iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Микроконтроллер қазақша слайд

Бұл мәлімет 1 561 рет қаралды

Бұл презентацияда микроконтроллер және оның типтерінде дайын электронды блок және бағдарламалық қамтамасыз етіп тұратын жиынтықтар бар. Мұндағы электрондық блок – оның жұмысы үшін қажет микроконтроллер және элементтердің ең аз жиынтығы бар тізбек тақта. Шын мәнісінде Arduino блогы қазіргі компьютер аналық тақтасының аналогы болып табылады. Ол сыртқы құрылғыларға арналған қосқыштарды, сондай-ақ компьютерге қосылу үшін қосқышы бар, сол арқылы микроконтроллерді бағдарламалау жүзеге асырылады. Atmel фирмасының ATmega микроконтроллерін пайдаланудың ең тиімді жағы бағдарламалау үшін арнайы программатор қолданылмайды. Жаңа электронды құрылғыны жасау үшін бар болғаны Arduino тақтасы, кабельдік байланыс және компьютер болса жеткілікті. Жобаның екінші бөлігі басқару бағдарламаларын жасау үшін Arduino бағдарламасы болып табылады. Бағдарламалау тілі аралас С/С++ тілдерін алмастыра алатын қарапайым тілдерді біріктіре алды.  Сондықтан Arduino тақтасымен жұмыс жасау үшін бар болғаны С/С++ тілдерінің негіздерін білу қажет. Arduinoға арналып әр-түрлі құрылғылармен жұмыс жасай алу үшін кодтардан тұратын көптеген  кітапханалар жасалынды. Есептеу барысында құрылғының жұмыс уақыты қалыпты қолдану уақытына сәйкес келеді, құрылғының істен шығу интенсивтілігі тұрақты, қатесіз жұмыстың уақыт бойынша үлестіру экспоненталық заңға бағынады деп саналады. Элементердің істен шығулары кенет, толық және тәуелсіз деп болжау жасалады. Сонымен қатар элементтер және жалпы құрылғы екі күйлерде болу мүмкін:  іскер және іскерсіз.

Мұнда істен шығу интенсивтігі бір контакт тобы есебіне қарай келтірілген және есептеуде нақты қолданылатын элементтер типтері үшін l0 мәндерін қолдану жөн (сондай ақпарат бар кезде). Құрылғының есептеу-логикалық схемасы тізбектей қосылған элементтер тізбегі болып табылады, кез-келген элементтің істен шығуы жалпы құрылғыны істен шығуына келтіреді. Элементтердің істен шығу интенсивтіліктері электр жүктпен, қоршаған ортаның температурасына және басқа да түзету коэффициенттермен еске алынатын фактроларға тәуелді.

microkontroller

Бұл жүйенің конструкторында келесі бөлшектер қолданылады:

– резистор (ол Оммен өлшенетін кедергімен және Ваттпен өлшенетін қуатпен сипатталады, мөлшерден асып кеткен кезде ол істен шығады);

– сақтандырғыш  (ең үлкен жұмыс  тоғымен  сипатталады,  ол  көп  болған жағдайда істен шығады);

– конденсатор (Фарадамен берілген сыйымдылықпен және жұмыс кернеуімен сипатталады, ол көп болған жағдайда істен шығады);

– индуктивтік шарғысы (катушкасы) (Генрмен берілген индуктивтікпен сипатталады, оның актив кедергісі өте аз болады);

– ұрастыру сымы (оның кедергісі өте аз болып келеді);

– айырғыш (тұйықталған және тұйықталмаған екі жағдайда сипатталады);

– қоректендіру элементі (Вольтпен берілген ЭҚК-мен, полюспен және оммен берілген ішкі кедергімен сипатталады);

– синусоидалық кернеудің генераторы (амплитуда және айнымалы кернеу жиілігімен сипатталады);

– шам (Вольтпен берілген жұмысшы кернеуімен, милиампермен берілген токпен немесе Ваттпен берілген қуатпен сипатталады, осылардың шамасы мөлшерден асып кеткен кезде істен шығады);

– электр қыздырғыш (жұмыс кернеуімен және қуатпен сипатталады, олар мөлшерден асып кеткен жағдайда жанып кетеді);

– нақты өткізгіш (өткізгіштің материалымен, ұзындығы және көлденең қимасының ауданымен сипатталады);

– белгісіз бөлшек (ол резистор, конденсатор, шарғы (катушка), батарейка немесе генератор болуы мүмкін);

– реостат (Оммен берілген ең үлкен кедергімен сипаттталады);

– айнымалы сыйымдылық конденсаторы (Фарадамен берілген ең үлкен сыйымдылықпен сипатталады).

Автоматтандырылған жүйенің бағдарламалық қамтаманың басқару тақтасындағы батырмалардың атқаратын функцияларының сипаттамалары келесі:

– Схеманы файлдан жүктеу. Батырма «қалай сақтау керек» деген бұйрық бойынша сақталған файлдардан тұратын бумалардың (папканың) терезесін ашады. Керекті схеманың файлын тауып алып, оны стандартты әдіспен ашсақ, онда құрастыру үстелінде схема дайын күйде пайда болады.

