iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Маркетингтің микроортасы

Бұл мәлімет 389 рет қаралды

Микроортада (нарықтық орта) қызмет ететін кәсіпорын әр түрлі тұтынушылардан, кәсіпорынның ресурстарын тасымалдаушылардан, делдалдардан, бәсекелестің барлық типтерінен, байланыс аудиториясынан тұрады. Кәсіпорынның мақсаты тек микроортаны зерттеу ғана емес, оның құрамына барлық байланыс түрлерін және қарым-қатынастарды, іскерлік нарық ортасында өз орнын табу болып табылады. Осыған байланысты микроорта факторлары компания бақылауында болады. Кәсіпорындар өздері тасымалдаушыларды, делдалдарды, серіктестерді таңдай алады және сонымен қатар тауарлары мен қызметтерін сатып алушыларын да анықтайды. Сол нарық қызығушылықты анықтай стырып, компания бәсекелестерді де таңдайды. Басты мақсат — бұл үдерістегі белсенді іс-әрекет. Кәсіпорынның микроортасының негізгі элементтері: тұтынушылар, тасымалдаушылар, бәсекелестер, делдалдар, жалпы байланыс аудиториялары.

Тұтынушылар. Нарық ортасына бірінші әсер етуші топтардың бірі тұтынушылар болып табылады. Бұл жеке тұлғалар, үй шаруашылығы, сонымен қатар корпоративтік тұтынушылар (кәсіпорын), тауарлар мен қызметтерді өндірістік-кәсіпорындар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланады. Бір жағынан әр бір тұтынушының әсері кәсіпорын іскерлігінде көрінеді, соған байланысты тұтынушылар «ақшаға дауыс беру» тауар немесе кәсіпорын қызметтерін атқарады, яғни сатып алады немесе алмайды. Ал келесі жағынан тұтынушылардың көп бөлігі кәсіпорындардың нарықтық мақсаттарға жетуге үлкен әсерін тигізеді. Клиенттер әдетте нарықтың бес типінде кездеседі (1.1-сурет).

Нарық клиенттерінің негізгі типтері

Нарық клиенттерінің негізгі типтері

Тұтынушы — басты объект, нарықта кәсіпорын іскерлігіне әсер етуші. Тұтынушылардың іс-әрекетін зерттеу мақсаты оларға қарсы әрекеттеріне әсер ету мүмкіндіктерін пайдалану, яғни кәсіпорынға ұсыну. Бірақ ең бастысы, қазіргі таңда тұтынушылардың әсерін шешу үшін тұтынушылардың іс-әрекеттерін зерттеу ғана емес, сондай-ақ кәсіпорындардың нарықтық мақсаттарға қол жеткізуін де қарастыру керек. Тұтынушылар тауарлар мен қызметтерді ары қарай өндіру үшін алады, ұйымдық мақсаттарда немесе жеке тұлғалық және жанұялық мақсатта пайдаланады, сондай-ақ басқа да тұтынушыларға қайта сату мақсатында да қолданылады. Соған байланысты алған тауарларына деген көзқарасы бойынша тұтынушыларды келесідей топтарға бөлуге болады: соңғы тұтынушылар, уақытаралық тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушылар, мемлекеттік мекемелер.

Соңғы тұтынушылар — бөлек жеке тұлғалар немесе жанұялар, тауарлар мен кызметтерді жеке пайдалану. Уақыт аралық тұтынушылар тауарлар мен қызметтерді қайта сату мақсатында пайдалану. Өнеркәсіптік тұтынушылар тауарлар мен қызметтерді өндіріс барысында пайдалану. Мемлекеттік мекемелер — ұйымдар, тауарлар мен қызметтерді өздерінің міндеттерімен жауапкершілігінде пайдалану. Тұтынушыларды жан-жақты зерттеу ұйымдық кәсіпорынның маркетингтік негізгі бөлігі болып табылады.

