iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қаржы-қаражат жүйесі

Бұл мәлімет 855 рет қаралды
Аубакиров Я.А., 2009 Национальная экономика

Аубакиров Я.А., 2009
Национальная экономика

Қаржы-қаражат жүйесі — экономикалық ақшалай қатынастардың белгілі бір жүйесі, осы арқылы ұдайы өндірісті, сондай-ақ қоғамның басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражат құралып, тиісінше бөлініп, қайта бөлініп, әрі пайдаланылып отырады. Қаржы-қаражат жүйесі өзара байланысты үш буыннан тұрады: мемлекеттік қаржы-қаражат, кәсіпорын қаражаты және халықтың қаражаты. Онымен бірге әр типтегі шаруашылық жүйесінің қаржылары — бірлестіктердің, фирмалардың, трестердің, ассоциациялардың, концерндердің, қоғамдық ұйымдардың қаржылары. Ал өндірістің салалық ерекшеліктері тұрғысынан — өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, өндірістік емес сала қаржылары, т. б. Мемлекеттік қаржылар — халық шаруашылығын тұтас алғанда тұтас басқару, қорғаныс, тәртіп сақтау, әлеуметтік қорғауды қаржыландырумен байланысты мемлекет қарамағыңцағы ақша қорларының жүйесі.

Кәсіпорын қаржылары — кәсіпорынның ақша қорлары, яғни өндіріс процесін қамтамасыз етуге қажетті ақша қорларының жиынтығы оның табысы мен шығысын анықтайды. Халықтың қаржысы олардың заңды тапқан табысы, осы арқылы адамдар өз әл-ауқатын, тұрмыс дәрежесін, ел байлығын молайтады. Кәсіпорын мен халықтың (жұртшылықтың) қаржысы арқылы мемлекеттің қаржы ресурстары құрылады (салық жүйесі, қамсыздандыру, зейнетақысына бөлу, баж салығы, ренталық, т. б. төлемдер механизмі арқылы). Бүкіл қаржы-қаражат жүйесінде шешуші рөлді мемлекеттік қаржы атқарады. Ол экономиканың жалпы жайьш, даму дәрежесін сипаттайды. Мемлекеттік қаржы-қаражаттың негізгі буыны — мемлекеттік бюджет.

Қазіргі таңда Қазақстан бюджеті — республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық болып бөлінеді. Қандай да болсын бюджет кіріс пен шығыстан тұрады. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс салдарынан елімізде бюджеттің шығысы кірісінен анағұрлым көп болып отыр. 1994 жылы республикалық бюджеттегі тапшылық (дефицит) 12,7 млрд теңгені құрады. Ол елдің ішкі жалпы өнімінің 4%-ы, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы да өсуде. Кіріс пен шығыстың айырымасын жабу үшін мемлекет ұлттық банктен қарызға кредит алады. Сонымен қатар мемлекет Халықаралық валюта қорынан, шетелдік банктерден де қарыз алып отырады. Бюджеттік қаражат тапшылығынан мемлекеттік қаржы жүйесі соңғы жылдары мынадай жақсы элементтерді қамтуда: тұрақтандыру қоры, зейнетақы қоры, т. б. әлеуметтік жағынан қорғау қорлары. Еліміздегі қаржы-қаражат экономикалық жағдайларды жандандыру үшін Қазақстан үкіметі шыгыны көп, тиімділігі жоқ, кәсіпорындарын қайта құру немесе оларды мүлдем жабу туралы шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болып отыр. Әлбетте, олардың аздаған санын банкротқа ұшыратпау үшін банктердің немесе мемлекеттің көмегімен шаралар жүйесі (санация) қолданылуы мүмкін. Қалған көпшілігі меншіктің басқа формаларына ауысуы керек.

Шығыннан арылмай жүрген кәсіпорындарға қаржы бергеннен гөрі бұл қаржыны тікелей жұмыссыздарға бөлген тиімді екені есептелді. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы ерекше орында екені белгілі. Әлемдік тәжірибеде дағдарыстан шығудың экономикалық реформаны ойдағыдай жүргізудің басты кепілі аграрлық сауданың тиімділігін арттырып, халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету. Өкінішке орай, үкіметтің аграрлық саясаты ауыл шаруашылығының ерекшелігін толық есептемеді. Қазақстанның агроөңдірістік кешенінде республикадағы материалдык өндірісте жұмыс атқаратын адамдардың 53%-ы еңбек етіп, бұл жерде жалпы өнімнің 48,7%-ы және ұлттық табыстың жартысы өндіріледі. Агроөнеркәсіп кешенінің шикізаттық бағыты қалыптасты, оның салалары арасыңда үйлесімдік жеткіліксіз.

