iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Көтерме сауда, оның мәні және маңызы

Бұл мәлімет 385 рет қаралды

Көтерме саудагердің маркетингтік шешімдері: 1. Сатып алу көлемін, көтерме сауда сатып алушылар түрлерін, қосымша қызметтерді ұсынудың қажеттігін есепке ала отырып мақсатты нарықты анықтау. 2. Кеңдігі мен терендігі бойынша жеке саудагерлердің талаптарына сәйкес келетін және қорлар мен сақтауды түзу мүмкіндігін есепке алатын тауар түрлерін қапыптастыру. 3. Клиенттерді тартуға бағытталған (сатып алу көлемінің артуы үшін бағаны төмендету, несиені ұсыну) бағаны белгілеу. 4. Негізінен персоналды сату, іскер қатынастарды қалыптастыру және қолдаумен байланысты алға басу.

Мыналар бойынша шешім қабылдауды қоса алғанда: тапсырысты қабылдау мен өңдеу; қоймаға сақтау; тауар қорын қалыптастыру; тасымалдау бойынша тауардың фнзикалық ағынын ұйымдастыру (маркетингтік логистика). Сауда делдалын таңдау. Маркетинг жүйесінде оның көмегімен сауда делдалын таңдау мен бағалауға болатын әр түрлі критерийлер бар: Қаржы сенімділігі: қаржыландырудың қайнар көздері, төлем қабілеттілігі, бизнесті жүргізу тәжірибесі. Маркетингтік саясат: стратегиялық шешімдер, бәсекелестік артықшылықтар, тауар, баға, коммуникативті саясат. Өтімділік торабының жағдайы: материалдық-техникалық база, сауда қозғалысы, тауар қорлары, нарықты қамту. Даңқтылық және атақтылық: имидж және тауар таңбасы, персоналды кәсіби даярлау, ассоциация мен бірлестіктерге мүшелік. Көтерме сауда — тауарды өндірушіден үлкен көлемде сатып алу және оларды делдал арқылы қайта өндеушілерге (өнеркәсіптер, қолөнершілер), жеке сауда және корпоративті клиенттерге (қызмет көрсету аясындағы кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелерге) кайта сату кызметі.

Ірі көтерме саудагерлерге өз тауарларын сата отырып өндіруші нарықтың белгілі көлемдегі үлесін қадағалайды және өзінің өткізу шығындарын төмендетеді. Сондықтан өндірушілер өз тауарларын ұсақ тұтынушыларға сатудан бас тарта отырып көтерме саудагерлер қызметін пайдаланады.

Делдал арқылы өнімді өткізу мынадай жағдайларда тиімді:

—   нарық көлденең болса (экономиканың әрбір секторындағы көптеген түлынушылар) және өтімді өтімділік торын құруды талап етсе, ал оны ұйымдастыруға қажетті кұралдар өндірушіде жетіспеген жағдайда;
—   делдалдардың саны әдетте аймақтық базалық өндірушілер қоймасының санын арттырады;
—   нарық географиялық түрде шашып тасталынады, ал өтімділіктің көлемі әрбір географиялық зонада тікелей өтімділік шығынын ақтау үшін жеткіліксіз болғандықтан, тікелей байланыстар рентабельді болмаса;
—   үлкен емес партиялар тауарларын тез арада жеткізу талап етіледі (алып делдалдардың көпсанды қоймалары бұл жұмысты тез және дұрыс жасай алады);
—   сату бағасы мен өзіндік қүн арасындағы айырмашылық үлкен емес, сондықтан өзіндік өтімділік мазмұны ақталмаған;
—   алып партияларды көп емес санды делдалдар қатарына қоя отырып, тасымал шығындарын үнемдеу қажет;
—   өндіріс құралдарын стандарттау үрдісі күшеюде, ал мүндай жағдайда сатып алушыны тауарды жеткізудің бағасы, жылдамдығы және жеткізудің оңайлығы қызықтырады. Тапсырыстардың сипаты мен төмен көлемі өндірушіге делдалсыз мүмкін болмас еді;
—   сатып алушы жалғасқан қызметтерді неғұрлым көп талап етеді. Оларды жиірек делдалға үсыну оңайырақ;
—   өнім көптеген өндіріс салаларының түтынушыларымен өткізілуі, ал барлығын немесе олардың көп бөлігін тиімді түрде қамту көтерме делдалдарды пайдалану арқылы мүмкін болады;
—   тұтынушылар қойма және транзиттік өндеу үшін қолайсыз өнімді ұсақ партиялармен сатып алуды жөн көреді.

