iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Маркетингті жоспарлау

Бұл мәлімет 562 рет қаралды

Іс жүзінде маркетингтік жоспарлау — бұл жетістікке жеткен көптеген компаниялардың қолданатын танымал жолы. Жоспарлау сатып алушылардың қажеттілігін, бәсекелестер туралы мәліметті әрдайым біліп, қорларды тиімді пайдаланып және күтпеген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артыкшылықтары төмендегідей болады:

  1. Маркетингті жоспарлау мақсатты нарықтардың қызмет көрсетуіне бағытталған стратегияларды жасауға және нақты артықшылықтарға назар аударуға мүмкіндік береді.
  2. Қорлардың өте тиімді қолданылуына мүмкіндік туғызады.
  3. Компанияның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, қауіптерді және мүмкіндіктерді табу, пайда болатын қауіптерді азайтуға және күтілетін өзгерістерді жақсартуға мүмкіндік береді.
  4. Қызметкерлердің жұмысын үйлестіріп, олардың арасындағы коммуникацияны жақсартуға жақсы мүмкіндік береді.
  5. Жаңа сатып алушыларды жаулап алуға және нарықтардың кеңейтуіне мүмкіндік туғызады.
  6. Болашақа болжамды мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Төрт жүз бастаушы америкалық компанияның қызметін зерттеу өсудің қарқыны жоғары компаниялардың арасындағы өзара байланыстың биік дәрежесін және жоспарлаудың жүйелі түрде қолданылатындығын көрсетті. Көп отандық компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғылданбайды. Көптеген компаниялардың менеджерлері маркетингті жоспарлаумен үлкен корпорациялар шұғылдануы керек деп есептейді. Кейбір компаниялардың маркетинг бойынша мамандар нарық жылдам өзгеретіндіктен жоспардан ешқандай пайда жоқ деп санайды. Дегенмен тэжірибе көрсетіп отырғандай, маркетингті жоспарлаумен жүйелі түрде шұғылданатын компаниялар нарықтық ортада жұмыс жасауда өз тиімділіктерін көрсетеді.

Отандық компаниялардың маркетингті жоспарлау тәжірибесін талдау кезінде олардың кең таралған кемшіліктеріне куәландырды: жоспарлауда көрсетілген көрсеткіштердің орындалуының реалистік еместігі, үстірт өткізілген бизнесталдау, бәсекелестік ортаның жеткіліксіз зерттелуі немесе маркетинг кешенінің тек қана жеке құрамаларын ғана жоспарлау. Экономикалық шарттардың шапшаң өзгерістері жоспарлауды шындығында да күрделендіреді. Бірақ тек мұқият жоспарлау фирма басшылығына өзгерістерді болжап және оларды сезінуге көмектеседі.

Жоспарлау қажеттілігін үғынудың жоқтығы және жеткіліксіздігі оның енгізулеріне кедергі келтіреді. Маркетинг жоспары оларды құрастыру бойынша міндеттердің жіктелмейтіндігінен және шығындардың анықталмайтындығынан жүзеге асырылмайды. Белгіленген мақсатты табысты орындау нақты менеджерлер бойынша міндеттерді бөліп жэне оларды орындаудың айқын мерзімдерінің жөн-жобасын жасауды талап етеді.

Маркетинг жоспары — бұл нақты уақыт аралыгында маркетинг мақсатына жету үшін жүйелік және бүтіндік бағдарламалардың жиынтығынан тұратын арнайы құрылған жоспарлы құжат. Маркетинг жоспары әрбір бизнес-бірлік, кәсіпорынның бөлімшесі, өнім сызықтары, өнімдер, жеке нарықтардың түрлері және маркетинг кешенінің әрбір элементі бойынша өңдей алады. Маркетингті жоспарлауды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:

  • қамту масштабы бойынша;
  • әсер ету мерзімдері;
  • маңыздылықтар;
  • әзірлеу әдістері

Қамту масштабы бойынша жоспарлар ортақ, ерекшеленген және инте-грацияланған болып бөлінеді. Ортақ жоспарлар маркетингтің барлық бөлімшелері үшін мақсаттарды анықтайды, интеграцияланған өнімдер және қызметтердің барлық түрлерін қамтиды, ал ерекшеленген жоспар маркетинг болімшелері бой­ынша жасалады. Мысалы, жарнама, өткізу, бағалар бөлімі және тағы басқалар. Маркетинг жоспарлары өнім бойынша бағытталған кәсіпорындарда әрбір өнім үшін, ал географиялық — әрбір өлке үшін өңделеді. Маркетинг жоспарлары әсер ету мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді және жобалардың жоспарлауы болып бөлінеді.