Республикада әлеуметтік-экономикалық жағынан дәстүрлі ауыл шаруашылық өндірісімен шұғылданатын артта қалған аудандар саны да 70-тен астам. Еліміздің жер телімдерінің едәуір бөлігі экологиялық жағынан зардап шегуде. Оның үстіне ауылдағы техника ескіріп, істен шығуда, жанармай, қосымша бөлшектер бағасы шарықтап кетті. Өнеркәсіп тауарлары мен ауыл өнімдерінің бағасы арасындағы алшақтық та жұртқа белгілі. Мысалы, негізінен аграрлық саладан тұратын Торғай облысында бағаның өсуін есептегенде, облыс бюджетіне 440 млн теңге кіріс түседі екен. Ал әлеуметтік саланы, халық шаруашылығының, кұқық қорғау, мемлекеттік өкімет, басқару оргаңдарын ұстауға және басқа да шығындарды косқанда, барлығы 1100 млн теңге қажет.

Ауыл шаруашылык министрлігінің мәліметі бойынша, ұлттық валютаны енгізіп, бағаны тағайындағанда ауыл кем дегенде, 12 млрд. теңгеден айрылды. Ауылдағы тұрғындардың әл-ауқаты төмеңдеп, күн-көрістің нашарлауы — үкіметтің аграрлық саясатының сәтсіздігінің сөзсіз айғағы. Батыс елдерінде жүздеген жылдар бойы қалыптасқан фермерлік қожалықты біздің елге телудің тиімсіздігі айқын. Сондықтан да үкімет нұскауына сәйкес Қазақстан ауыл шаруашылығында меншіктің түрлі формаларына жол ашық, оның ішінде, қазіргі таңда кооперативтік меншік, мемлекеттік меншіктің де атқаратын рөлін есептеу керек.

Тиімділігі мол меншіктің қай түрі болса да, жақсы екені күмәнсіз. Бюджет тапшылығы — инфляцияның басты себебі. Инфляция дегеніміз айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Инфляцияны шектеу жолдарына тоқтамастан бұрын баспасөзде, қоғамдық пікірде орын алған монетарлық саясат жөнінде қысқаша шолу жасасақ, бұл саясат батыс экономистері дәріптеген бағыт, оның негізгі ережесі — мемлекеттің шаруашылыққа араласуын шектеу, жұмысшы күші мен тауар капиталының айналыстағы ақшаның қажетті көлемін сақтау арқылы тек қаржы құралдарымен ғана реттеу.

Қаржы-қаражат жүйесіндегі бар ерекшелік — қаржы нарығының қалыптасуы. Қаржы нарығында қаражат ресурстарын сатып алу—сату орын алады. Өйткені, ақшаның өзі де түптеп келгенінде барлық тауарлар сияқты — ол да тауар. Бұрынғы орталықтанған жоспарлы экономика жүйесінде ақшаның бұл қасиеті қолданылмады.

Қаржы нарығындағы ең маңызды элемент — бағалы қағаздар, акционерлік қоғам шығаратын — акциялар мен облигациялар, коммерциялық жэне банк вексельдері, сертификаттары. Бағалы қағаздар нарығына казначейлік міндеттемелер, займ облигациялары да жатады.
Қазақстан Республикасында 1994 ж. сәуір айынан бастап мемлекеттік қысқа мерзімді вексельдерді ашық сату (аукциондарда) өткізіле бастады. Алғашқы үш аукционда қаржы министрлігі сатуға белгілеген казначейлік вексельдер мөлшері нақтылы сатылған вексельдерден едәуір көп болды. Кейін министрлік ұсыныс көлемін азайтып, сату жағдайын тұрақтандырып, дисконт ставкаларын көтеруге жағдай жасады. Дисконт ставкасы дегеніміз банктердің вексельдерді есептемегенде алатын пайыздық үстеме үшін банктердің көпшілігі осы аукциондарға бәсекелік негізінде қатысуына байланысты түсім.

Қаржы жүйесі жалпы өнімнің ұлттық табыстың қайда бөлінуінің барлық процестерін көрсетеді. Ол — мемлекет тарапынан экономиканы реттеудің формасы. Мемлекет қаржы ресурстарын жинайды, оларды бөледі жөне қайта бөлуге түсіреді, елдің қаржы заңына сәйкес қаражатты пайдалануда оның қызметін атқаруға пайдаланады. Қазақстан экономикасын терең дағдарыстан шығарудың басты жолы — қазіргі кезеңдегі әлемдік экономикалық ілімнің табыстарын біздің елге сәйкес пайдалану, оны меңгерген жас мамандар даярлау. Осы мамандарды жаңа өтпелі дәуірдің қиыншылықтары мен ерекшеліктеріне көңіл бөліп, макроэкономикалық реттеудің құралдары: баға, өндіріс көлемдері, жиынтық шығындар, айналымдағы ақша мөлшері, ұсынысы мол ақшаны қажет ету, нақтылы жалақы тәрізді ұғымдарды жаңаша ойлап, туған Отанымыздың өркендеуі үшін қызметке жұмылдыру ізгі талап.

Материалы конференции «Преобразование отношений собственности — основа формирования рыночной экономики
в Казахстане». — Алматы, 1995.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>