iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қазан революциясы слайд

Бұл мәлімет 2 134 рет қаралды

Слайдта қарастырылатын тақырыптар:

  • 1. Қазан революциясының жеңісі
  • 2. Соғыстың салдары
  • 3. Кеңес өкіметінің алғашқы Декреттері
  • 4. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
  • 5. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері

Қазан революциясының жеңісі. Қазақстанда революциялық ахуалдың қалыптасқанын жұмысшы, шаруа және ұлт-азаттық қозғалысы айқын көрсетті. 1917 жылдың жазының ортасы мен күзінде саяси ереуілдер жиілеп, бірқатар жерлерде ереуілшілер кәсіпорындарды басқаруды өз қолдарына алды. Бүкіл елде Кеңестердің болыпевиктенуі басталды. Осыған байланысты болтшевиктік партия 1917 жылғы шілдеде уақытша күн тәртібінен алынып тасталған «Барлық билік Кеңестерге берілсін!» деген ұранды қайта көтерді. Бұл ұран қарулы көтеріліске бағыт алынғанын, Уақытша үкіметті жойып, пролетариат диктатурасын орнатуды білдірді. 1917 жылы 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісші жүмысшылар, солдаттар мен матрос-тар астананың маңызды нысандарын басып алды. 25 қазан (7 қараша) күні таңертең қарулы төңкеріс жасалып, Әскери-революциялық Комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын жариялады. Үкімет міндетін атқару В. И. Ульянов (Ленин) басқарған Халық Комиссарлары Кеңесіне берілді. 1917 жылғы екі әлеуметтік революция (Ақпан және Қазан) қазақ халқының одан арғы тағдырын анықтайтын болды.

Кеңес өкіметінің алғашқы Декреттері. Уақытша үкімет тұтқындалып, екі сағат өткен соң Кеңестердің II Бүкілресейлік съезі Ленин даярлаған екі негізгі декретті қабылдады. Бітім туралы Декретте барлық соғысушы халықтар мен олардың үкіметтеріне дереу әділетті демократиялық бітім жасасу жөніндегі келіссөздер бастау үсынылды. 26 қазан күні Жер туралы Декрет қабылданып, ол жерге жеке меншіктің жойылып, бүкіл жер жергілікті Кеңестердің қарамағына берілетінін заңдастырды. Қабылданған декреттер Ресейдің соғыстан шығатынын, жердің шаруаларға берілетінін және жергілікті жерлерде Кеңестердің өкімет билігі орнатылатынын жариялады. Ленин мен оның жақтастарының ұлттардың өзін-өзі билеу жөніндегі құқығы мәселесіне өзіндік көзқарастары болды.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>