iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Минералдық заттар

Бұл мәлімет 486 рет қаралды

Малды құнды азықтандыруда минералдық заттарға көп көңіл бөлу керек, өйткені қысқы рациондарда көбіне бұл заттар жетіспей жатады. Минералдық заттар деп макро және микроэлементтерді айтады. Макроэлементтерге кіретін минералдық заттар: кальций, фосфор, натрий, калий, күкірт, магний, хлор. Микроэлементтер: темір, мыс, мырыш, кобальт, марганец, йод және, т.б. Мал азығындағы минералды заттардың жалпы құрамы 4-7%-дан аспайды. Сүйек ұлпасының құрамына енетіндіктен, малға калъций мен фосфор көп мөлшерде қажет. Кальций жүйке жүйесінің қозуын бәсеңдетеді, қанның ұйығыштығына әсер етеді. Ол өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарында мол болады. Фосфор нуклеинді қышқылдардың құрамына кіреді, көмірсу алмасуда үлкен рөл атқарады. Өсімдік азықтарында фосфор кальцийге қарағанда 3-4 есе аз. Өсімдік азықтарында натрийге қарағанда кальций көбірек, алайда, дұрыс арақатынасын сақтағанда олар жүрек пен ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Калийдің жүрек қызметіне ықпалы бар. Натрий жүйке жүйесінің қозуын жоғарылатып, су алмасуды реттейді. Ірі қара мал мен қойға ас тұзын керегінше беруге болады, ал шошқа мен құсқа оның мөлшерін азайтқан жөн. Магний сүйек ұлпасының құрамына кіреді, кейбір ферменттердің әрекетін реттейді, бұлшық еттердің жиырылу процесіне қатысады. Ол жеткіліксіз болған жағдайда жүрек қызметі бұзылады да, тырысқақ басталады. Малдарға аздаған мөлшерде микроэлементтер қажет. Мысалы, сиырға тәулігіне небары 6-15 мг кобальт керек, алайда, оның болмауы немесе жеткіліксіз болуы зат алмасудың бұзылуын туғызуы мүмкін. Мыс, темір және кобалът қан жасалу процесіне әсер етеді. Темір гемоглобиннің құрамына кіреді. Марганец өсіп-өну процесіне ықпал жасайды. Цинк асқазан асты безінің гормоны — инсулиннің қүрамына, ал йод қалқанша безінің гормоны — триеглобулиннің құрамына кіреді. Жемшөпте микроэлементтер өте аз мөлшерде болады. Микроэлементтер жетіспеген жағдайда оларды мал азығына қосады. Кейбір аудандардың топырағында, яғни жемшөп пен суда кейбір микроэлементтер (молибден, никель, фтор) артып кеткен жағдайда малда ауру түрлері пайда болады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>