеңесін тыңдап қайтады.

Моңғол министрі Л. Элдэв-Очирдың 1930 жылы жасаған баяндамасында «Қазақтар — 12 керей руынан тұратын өздерінің ел басқару жүйесі бар халық, Бұларда 74 651 адам бар. Соның 55 451-і әкімшілік жүйеге қамтылған. Олардың 11 600 адамы әкімшілік жүйеге қамтылмаған. Байқадам хошуынының адамдары Алтайдын күнгей бетіндегі ағайындарын паналап неге үркіп кетті дегенге келсек, сол елдің басшысы Байқадамды ұстап абақтыға жапқанына халық өте наразы болған көрінеді. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін аймақтың (Қобда) әкімшілік, шаруашылық жайын қайта қарап, бірнеше мәселені тез арада шешу керек» дейді. Моңғолиядағы қазақтар 1937 жылдан бастап қазақтар арасынан ұсталатын адамдар тізімі жасалады. Оған рубасы, бай, молда, би, зиялылар, үкімет белсенділері және т. б. қамтылып, қазаққа тым қатал тиіскенін соңғы кезде зерттеу жасаған моңғол ғалымдары да мойындап отыр. 1937-1938 жылдары саяси жаламен қанша қазақ құрбан болғаны жайлы деректер толық емес, тізім жасалмай келеді. X. Зардыханның мәлімдеуінше саяси жалған жаламен 3270 қазақ, жазаланған, 4300 отбасы 21 000 қазақтан 2000-дайы X. Чойбалсанның бұйрығымен атылған.

Қазақтар арасындағы хошуындар саны екіден беске дейін жетті (шеруші, қошақ, ботақара, шұбарайғыр, байқадам). 1930 жылы «МХР-дың аумақтың жаңа әкімшілік бөлінісі туралы заң бекітілді. Қазақтың шеруші, ботақара, шұбарайғыр, қошақ, байқадам хошуындарын үшке бөліп, шеруші хошуынынан — бақат, құрман, саңырау, шұбарайғыр хошуынынан — ботақара, шұбарайғыр, қошақ сұмыны құрылып, бацқадам хошуыны сұмынсыз «хорин» (жиырма) түтін болды. МХР өкіметінің 1931 жылғы 13 наурыздағы қаулысы бойынша казақ әкімшілік бірліктері төтенше құқыққа те болып, олардың мәжілісінің шешімін мемлекеттік ұлы, кіші құрылтайлар, кіші мәжіліс басқармалары ғана қуатсыз ете алатыны заң жүзінде көрсетілді.

Моңғолиядағы басқармалары Моңғолиядағы қазақ ұлтының мәселесін 1938 жылы екі қайта саралады. Жергілікті әкімшілік орнату, өндіріс, сауда орнын құру, халықтың тұрмысы мен мәдентетін арттыруға арналған шаралар белгіленгенімен, нақты оң нәтиже болмады. 1938 жылдан қазақтың әкімшілігін ру атымен емес, жер-су атымен атауға шешім қабылданды. Қазақтар Хужирт (Құжырт), Цагаангол (Аққол), Дэлүүн (Делуін), Толбо (Тұлба), Улаанхус (Ұланқұс). Цагааннуур (Аққөл), Баяннуур (Байнұр), Сагсай (Сақсай) және т. б. жер-су атымен аталған әкімшілік бірліктерге бөлінді. Бұл қазақтың қандастық-рулық бірлігін ыдыратып, ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық мінезіне кері әсер етіп, мәңгүрттер көбейіп, сорақы жат көріністер бой көрсетуінің басы болды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>