dna

Генетикалық кодтың құрылымы

Белок молекуласының синтез туралы генетикалық ақпараттар ДНҚ молекуласында генетикалық код түрінде жазылған. Генетикалық код, оның құрылымы және қасиеті өткен ғасырдың 60 жылдары ашылған. Генетикалық кодтың құрылымы үш азоттық негізбен сипатталады. Ол кодон деп аталады. Нуклеотидтердің мүмкін 64 (4 х 4 х 4) үйлесімінен (кодондарынан) 61 полипептидтегі аминқышқылдарын кодтайды. Үш кодон полипептидте аминқышқылын кодтамайды, олар тек полипептид синтезін тоқтатады. Сондықтан-да олар стоп-кодондар немесе терминациялаушы кодондар деп аталады. Сонымен, полипептидті тізбекте бір код бір аминқышқылын кодтайды (19-кесте). Генетикалық кодтың қасиеті бірнеше. Генетикалық код бірін-бірі жаппайды, бір сызықтың бойында орналасқан және кодондар арасында бос кеңістік болмайды.

Генетикалық кодтың бірін-бірі жаппайтыны кез келген азоттық негіздің тек бір кодонға ғана сай келетініне байланысты болады. Азоттық негіз екі кодонға бір мезетте сәйкес келмейді. Мысалы, ААГАУАГЦА тізбегінде мынадай үш кодон болады, ААГ, АУА, ГЦА немесе бірін-бірі жаппайтын мынадай кодондар болады: ААГ, АГА, ГАУ және т.с.с. ДНҚ молекуласы түзу сызықты полимер болғандықтан код та түзу сызықты болады. Азоттық негіздердің триплеті сипатындағы кодондар ДНҚ молекуласында түзу сызық бойында 5′ -> 3′ бағытында орналасады және кодондар арасында бос кеңістік болмайды. Генетикалық код арқылы синтезделетін полипептидті тізбектегі бір аминқышқылына бірнеше код сәйкес келуі мүмкін. Бұл метионин және триптофан аминқышқылдарынан басқа барлық аминқышқылдарға тән.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.