iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Кернеу туралы слайд

Бұл мәлімет 1 729 рет қаралды

Слайд тақырыбы: Кернеу. Слайд 15 беттен тұрады. Бұл слайдта жалпы кернеу және оның формуласы туралы мәліметтер берілген. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы «КЕРНЕУ» деп аталады.

Тізбектің берілген бөлігіндегі заряд бірлігінің орын ауыстыруы үшін тоқтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама «ЭЛЕКТР КЕРНЕУІ» деп атайды Кернеу туралы слайд. Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды «ПАРАЛЛЕЛЬ ЖАЛҒАУ» деп атайды. Бұл кезде «+» қысқышын ток көзінің оң полюсінен, ал «-» қысқышын ток көзінің теріс полюсінен келетін өткізгіш сыммен жалғайды. Тізбекке өткізгіш сымдар арқылы жалғауға арналған құралдардың қысқыштары болады. Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады. Ток көзі ішкі тізбекке, ал барлық қалған бөлігі сыртқы тізбекке жатады.

Кернеу туралы слайд. Механикалық – материал деформацияланғанкезде пайда болатын ішкі күштер;2) электрлік электр тізбегінің не электр өрісінің екі нүктесі арасындағыпотенциалдар айырмасы. Электрлік Кернеудің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – вольт. Кернеу бөлгіш— шығыс кернеуді (кіріс кернеумен салыстырғанда) төмендететінэлектрлік схема. Кернеу күшейткіші— төменгі жиілікті тербеліс көзінен алынатын кернеуді қажетті шамаға дейін арттыратын күшейткіш. Күшейткіш шығысындағы кернеудің орныққан мәнінің кірісіне берілген кернеуге катынасы күшейткіштің күшейтукоэффициентіделінеді.

К= Uшығ/Uкір. Логарифмдік есептеу бойыншаKдб= 201 gUшығ/Uкір= lg K Егер Күшейткіш бірнеше каскадтан тұрса, онда- оның күшейту коэффициенті оған кіретін барлық каскадтардың күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады: К = K1K2K3… Күшейткіштіңсхемаларынесептеу кезінде кернеу бойынша бастан-аяқ күшейту коэффициентін есептеуге тура келеді: Кск= UH/Uист, мұндағы UH— күшейткіштің жүкке беретін кернеуі, Uист — дабыл көзінің электр қозғаушы күші.

Кернеу тұрақтандырғышы.

Қоректендіру көзі немесе жүктеме кернеуінің өзгерісі кезінде әрдайым шығыстағы кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы. Тұрақтандырғыштың электронды және феррорезонансты деп аталатын түрлері кең таралған.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>