iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Мақпал Жүнісова өмірбаяны

Бұл мәлімет 916 рет қаралды

Мақпал Жүнісова 1964 жылдың 2-қаңтарында Егіндібұлақ ауданының «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы ұжымшарда өмірге келді. Әкесі Мұхамедияр — жүргізуші, анасы Үміт — балалар бақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарды. Арғыннан тарайтын Қаракесек руының адамдары өнерпаз келеді. Байтақ қазақ халқына «Қаракесек» әні белгілі. Мақпал болса бесікте жатқанда шешесінің баяу дауыспен «беу-беу қалқам» деп басталатын әндерін естіп жылауын тоқтатып, екі көзі танадай жарқырап, зейін қойып тыңдайтын. Ана сүтімен бойына сіңген ол әндер жадында берік сақталды.

Қарағанды облысының қасиетті Қарқаралы топырағын атақты казақ елінің үш биінің бірі Қазыбек би, шертпе күйдің алыбы Тәттімбет, Қазақстанның әйгілі халық әртістері Рабиға Есімжанова, Жүсіпбек Елебековтерді өмірге әкелген дархан дала. Өнердің биігіне жетіп, артына бай мұра қалдырған еліміздің алып тұлғалары халқы жадында мәңгілік сақталады. Бүгінде олардың катарына өткен XX ғасырдың 80-жылдарына қазіргі Қазақстан эстрадасының бетке ұстарларының бірі Мақпал Жүнісова келіп қосылды.

Мақпал ес білгенінен ән сала бастады. Ол үйдегі жарға ілінген радио репродуктарынын касына үстел экеліп қойып, соган түймедей болып көтеріліп, қүлағын тосатын. Өйткені, ауылдық жердің радиосы элсіз естілетш. Ал, төрт жастан бастап сол ауылдағы 500 орындық клубта әндер айтып, сахнаны еркін меңгере бастады. Мақпал сол кезден-ақ тыңдаушылардың ду кол шапалақтауын, «Жарайсың, көп жаса!» деген ауылдың әжелері мен ақсақалдарының қошаметін, батасын, ақ тілегш естіп өсті. Оның әншілігі халқының той думандарында, жаңа жылды қарсы алу, наурыз мейрамын атауда, шілдехана немесе жастардың үйлену тойларына жиналған топтардың алдында үшталып жатты.

Ол мектепте үздік оқып, мақтау кағаздарын әр сыныпты аяқтаған сайын алды. Мұхамедияр қарапайым, шаруа адамы бола түрса да, табиғатынан озық ойлы көреген адам еді. Ол жүбайы Үміт екеуі кешкі астан кейін көрпе үстінде отырып, Мақпалдың әншілік өнерін талқылайтын. Осындай эңгіме барысында Мақпалын музыка сыныбына беруге бел байлады. Әкесі Мақпалды 3-сыныпта окып жүргенінде Қарағандыдағы музыка мектебіне әкелді. Мұнда сабақтар орыс тілінде жүреді екен, ал Мақпал болса әзірше бірде-бір орыс сөзін білмейді. Сондықтан Мұхамедияр қалада әрі орысша, әрі ән өнерін үйрене түссін деген оймен осындағы мектепке қалдырады. Осында 4 сыныпқа дейін оқыды. Сол жылдары Мақпал драмалық театрдың эртісі Жәмилә Шашкинаның 60 жасқа толу құрметіне арналған салтанатты кеште «Алатау», «Ақ бұлақ» әндерін орындағанында, кеш иесінің ақ батасын алады: «Айнашым, өнердің ең биігіне көтерілетін вундеркиндсің».

Мақпал 4-сыныпта оқып жүргенінде Симферополь және Ялта қаласында өткізілген балалар байқауында да қазылар алқасының көзіне шалынды. Оңтүстіктің ыстық, қапырық күнінен соң алғаш рет теңіз дегеннің не екенін біліп, бұрын таныс емес айырықша жағымды теңіз иісін сезді. Теңіз бетіндегі ақ шағалалар бірде төмен түсе қүлдилап, бірде жоғары ұшып жүрді. Алыста ақ желкенді кемелер байқалады. Осындағы байқауда Қарағандыдан Мақпалмен бірге келген тағыда екі оқушы қыз жетістікке жетті. Мақпалдың шешесі тіккен атлас костюм өзінің балауса денесіне құйып қойғандай. Сайыс біткесін Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мақпалдың кеудесіне белгілерді қадайды. Оларды Мақпал жатақханаға келгесін қадауларынан босатқанда костюмнің омырауының көп тесілгенін көреді. Ол осыған налып, жылап қалды. Бұның өзі жоқтықтың салдары. Бүгінгі күннің балаларының киімі көптігінен тозбайды емес пе?