Көптеген өндірушілер үшін делдалдар ақылға қонымды балама немесе тікелей сатуды пайдаланудағы бүрынғы бағамды толықтыру болуы мүмкін. Тұтынушылар сонымен қатар делдалдардан тауарды сатып алуға мүдделі, бұл жағдайда таңдаудың баламасы болады, айналым шығыны төмендейді, ұзақ мерзімді өзара қатынас және нарыққа бейімделу қалыптасады. ҚР-да көтерме саудаға жеке саудагер мен тұтынушы арасындағы делдалдарды немесе өзге сферадағы тұтынушыларды жатқызады. Көтерме сауданың жеке саудаға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, көтерме саудагер кәсіби клиенттермен артықшылықты қызмет жасайды. Екіншіден, көлемі бойынша көтерме сауда мәмілесі жеке саудаға қарағанда үлкен. Үшіншіден, көтерме және жеке дүкендерге қатысты салық пен оны құқықтық реттеу әр түрлі. Көтерме сауда өндірістік мақсат тауары бойынша сондай-ақ тұтынушы тауары, аралас түрде жүзеге асырылады.

Дамыған мемлекеттерде бұл қандай да бір өндірістік компанияға жататын, фирмалық дүкендер мен көтерме сауда базасын құру сызығы бойынша, сондай-ақ өндірістік фирмалармен тығыз қарым-қатынаста қызмет ететін алып сауда компанияларын құру жолымен жүзеге асырылады. Көтерме сауда өзінің тауар жеткізушілеріне, сонымен қатар тұтынушыларға қызмет көрсетеді.
Тауар жеткізушіге қызмет көрсетулер:
1) нарықтық қажеттіліктер бағасы сұранысты болжамдайды және тиісінше тауар сатып алуды кеңейтеді;
2) тұтынушы сұранысына, тауардың түрі мен оны буып-түюге тәуелділікте қайта топтау тауарды стандарттайды және іріктейді;
3) қорларды сақтау: клиентті толық құрамды тауар қорының жиынтығын ұстанудың қажеттілігінен босатады;
4) тауарды жеткізу: көтерме саудагер жүкті төмен баға, қатаң түрде кесте және тұтынушының қақпасына жүкті жеткізуге мүмкіндік беретін өзіндік тасымал құралдарын иемденеді;
5) тауар түрінде клиенттерге несие ұсыну;
6) ақпараттар мен кеңес қызметін ұсыну. Осы фирмалардың қызметкерлері әдетте сатылатын өнім саласындағы мамандар болып табылады, олар сонымен қатар тауар туралы техникалық және бағалық ақпараттарды қамтамасыз етеді.

Көтерме саудагерлердің көрсететін қызметтері:
1) көтерме саудагердің қызметін пайдалана отырып компания тауар агенттіктерінің санын азайтуы мүмкін, көтерме саудагер сонымен қатар өнімді жарнамалауға да қатысады;
2) сақтау бойынша өндірушінің шығындарын қысқартатын тауар қорын сақтау;
3) өндіріс процесін кері капиталда қажеттіліктерді төмендететін тапсырыс жүйесі арқылы қаржыландыру мен жоспарлауды жеңілдету;
4) несие тэуекелділігін азайту, көтерме саудагер сатып алушының несие қабілеттілігі жағдайы туралы хабарландырылған;
5) сатып алушыға жақындай отырып, нарықтық ақпараттарды үсыну, көтерме саудагер нарықты тауармен толтыру жэне тапсырыс үрдістері туралы нақты мәліметтерді біледі.

Өндіріске арналған тауар саудасында түтынушы тауарына қарағанда КС (көтерме саудагер) функциясын белгілі бір бөлікте өнім өндірушілердің өздері атқарады. Олардың мамандандырылған көтерме сауда бөлімшелері станок, құралжабдық, машина өтімділігінің ішкі нарығындағы жағдайды талдайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Маркетинг: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған: Ә.Ә. Әбішев, В.В. Герасименко, С.А. Каленова. — Алматы: Экономика, 2014. — 616 б. Мәлімет оқулықтың 243-ші бетінен алынды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>