–  Калай сақтау керек… Батырма, сақтау керек схеманы қандай файлмен, қандай жерге сақтау керектігін көрсететін терезені ашады. Құрастыру үстеліндегі схема көрсетілген файл атымен бумада сақталады. Құүрастыру үстелінде схема қалады. Кейінірек, сақталған схеманы құрастыру үстеліне «схеманы файылдан жүктеу» деген бұйрық бойынша шақыруға болады.

Құрастыру үстелін тазала. Батырма қүрастыру үстелінде жиналған схеманы тазалайды. Операция қабылданғаннан кейін схема қайтарусыз алынып тасталынады.

– Мультиметрді пайдалану. Осы батырманы бассақ, жұмыс үстелінде өлшеуіш аспап «Мультиметр» пайда болады. Бір уақытта тек екі мультиметрді қатар пайдалануға болады. Мультиметрді алып тастау үшін оның жоғары оң жақтағы бүрышта түрған Ш батырмасын басамыз (бүл стандартты өдіс).

– Осциллографты шакыру. Екі арналы осциллографты шақыру үшін осы батырманы басу керек. Осциллографты да мультиметр сияқты алып тастаймыз.

– ‘Бөлшектердің параметрі» терезесін көрсету/ жасыру. Бұл батырма қүрастыру үстелінде таңдалынып алынған бөлшектердің параметрін көру және ауыстыру үшін қажетті «бөлшектердің параметрі» терезесін көрсетеді немесе жасырады. Бөлшекті таңдау үшін «тышқанның» сілтемесін (ол қысқыш түрінде болады) керекті бөлшекке өкелеміз де, «тышқанның» сол жақтағы батырмасын басамыз. Таңдалынып алынған бөлшек сары түспен ерекшеленеді. Бөлшектің параметрлерін өзгерту үшін екі өдісті қолдануға болады:

– терезенің оң жағындағы батырманы;

– басқаннан кейінгі шығатын тізімнен параметрлерді таңдау;

– пернелер арқылы мөндерді беру (ол үшін алдымен тізімді алу қажет).

– «Бөлшектердің параметрі» терезесі бөлшектің үстіне тышқанды алып келіп, сол жақтағы батырмамен екі рет басқанда экранда автоматты түрде көрінеді.

–  «Бөлшектің күйі «терезесін көрсету/жасыр. Бұл батырманы басу арқылы нақты уақыт мезгіліндегі бөлшектердің кедергілерінің, тоғының, кернеуінің және қуатының нақты және жалған бөліктерін көруге немесе жасыруға болады. Бұл схеманың жұмысын бақылауға және жөндеуге арналған. Сондықтан бұл батырма басқару тақтасында программаны «мұғалім» жағдайында (режимінде) іске қосқан кезде ғана көрінеді. Бұл есепті оқушының өз бетімен шығаруы үшін істелген.

– Тіл. Бұл батырма көмекші жүйенің, лабораториялық жұмыстың мөтінінің тілін (орыс немесе қазақ) таңдау үшін керек.

–  Электр тарауы бойынша анықтам. Бұл батырма осы тарау бойынша формулалары, суреттері және мысалдары бар қысқаша сипаттамалардан тұратын терезені ашады.

Қолданбалы бағдарламаны өңдеудің міндетті құралы оның листингі  және тұрақты сақтау жадында тігілген карта болып табылады.

Бұл терезеде эксперимент  нәтижелерін принтерге шығару немесе дискке файл түрінде сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, негізгі терезені бүктеу және жасыру, аппараттық құрылғылардың жұмыс істеу режимдерін баптау ж.т.с.с.

Басқару тақтасының құрылымы уақыттың және қуаттың минималды шығындарымен бағдарламаның бұйрықтарын шақыру және баптаулар мен жұмыс режимдерін өзгертуге мүмкіндік береді. Терезенің «Выход» батырмасы негізгі терезені жасырады және бағдарламаны жабады.

– Лабораториялык жұмыста. Бұл батырма оқушыларға орындалатын лабораториялық жұмыстардың сипаттамасы бар терезені ашады. Бұл жұмыстарда жұмыстың қысқаша мазмұны, орындалу өдістемесі, өлшеуді және есептеуді жүргізуге қажетті нұсқаулар және бақылау сұрақтары бар.

–  Программамен калай жұмыс істеу кажет ? Бұл батырма программамен жұмыс істеудің ережелері жазылған анықтама ақпараты бар терезені ашады.

– Windows-тың  калькуляторы. Windows-тың стандартты калькуляторын шақырады.

–  Программа туралы. Бұл батырма осы программаның авторлары туралы мағлүмат береді.

– Программадан шығу. Бұл батырма программамен жұмыс істеуді тоқтатады. Программадан шығар алдында «қүрастыру үстеліндегі схеманы сақтайсыз ба?»- деп сүрайды. Сақталмаған схема жоғалып кетеді.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>