iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Малды нормалап азықтандыру

Бұл мәлімет 1 223 рет қаралды

Ауылшаруашылық малын нормалап азықтандырудың басты мақсаты, мал азықтарын тиімді пайдалану арқылы мүмкіндігінше тұқымдық ерекшелігін толық пайдалана отырып, көбею қасиетін қолдана білу. Азықтандыру нормасы (азық нормасы) дегеніміз — жоғары өнім алуды, малдың ауырмауын, оларды шаруашылықта пайдалану мерзімін ұзарту, табын толықтыру қабілетінің қалыпты жетілуін қамтамасыз ететін азық рационындағы қоректік заттардың мөлшері. Жеткіліксіз және шамадан тыс азықтандыру мал ағзасына кері әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге шаруашылықтың экономикалық көрсеткіштеріне де нұқсан келтіреді. Малды жеткіліксіз азықтандыру малдың өсуін тежеп, өнімі мен көбею қасиетін төмендетеді және бір өлшем өнімге жұмсалатын азық пен еңбек шығынының жоғарылауына әкеп соғады. Сонымен бірге, жеткіліксіз азықтандырған мал аурушаң келеді, ал мөлшерден көп азықтандыру малдың семіруіне әкеліп соғады, соның салдарынан өнімі төмендеп, көбею қасиеті нашарлайды. Сондықтан нормалы азықтандыру тиімді мал шаруашылығының негізі болып табылады. Рацион — малдың белгілі уақыт аралығында жейтін азықтардың жиынтығы мен мөлшері. Ол малдың энергиялық, қоректік және биологиялық қажетін толық қамтамасыз етіп, олардың денсаулықтарын сақтап, жоғары сапалы өнім беруіне жағдай жасауға тиіс мөлшер. Мөлшерлі азықтандырудың негізі мал түріне, жынысына, жасына, салмағына, физиологиялық жағдайына, өнім мөлшеріне байланысты рационның құрғақ затында тиісті арақатынаста энергия, протеин, жекелеген амин қышқылдары, көмірсулар, майлар, витаминдер мен минералдық заттардың болуы.

Рациондағы құрғақ зат мөлшерінің ауылшаруашылық малын азықтандыруда зор маңызы бар және ол азықтың қоректік қасиетін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Мал өнімі құрғақ заттың мөлшері мен сапасына тікелей байланысты. Рацион құрылымы дегеніміз — жекелеген азықтардың немесе азық топтарының қоректік қасиетіне қарай пайыздық арақатынасы. Құрғақ заттың қажеттілігі мен оның энергиялық қасиеті азық құрамындағы жасұның мөлшеріне байланысты. Құрғақ заттағы жасүның мөлшерінің артуы заттың пайдалануын және азық рационындағы қоректік заттардың ңорытылуын төмендетеді. Әр мал түрі үшін рациондағы шикі жасүнықтың мөлшерін ас ңорыту жүйесінің биологиялық ерекшелегіне, жасына, өнім мөлшеріне, физиологиялық жағдайына байланысты анықтайды. Мал рационында протеиннің жетіспеуі азықтың шығынына әкеліп соғады. Малдың әр түріне байланысты протеинге қажеттілігі де әр түрлі және ол малдың жасына, физиологиялық жағдайына, өнім мөлшеріне байланысты. Өсіп келе жатңан жас төлдің протеинге қажеттілігі ересек малға қарағанда жоғары. Ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлеріне қорытылатын протеин мен шикі протеинді, ал нұсқа шикі протеинді нормалайды, оның құрғақ заттағы концентрациясын және 1 кг азықтағы не болмаса 1 азық өлшеміндегі деңгейін анықтайды. Күйіс малының рационында қант пен крахмал мөлшері протеин деңгейімен белгілі арақатынаста болу керек: ірі қара малда ңант пен протеиннің арақатынасы 0,8-1,0:1, ал сауын сиырының рационында 1,1-1,3:1 деңгейінде. Қой рационында қанттың протеинге қатынасы 0,5-0,9:1.

Мал рациондарындағы минералдық заттардың мөлшерін жасына, түріне, физиологиялық жағдайына және өнім деңгейіне байланысты нормалайды. Рациондарда макро және микроэлементтердің болуын қадағалайды. Ауылшаруашылық малының барлық түрлері үшін макроэлементтердің ішінде ас тұзы, кальций, фосфордың, ал сонымен бірге ірі қара мал үшін магний, калий, күкірт, қой үшін магний мен күкірт, ал жылқы үшін магнийдің болуын ескереді. Негізгі ауылшаруашылық малы үшін рационда төмендегідей микроэлементтердің: темір, мыс, мырыш, кобальт, марганец, йодтың болуы міндетті. Малдың витаминге қажеттілігі олардың түріне, жасына физиологиялық жағдайына, өнім мөлшеріне байланысты. Барлық қоректік заттардың рационындағы деңгейін, ара қатынасын сақтай отырып азықтандыру — олардан жоғары өнім алуға, малдың ауырмауын, шаруашылықтағы пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік жасайды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>