Байланыс аудиториясы — бұл кез келген топ, кәсіпорынға қызығушылық таныту немесе болашақта таныту, сондай-ақ кәсіпорынның мақсатына қол жетуіне әсерін тигізу. Ф. Котлер классификациясына сәйкес, оның құрамына: қаржылық орта, ақпараттық байланыс аудиториясы, қоғамдық ұйымдар, жергілікті байланыс аудиториялары, кең қоғам және ішкі байланыс аудиториялары жатады. Маркетингтік бағдарламалар, анықталған деңгейлермен және кәсіпорынның оайланыс аудиториясына бағытталған, кәсіпорынның өзіне керек ортада жұмыс істеуіне көмектеседі.

Кәсіпорынның сыртқы ортасында қоғамдық ұйымдар және қаржылық мекемелер жұмыс істейді, олардың қызығушылықтарының әсерін ескерген жөн. Байланыс аудиториясынан келесі топтарды бөліп қарастыруға болады: қаржылық орта, мемлекеттік мекемелердегі байланыс аудиториялары, БАҚ және коммерциялық ақпараттар, қоғамдық топтардың қызығушылығы, жалпы қоғам.

Қаржылық орта. Кәсіпорын мүмкіндіктеріне әсер ету аркылы өздерін қаржымен қамтамасыз етеді. Қаржылық ортадағы байланыс аудиториясына банктер, инвестициялық компаниялар, биржалық қорлар, акция иелері жатады. Кәсіпорынның міндеті қаржылық ортамен жақсы қарым-қатынасқа ие болуы, ол үшін әр түрлі іс-шаралар жүргізіледі, қаржылық жағдайлары туралы есеп беруді жариялайды және қаржылық тұрақтылығын дәлелдейді.

БАҚ және коммерциялық ақпараттар. Бұл газеттер, журналдар, радио-хабар, теледидар. Ақпарат көздері тауарлар мен қызметтердің мүмкіндіктеріне үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорынның басты мәселелері:

—   жаңалықтарды хабарлау, газеттегі мақалаларды дайындау, редакциялық түсініктеме;
—   кәсіпорынның жақсы жақтарын көрсету үшін баспасөздердің кеңілін мак-сималды түрде аудару;
—   жағымсыз ақпараттың пайда болғаны туралы мэліметтерді ескертіп отыру. Мемлекеттік мекемелердегі байланыс аудиториялары.

Фирма басшылары барлық оқиғаларды бақылап отыруы керек, яғни мемлекеттік ортада болып жатқан, тауар қауіпсіздігі туралы заңгерлермен ақылдасу және ендірісті бақылау, жарнамалардың шынайылығы жэне басқа да сұрақтарға жауап беру. Қоғамдық топтардың қызығушылығы. Маркетингтік шешімдерді қабылдау үшін әр түрлі тұтынушылар ұйымы әсерін тигізеді, олар: қоршаған ортаны қорғайтын топтар, жергілікті қоғам және басқа да топтар, қызығушылығы бірлескен бірлестіктер. Кәсіпсрын тұрақты түрде тұтынушы топтармен байланыста болуы керек, өзінің қызығушылығын және жеке тұтынушылардың қызығушылығын, со-нымен қатар қоғамның қызығушылығын да қанағаттандыру керек.

Жергілікті байланыс аудиториялары. Әр фирма жергілікті байланыс ауди-торияларына иелік етеді, жергілікті ұйымдар, жергілікті органдар билігімен байланысы, баспасөз қызметкерлерінің көмегімен фирма тауарлары туралы қоғамдық пікірлерді жақсартады. Кең жайылымды орналасу. Кәсіпорынның коммерциялық жағдайына әсерін тигізеді, қоғамдық ұйымдар сияқты өзінің қарым-қатынас тәртібін көрсетпейді. Әлеуметтік жоспарлардың күші арқылы макроорта көрініс табады, ал олар демографиялық факторлар арқылы микроортаға, экономикаға, табиғатқа, технологияға, саяси және әлеуметтік мінездемелерге әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Маркетинг: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған: Ә.Ә. Әбішев, В.В. Герасименко, С.А. Каленова. — Алматы: Экономика, 2014. — 616 б. Мәлімет оқулықтың 34-ші бетінен алынды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>