iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Майлы дақылдар

Бұл мәлімет 1 231 рет қаралды

Тұқымынан өсімдік майы өндірілетін бірқатар екпе дақылдар майлы дақылдарға жатады: күнбағыс, мақсары, майлы зығыр, перилла, ляллеманция, майкене, жер жаңғағы, күнжіт, қыша, рапс, арыш, қышабас. Сонымен қатар өсімдік майлары мақта өсімдігі, талшықты зығыр, кенепшөп сияқты тоқыма дақылдары мен майбұршақ сияқты дәнді бұршақ дақылының тұқымдарынан да өндіріледі, ал кейбір майлы дақылдарды мал азығы ретінде де өсіреді (күнбағыс, рапс, т.б.). Өсімдік майлары тағамға кеңінен қолданылады, сыр, сабын, тері, тігін өнеркәсіптерінде, т.б. пайдаланылады. Тұқымдарынан май өндіргеннен кейінгі қалдығы күнжарасы малды азықтандыруға жарамды. Жекелеген майлы өсімдіктердің (майкене, майлы зығыр) сабақтарынан қағаз, қалың маталар өндіріледі. Өсімдік майлары кебетін (зығыр, перилла, арыш), жартылай кебетін (күнбағыс, майбұршақ, мақсары, күнжіт, рапс, қыша) жөне кеппейтін (жер жаңғағы, майкене) болып ажыратылады. Қазақстанда өндірістік маңызы бар майлы дақылдарға күнбағыс, майлы зығыр, рапс, арыш, қыша, мақсары жене майбұршақ жатады. Олардың егіс көлемі 63 мыңнан (1985 ж.) 483,3 мың/ға (1996 ж.) дейін жетті, алайда тұқымдарының орташа өнімі әлі төмен деңгейде (2,9ц/ға) қалуда.

Күнбағыс. Қазақстанда майлы дақылдардың ішінде егіс көлемі бойынша барынша кең тарағаны (70%) -күнбағыс. 1996 жылы ол 330 мың га жерде өсіріледі, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 160 мың га, Павлодар облысында 88 мың га болды. Оның жартылай кебетін майы табиғи түрінде де, өңделген түрінде де (майонез, маргарин) азық-түлікке кеңінен қолданылады, олиф, сабын, т.б. өнеркөсіп бұйымдарын жасауда пайдаланылады. Күнбағыстың күнжарысы — өте құнды мал азығы. Суыққа төзімділігіне және жоғары өнімділігіне байланысты Солтүстік Қазақстанда бірқатар аудандарда сүрлемдік жүгеріні ойдағыдай алмастырады. Егуге рұқсат етілген күнбағыс сорттарының тұқымдарында 47-54% майболады.

Морфологиялық ерекшеліктері. Күнбағыс астра тұқымдасына жатады, барынша кең тараған түрі — мәдени күнбағыс. Күнбағыстың бұл түрі шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша 3 топқа бөлінеді: майлы, шағылатын жөне аралық. Өндірістік маңызға майлы топтың сорттары ие.

Мәдени күнбағыс — кіндік тамырлы бір жылдық өсімдік, көптеген ұсақ бүйір тамыршаларының арқасында Қазақстанның құрғақ далалы аймағында ойдағыдай өсіріледі. Күнбағыс сабағы тік өседі, қуатты, тікенекті түктермен көмкерілген, майлы сорттары бұтақтанбайды, биіктігі 0,6-2,5м. Жапырақтары ірі, сағақта, сабақта кезектесіп жөне қарама қарсы орналасқан, сопақ, жүрек пішінді, түкті. Гүл шоғыры — диаметрі 15-20 см және одан да жоғары себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, ал ортасында, қосжынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Себеттің гүлдеуі созалаңқы және 7-10 тәулікке созылады. Жемісі — шекілдеуік, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. Майлы сорттардың 1000 шекілдеуігінің массасы 40-80 г және қауыздылығы (қабықтылығы) 28-35%.

