iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Әлия Молдағұлова слайд

Бұл мәлімет 1 052 рет қаралды

Слайд тақырыбы: Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы. Слайд 14 беттен тұрады. Бұл слайдта Әлия Молдағұлова өмірбаяны, жастық шақтары, жасаған ерліктері, орнатылған ескерткіштері, өлең шумақтары туралы мәліметтер бар. Қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлова қазіргі Ақтөбе облысында дүниеге келген болатын. Әлия батыр өзі ұшқыр мерген және ефрейтор болған.

Әлия Молдағұлова 1925 жылы қазанның 25-сінде Ақтөбе облысында Молдағұлова Маржан жанұясында өмірге келген болатын. Жастайынан шешесінен айырылған Әлия, Алматы қаласында бауырының қасында бірге тұрған, одан кейін 1935 жылдан басталып жетім балалар үйлерінде өскен болатын. Санкт-Петербург қаласында 9-орта мектепте оқиды. Үздік оқып сонымен қатар жақсы тәртіптері үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагеріне апарады. Артек деп аталатын легерінде жаужүрек тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да портреті енгізілген. Қырғын соғыстар бастау алған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысындағы Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақтан ұзаққа бармай Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері соғысқа қатысуы туралы өтінішін білдіреді.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>