iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Компьютерлік желілер туралы слайд

Бұл мәлімет 5 553 рет қаралды

Компьютерлік желілер-ді пайдалануда тиімді электронды оқулық слайд — презентация.

Міндеттері:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
  • Компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушылардың көзқарасын қалыптастыру.
  • Компьютерлік желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге үйрету.
  • Электрондық пошта жұмысымен таныстыру, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
  • Компьютерлік желілерді үйрету арқылы оқушы-лардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

˜Мақсаты:

  • Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі тех-нологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;
  • Оқушыларға компьютерлік желі технологияларының топологиялық ерек-шеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Жергілікті желі- бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі шектеулі аймақтағы  (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с)  компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы себеп — өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен желілік адаптер жабдықталуы керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдердер арқылы байланысады.

Желілік адаптер- компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Жергілікті желінің түрлері: БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент — сервер» желісі деп те айтады: Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе  программа). Сервер – басқаға қызмет көрсететін объект. БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ  (БІР РАНГЫЛЫ) – Мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады.

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін. Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қол жететін жалпы желі — Интернет болып табылады. Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгеріп отырады.

Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тілмен – ортақ ережемен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже  желілік хаттама деп аталады.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Интернет желісіне қалай қосылуға болады? Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады. Интернет желісіне қосылу үшін модемнің арнайы бағдарламасын компьютерге қондырып компьютер мен модемді өзара қосу қажет.Сол кезде экранда таңбашасы пайда болады. Оны шертіп, келесі командаларды орындаймыз. Тапсырмалар панелінде хабарлама пайда болады, сіз интернет желісіне қосылдыңыз.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>