Биологиялық ерекшеліктері. Өсіп-жетілу кезеңдері -көктеу, бірінші нағыз жапырақтар жұбы, бүрленуі (шанақтануы), гүлдеу және пісу. Күнбағыстың шекілдеуігі +4-5°С температурада өне бастайды, ең қолайлы температура +16-18°С деп есептеледі және бұл жағдайда күнбағыс көгі 6-8 күнде пайда болады. Өркендер -5-7°С үсікті жеңіл көтереді. Гүлдену кезеңіне қарай жылуға қоятын талабы арта түседі де, гүлденуі мен кейінгі дамуына +25-27°С температура қолайлы деп есептеледі. Күнбағыс жоғары температураға 8-10 сағат бойы тұрақты түрде шыдай алады. Басқа дақылдармен салыстырғанда ол аз зақымданады, транспирация күшінің нәтижесінде және өсімдік бойыңдағы түктердің жылу сәулелерін шашыратып жіберетіндіктен, жоғары температура мен аңызақтан күйікке ұшырамайды. Толық вегетация кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1800-2500°С. Солтүстік Қазақстан жағдайында ерте және орташадан ерте пісетін сорттар үшін бұл көрсеткіш 1900-2100°С тең.

Күнбағыс ылғалды көп қажетсінеді (транспирация коэффициенті 470-550), алайда қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Бұл жақсы дамыған тамыр жүйесімен, сабақ пен жапырақтардың түктілігімен түсіндіріледі. Ылғалдың тапшылығы сезілгенде жапырақтардың төменгі жағында орналасқан тыныс алатын ұсақ саңылаулар жабылыңқырайды да, судың булануын азайтады, осының нәтижесінде күнбағыс суды тиімді пайдаланады. Өсіп-өну кезеңдеріне қарай жалпы пайдаланатын судың шығыны төмендегідей: себет түзілгенге дейін 20-22% , гүлдеуінің соңына дейін 60-62% , піскенге дейін 18-20%. Күнбағыс — қысқакүндік, жарық сүйгіш өсімдік. Басқа өсімдіктермен көлеңкеленуін, әсіресе жас шағында, сонымен қатар ұзақ бұлыңғыр ауа райы өсімдіктің өсуі мен дамуын әлсіретеді, өсіп-өнуін ұзартады.

Күнбағыстың өсіп-дамуына қара және қоңыр топырақтар қолайлы болып табылады, құмдаң, сазданған және сортаң топырақтардың жарамдылығы шамалы. Қазақстанда майлы дәнге күнбағыстың Родник, СПК, Донской крупноплодный, Салют, Одесский 122, Заря, Восход сорттары мен Казахстанский 1 буданы өсіріледі. Қарқынды өсіру технологиясының ерекшеліктері. Күнбағысты ауыспалы егісте сүрі жерде өсірілген бидайдан кейін, тыңайтылған күздіктерден, жүгеріден, дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырады. Бір ескертетін жайт, күнбағысты бұрынғы орнына 7-8 жылдан ерте қайталап орналастыруға болмайды (сұңғыламен, аурулар және зиянкестерімен залалдану және; жарақаттану мүмкіндігінен). Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылға, өсірілу аймағына, талаптардың арамшөптермен ластауына, т.б. жағдайларға байланысты өзгереді. Күнбағысты таза сүрі жерде өсірілген бидай немесе күздіктерден кейін

орналастырғанда алдыңғы дақылды жинап алысымен танаптар жазықтілгіш терең қопсытқыштармен 20-22 см және одан да тереңге қопсытылады. Жүгері алғы дақылынан кейін эрозиялық қауіпті ескере отырып, танапты терең қопсытуға немесе аудара жыртуға болады. Алғы дақылдардың арамшөптермен ластануы айтарлықтай жоғары болғанда және олардағы егінді жинағаннан кейін, жылы өрі ылғалды ауа райы қалыптасса, сонымен бірге эрозиялық қауіп болмаған жағдайда негізгі өңдеудің алдында арамшөптерді еліктету мақсатымен танаптар алдын ала дискіленеді. Қыста 1-2 рет қар тоқтату да оң нәтиже береді. Ерте көктемде топырақтың физикалық пісуіне қарай ине тісті немесе тісті тырмаларымен топырақ кесектерін үгіту және оның бетін тегістеу үшін топырақ тырмаланады, арамшөптер де көктеуге еліктетілінеді.