Ұзақ мерзімді маркетинг жоспарлары 5 және 20 жыл мерзім аралығында жасалады, орта мерзімді 2-ден 5-ке дейінгі жыл аралығында жасалады, қысқа мерзімді жыл немесе тоқсанға жасалады. Маркетинг жобалары жоспарларының ерекше мақсаттары болады. Олар нақтылы уақыт аралығында маңызды болатын қайталау ықтималдылығы төмен мәселелер бойынша жасалады. Маркетинг жо­спарлары бір жылға, үш жыл немесе бес жылдық мерзімге жасалады. Жоспарлау келесі үш жылдағы болжамымен жыл сайын іске асады.

Маркетинг жоспарлары маңыздылыққа байланысты стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Маркетингтің стратегиялық жоспарлары басты мақсаттарды анықтайды және фирма қызметінің негізгі бағдары қызметін көрсетеді, ал тактикалық олардың орындалуын қарастырады. Маркетинг жоспары компанияның практикалық тәжірибесінде екі деңгейде әзірленеді. Нарықтық ахуалдың талдауына және мүмкіндіктеріне негізделген стратегиялық маркетинг жоспары глобалді мақсаттарды құрады және дамуды анықтайды. Тактикалық маркетинг жоспары ағымдағы есептердің шешіміне бағытталған және жоспар мен болжамдарды құрастыруға қажет әдістер мен аспаптардың жиынтығынан тұрады.

Стратегиялық жоспар маркетингтің жылдық жоспарына ықпал етеді. Мысалы, маркетингтің жылдық жоспарын анықтау стратегиялық жоспарда көрсетілген кәсіпорынның мақсаттарының бес жылға қойылған мақсаттарынан шығады. Маркетинг жоспарын әзірлеуде әр түрлі жолдар қолданылады. Бір кәсіпорындар маркетинг жоспарын өнімнің белгілі бір түрлері үшін жасаса, ал басқасында — белгілі бір нарыққа кіру мақсатымен немесе оның жағдайын жақсарту ұшін, ал үшіншісінде — өнім түрлері бойынша, сонымен қатар әрбір нарық бойынша маркетинг жоспары жасалады. Маркетинг жоспарын әзірлеу әдістері бойынша келесідей жіктеледі: жоғарыдан төменге жоспарлау; төменнен жоғарыға жоспарлау; қарсы жоспарлау.

Бірінші әдісте жоғарғы басшылық маркетингтің мақсаттарын анықтап жоспа­рын жасайды, сәйкесінше оның орындалуына басшылар жауапты. Екінші әдісте маркетинг бөлімі өз мақсаттарын өздігінше анықтайды және мар­кетинг жоспарын жасайды, оны жоғарғы басшылык құптайды. Бұл қызметкерлер жоспарлау және басқару бойынша қызметтер шығармашылық тұрғыдан қатысып және оның орындалуына жауапты.

Үшінші әдісте жоғарыдан төмен мақсаттар анықталады, ал жоспарлау төменнен жоғарыға іске асады. Жоғарғы басшылық мүмкіндіктер-қажеттіліктерді анықтап және жоспарды жасаудың негізі болатын бір жылға арналған ортақ мақсаттарды бекітеді, кейін оны басшылық құптайды.

Іс жүзінде кейбір өзгерістермен үшінші әдіс жиірек қолданылады. Бұл әдістер фирманың басқа бөлімшелер қызметін жоспарлауда да қолданыла алады. Қорытындысында фирманың толық жоспары пайда болады. Маркетингтік жоспар — маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі аспабы. Маркетингті жоспарлаудың төңірегіндегі мамандардың әдісіне негізделіп, автор маркетинг жоспарын құрастыруда келесі кезеңдерді ерекшелейді:

  1. Бизнес-талдау (жағдайлық талдау).
  2. Қауіптер және нарықтық мүмкіндіктердің талдауы.
  3. Мақсатты нарықтар стратегиясының өңдеуі және таңдауы.
  4. Мақсаттық сату көлемдері жэне маркетинг мақсаттарының анықтауы.
  5. Маркетингтің тактикалық жоспары.
  6. Маркетингтің бюджеті.
  7. Маркетинг жоспарын іске асыру және бақылау.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Маркетинг: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған: Ә.Ә. Әбішев, В.В. Герасименко, С.А. Каленова. — Алматы: Экономика, 2014. — 616 б. Мәлімет оқулықтың 435-ші бетінен алынды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>