iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Мұхтар Әуезов туралы слайд

Бұл мәлімет 2 504 рет қаралды

Презентация Мұхтар Әуезов өміріне, шығармашылығына арналған. Слайд 25 беттен тұрады. Ашық сабақ ретінде де берілген нұсқасы бар. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов қаламгерлік өнерін публицистика жанрынан бастағаны баршамызға белгілі. Бұл слайд — презентация әлемге әйгілі роман-эпопея туғызып, суреткерлік шыңына шыққанының өзінде де, ол өз заманы тарихын зор ықыласпен, жүрегінің отымен, бар жальшымен жаза білген. Тіпті ол болашақ романдарына апаратын жолды да публицистика дүрбісімен шолып отырды. Оның көкірегінен туған мақала, очерк уақытының толғағын толғатты, елінің, жұртының көкейтесті проблемаларын алға тартты. Өткенге, бүгінгі мен болашаққа бірдей терең ой көзін жіберетін, эпикалық аясы кең Әуезов публицистикасы біз үшін мәнін ешқашан жоймайтыны былай тұрсын, ол қазіргі уақытта жазушы армандаған тәуелсіз Қазақстанының мұңын мұңдайтын, жоғын жоқтап, намысын жыртатын әрі қуатты құрал, әрі биік өнеге. Қашан оқысаң да, таң қалдырмай қоймайтын ғажайып өнер.
Бұл өнердің сыры, мәні неде? Мұхтар Әуезов қазақ публицистикасын қай белеске көтерді? Ол жасаған осы замандық шежіреден алар тәліміміз қандай? Қазіргі қазақ публицистикасы алдына қандай міңдеттер қояды? Бауыр-жан Жақыптың кітабы сол мәселелердің ғылыми шешімін табуға арналған. Қандай талап-тілекті өтеу үшін жа-зылғандығы «Мұхтар Әуезов — публицист» деген атынан да көрініп тұр.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>