Себу алдында танаптар 6-8 см тереңдікке қопсытылады және бір мезгілде тығыздалады. Күнбағыс 1 ц тұқым қалыптастыруға орта есеппен 6 кг азот, 3 кг шамасында фосфор жөне 18 кг калий шығындайды. Бұл көрсеткіштер астық дақылдарына қарағанда анағұрлым жоғары. Бұл майлардың жоғары деңгейде құнарлылығымен және калориялы органикалық заттар екендігімен түсіндіріледі. Өсіп-жетілу кезеңдерінде қоректік заттарды күнбағыс өсімдігі біркелкі сіңірмейді: азоттың барынша көп мөлшері себеттің пайда бола бастауынан гүлдеуге дейін, фосфор көктеуден гүлдеуге дейін және калий себеттің түзілуінен піскенге дейін пайдаланылады. Бағдарламаланған өнімге байланысты қажетті тыңайтқыштар мөлшері баланстық әдіспен анықталады. Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштары күзде топырақты аудара жыртқанда немесе терең қопсытқанда енгізіледі, ал азот тыңайтқыштары көктемде, себу алдында қолданылады. Күнбағысты себумен бірге әр гектарға енгізілген 15-20 кг түйіршіктелген суперфосфат, сондай мөлшерде азотпен үстеп қоректендіру (өсер етуші затпен есептегенде) жақсы нәтиже береді. Егуге күнбағыстың бірінші жөне екінші класты тұқымдары пайдаланылады, олар нақты мөлшерде себуге іріктелген болуы керек, себу алдында тұқымды 80% -ті ТМТД (Зкг/т) улы затымен дәрілейді. Тұқымның сіңіру тереңдігінде топырақ температурасы +10-12°С-ға жеткенде сепкен дұрыс. Қазақстанның көптеген облыстарында бұл жаздың бидайдың себу мерзіміне (мамырдың І-ІІ онкүндігі) сәйкес келеді. Қатараралықтары 70 см және қатардағы өсімдіктердің ара қашықтықтары 24-30 см етіп теспелі тәсілмен, себу мөлшерін егін жинау алдындағы түпкілікті өсімдік санына есептеп себеді және ол көрсеткіш аймақтар бойынша төмендегідей болуға тиіс (әр гектарға есептегенде, мың дана): орманды дала және далалық аудандарда 40-45, жартылай қуаңшылықты далалық аймақта — 30-40 және қуаңшылықты аудандарда (Солтүстік Қазақстан) — 20-30.

Тұқым ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (6-7 см); топырақ ылғалдығы жеткіліксіз болғанда тереңірек сіңіруге болады (8-10 см). Себуден соң іле-шала егістік бұдырлы таптагыштармен тығыздалады. Күнбағысты майлы дәнге өсірудің қарқынды технологиясында егістікті күтіп баптау жұмысы маңызды рөл атқарады. Күнбағысты сепкеннен 4-6 тәулік өткен соң, егіс көгінё дейінгі тырмалау жүргізіледі, ал нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болғанда егін көгі тырмаланады. Өсіп тұрған арамшөптерді қырқу үшін қорғау алаңын 12-15 см қойып қатараралықты 8-10 см тереңдікке қажет болса, екіншісін 6-8 см тереңдікке жүргізеді. Егістікте арамшөптермен күресті химиялық тәсілмен де жүргізеді, қос жарнақтыларға және біржылдық астық тұқымдастардың біразына қарсы топырақ гербициді прометринді қолдану тиімді. Оны егістен бұрын немесе күнбағыс өскін берер алдында топыраққа енгізеді. Астық тұқымдас бір жылдың арамшөптер топыраққа енгізілген трефланмен де (1,0-2,5 кг/га) жойылады. Жемістерінің байлануын көтеру үшін гүлдеу кезеңінде күнбағыс егістігінің өр гектарына 1-2 бал ара ұясын апарып қояды. Күнбағыс егістігінде жинар алдында десикация (құрғату) жүргізу пісуді 10-12 күнге жеделдетеді, тұқымның бір мерзімде пісуін қамтамасыз етеді, механизм күшімен жинауды жеңілдетеді, сұр және ақ шіріктің дамуын тежейді, құрғақ тұқым жиналады, тұқымның шығыны кемиді. Десикацияны күнбағыстың жаппай гүлдеуінен 35-45 күн өткеннен соң (себеттегі дәннің ылғалдылығы 35-30% болғанда) магний хлоратымен (20 кг/га) немесе жаңа дәрмек «Бастамен» (2 кг/га) жүргізеді. Жинауды десикациядан кейін дәннің ылғалдылығы 14-12% жеткенде, ал тұқымдықта 6-8% болғанда қайтадан жабдықталған астық жинағыш комбайндармен атқарады. Әдетте бұл мерзім ауа райына байланысты десикацияланғаннан 7-15 күн өткен соң басталады. Тұқым жиналысымен жедел түрде тазаланады, қажет болса құрғатылады. Сақтауға құйылатын тұқымның ылғалдылығы 7-8%-тен аспайды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>