Мақпал бесінші сыныпта оқып жүргенде оның мектебіне Алматыдан журналистер келеді. Олар мына тымпиған қаршадай қыздың дауысын жазып алу ниетін мектептің оқу бөлімін басқаратын Елжас Тайнақұлына өтініш білдіреді. Алғаш Мақпалдың ән орындауы ұнтаспаға түсірілді. Бұл әндер Алматы радиосынан Республиканың барша аймақтарына тарайды. Нәтижесінде Мақпал казан айында Алматыға шақырылады. Олардың мақсаты — Мақпалды Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепке орналастыру болды. Қарағанды радиосының қызметкерлері Макпалдың анасынан қызын музыка мектебіне жіберуді өтінеді. Әкесі бұл ұсынысты бірден қолдайды, ал шешесі қаршадай қызын алыстағы үлкен шаһарға аттандыруға жібергісі келмейді, қиналды.

Сол жылы Мақпал А.Жұбанов атындағы музыкалық мектебінің ішекті қобыз класына түседі. Мақпал тез арада қобыз тартуды эбден меңгеріп алды. Мінезі ашық, сөйлесе жақындаса кететін Мақпал оқушылар тобы ішінде өзін еркін ұстай білді. 1985 жылы ол алғаш қолына домбыраны ұстап, ұстаздың көмегінсіз өзі үйренді. Қос ішектің сазы қазақтың көңіл күйін білдіретін домбы-раны Мақпал шерткенде сыңғырлап, күмбірлеп, шырқаған әуендері құлаққа жағымды естіледі, сол кезден бастап эндерді домбыраға қосып айтуға кірісті. Мақпал мен домбыра және ән біртүтас ансамбль сиякты көрінді. Ол оныншы сыныпты осы музыка мектебінде бітірді.

Мақпал 10 сыныпта оқып жүргенінде бір қырсық мұғалім оны Республикалық «Гүлдер» ән-би ансамбліне сұраусыз кетіп қалғаны үшін мектептен шығартқызады. Бұл әрине оның намысына тиді. Ол кезде «Гүлдер» ансамбльінің директоры Тұяқбаев еді. Ол Мақпалды кәмелеттік аттестатсыз-ақ ансамбльге қабылдайды. Осында Мақпал Жүнісова 1981 жылдың қыркүйек айынан бастап тоғыз жыл бойы энші болды. Бүл жылдары ол «Гүлдер» ансамбльінің құрамында Қазақстанның көптеген елді мекендерін аралап, тіпті Мәскеудің өзінде де эн шырқады. Өнерімен тыңдаушылардың қошеметіне бөленді. Ол орыс тілін еркін меңгерді, репертуарына орыс әндері де ене бастады. 1986 жылы Мақпал Жүнісова Қазақстаннан Юрмалаға жалғыз барып байқауға қатысты. Қазылар қүрамында Иосиф Кобзон да болды. Әндерді Мақпал түгелімен қазақша орындады. Тыңдаушылар оның эндеріне елтіп, үзақ қол шапалақтап, қайта орындауды өтінгендей… Тыңдаушылар қазақтың әуенді әндеріне аса тәнті болды. Біраққазылар Мақпалды орысша ән айтпады деп кінәлап, орынсыз, жүлдеден қүр қалдырды. Алқа мүшелері оны «жассың» деп жүбатты. Жастық неге дарындылыққа бөгет болмақ? Мақпал Алматыға көңілсіз оралды. Айта кетейік, ол одан бес жыл бұрын «Жігер» байқауында лауреат атанған еді. Ол 1989 жылы Шымкент мэдениет институтын бітірді. Оңтүстіктің шыжыған ыстығына төзуге тура келді. Осы жылы Мақпал «Қазақконцерт» бірлестігі ұжымына ауысып, осы мезгілге дейін сонда еңбек етіп келеді. Осында жүріп талай құрметті сыйлыққа ие болды, соның бірі — «Азия дауысы» байқауының жүлдегері (бұл да 1989 ж.). Осы жыл Мақпал өміріндегі бір құтты шақ еді.

Республиканың Жоғарғы Кеңесі Мақпал Жүнісоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағын беру туралы жарлығын шығарды. Оның алдында «Гүлдер» ән-би ансамблінде қызмет атқарып жүргенінде ол Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанған еді.

Мақпал Жүнісова әндері

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>