iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Күз туралы слайд

Бұл мәлімет 2 124 рет қаралды

Слайд тақырыбы: Күз туралы. Слайд 9 беттен тұрады. Бұл слайдта күз мезгілі, күзге байланысты өлең шумақтары бар. Төрт мезгілдердің ішіндегі ең сұлуы күз деуге болады. Себебі айналаның барлығы сап-сары кілемге оралғандай секілді. Барған сайын күн қысқара беріп, керісінше тұн ұзара беретін уақыт. Кө аспан төбесінен бұлттар шығып, күркіреп найзағаймен бірге жаңбыр да жауып тұрады. Күн сәулесі аз көріне бастап, аз жылуын төгуде. Кейбір кездерде таңға жуық салқындау болып келетіні бар. Ызғары жел арық малды, жұқа киімдіні жаурата бастады. Адамдар күземін алған, киізін де басып алды. Масалар, шыбындар мен құрт-құмырсқа өз жөндерімен кетіп, құстарда әдетінше жылы жаққа ұшып кетті. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Талдардың жапырақтары мен шөптері де сарғаяп қурап жатыр. Егіншілер болса қысқа астықтарын теріп алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын асыға күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаздыгүні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>