iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Евгений Григорьевич Брусиловский өмірбаяны

Бұл мәлімет 824 рет қаралды

Евгений Григорьевич Брусиловский (12.11.1905 ж., Дондағы Ростов қаласы — 09.05.1981 ж., Москва каласы) — композитор, қазақ кеңестік музыка өнерінің негізін салушылардың бірі, ҚазКСР халык әртісі (1936), профессор (1955), КСРО (1948) және КазКСР (1967) Мемлекеттік сыйлықтарынын лауреаты. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясын М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген (1931). 1933 — 1970 жж. Алматы қаласында тұрған. Музыкалық-драмалык техникумның (қазіргі П.И. Чайковский атындағы музыкалық училище) ғылыми кабинетінде қызмет етті. Казақ музыкалық фольклорын игеруді колға алып, сол жерде әйгілі кәсіби халық сазгерлерінен өлең мен күйлерді жазып ала бастады.

«Қандай музыка жазбасам да, ол казак музыкасы болып шыға берді…» — деген екен қазіргі музыкалык өнердің ақсақалы Евгений Григорьевич Брусиловский. Шынымен де, халык сүйіп тындайтын «Гүлденген Қазақстан», «Алтай», «Қос қарлығаш», «Шолпан» ғажайып әндері интернационалист-композитордың қаламынан шыкқан туындылар екені қазіргі кезенде де таң қалдырады. Е.Г. Брусиловскийдің Қазак КСР әнұранының авторларының бірі ретінде жарты ғасыр бұрын жазылған әуені халык әндерінің классикалық үлгісі болып табылады. Бір тарихи оқиға ерекше еске түседі. 50-ші жылдардың соңында «Дударай» операсының бірінші койылымынан кейін Е. Брусиловский қатты сынға ұшырады, өйткені оның сол шығармадағы революцияның басшысы Артем бастаған орыс балык аулаушыларының Оейнесі қазақтарға карағанда онша қызықтырмады. Бұл таңкаларлық тарихи жағдай!

Евгений Григорьевич Брусиловский шығармаларының көркемдік-эстетикалық маңызы, оның ұлттык мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына, шығармашылық мұрасының қазіргі заман контекстінде алғанда музыкалық дайындық пен білім беру саласына қосқан үлесі аукымды және салмақты. Евгений Брусиловскийдің аты Қазақстан тарихына өткен ғасырдың 30-шы жылдарында енді. Оның ауқымды және сомдалған шығармашылығы жарты ғасыр уақытты қамтып, кейінде Ресейдін астанасында тұрған кезенде (1970 ж. бастап) жалғасын тапты. Бұл кезенде ол казақ тақырыптарын дамытуды жалғастырып, дүниетанымына жақын идеялар мен бейнелерді іске асырды. Москвада екі симфония (оның біреуінде шертпе күй атасы Тәттімбеттің бейнесі елестейді), «Ақсаққұлан» аңыз-балеті, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» балеті (бұл лиро-эпикалык эпостың поэтикалык сюжеті кезінде А.С. Пушкинді қызықтырған, ол оның вариантының бірін жазып алған), аса бағалы «Дударайдың» жаңа редакциясын және де басқа шығармаларын жазды.

Республиканың халық артисі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, профессор Е.Г. Брусиловский тоғыз операның, сегіз симфонияның, үш балеттің, көптеген ән-романстардың, кинофильмдер музыкасының және басқа да көптеген шығармалардың авторы. Композитор өзінің өнімді және жан-жақты шығармашылығында Қазақстанның музыкалық өмірінің тарихи жолын шеберлікпен жан-жақты көрсетті, қазақ халқының рухани сұлулығын, өткені мен бүгінін бейнеледі. Е.Г. Брусиловскийдің шығармашылық дарыны дәстүрлі мәдениет негіздерін терең түсінуі арқылы толық ашылды. Ленинград консерваториясын бітірген, орыстың классикалық мектебінің демократиялық дәстүрлерінде тәрбиеленген Евгений Брусиловский өзінің композиторлық және қоғамдық-педагогикалық кызметін ұзак уакыт бойы қазақ өнеріне арнады. Ал қазақ өнері оның барлық музыкалық шығармашылығына көркемдік мазмұн беріп, шығармашылық саражол ашты.
Евгений Брусиловский 1933 жылы Қазақстанға келісімен әндік-аспаптық музыканы зерттеуге қатты қызығып, жазып ала бастайды.
Композитор үшін күшті шығармашылық стимул аса бай рухани аура болды — халықтық музыка дәстүрлері әлі тірі болатын, музыкалық-поэтикалык айтыстардын фольклорлық түрлері де кең тараған еді. Осындай жағдайда Евгений Брусиловскийге осы мәдениет тұрлерін ұстаушылармен тікелей араласудың сәті түсті, дарынды шебер домбырашылардың, маман әншілердің, суырыпсалма ақындардың өнерін үнемі естіп жүруге, жазып алуға мүмкіндік туды. Бұлар — керемет тума дарындар — күйшілер Науша және Махамбет Бөкейхановтар, У. Қабиғожин, Л. Мұхитов, Қ. Медетов, әнші Ә. Қашаубаев, ақын И. Байзаков және басқалар. Олардың орындау мәнері, сирек кездесетін шығармашылық дарыны, табиғи артистік қабілеттері жөнінде композитор өз күнделіктерінде ыстық ықыласпен еске алады. Көркемдік-эстетикалық танымының, ұлттық ерекшеліктерді қабылдау критерийлерінің қалыптасуына, халық шығармашылығының локальды-стильдік негіздерін танып білуіне композиторға қазақ әдебиеті мен өнерінің негізін салушылармен көп жылдық достығы әсер етті. Ол өмір бойы Мұхтар Әуезовті табына сьтйлап өтті, М. Төлебаевты туғанындай жақын көрді. Б. Майлин мен Ғ. Мүсіреповтің либреттоларына опералық шығармалар жазды. Ә. Тәжібаевтің өлеңіне әйгілі «Қос қарлығаш» әнін шығарды.

Алғашқы қазақ музыкалық спектакльдері «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғынға» катысқан режиссерлер, сценаристер, орындаушылар: Қ. Жандарбеков, Күләш және Қанабек Байсейітовтер, С. Қамалов, Ж. Шанин, М. Ержанов, Ғ. Құрманғалиев және басқалар жайында үнемі еске алып, жылы сезіммен әңгімелейтін. Композитордың фольклорлық кызметінін нәтижесінде 250 ән мен күй жазылып алынды. Е.Г. Брусиловский бұлардың көбін дауысқа, оркестрге, фортепианоға арнап өндеді.

Халықтың музыкалық және поэтикалық мұрасының негіздерін терең сезіну композиторға жаңа шығармашылык мүмкіндіктер тудырды, ол ірі музыкалық-сахналық шығармалар жасауға кірісті. Ол өзінің шығармашылык мүмкіндіктерін алғашқы опералары «Қыз Жібек» (13 қаңтар 1934 ж.), «Жалбыр» (17 қараша 1935 ж.), «Ер Тарғынды» (15 каңтар 1937 ж.) қойған кезде көрсетті. Аталған опералық шығармалар композитор шығармашылығындағы ерекше үштікті кұрайды. Бәлардың музыкалық-поэтикалық тілі түгелімен қазақ фольклорының ең жақсы үлгілерінің, халық композиторларының әндік-аспаптық шығармаларының (Құрманғазы күйлері, халық күйлері «Ақсакал», «Тепеңкөк», Ыбырайдың, Мұхиттың, Естайдың, Жаяу Мұсаның, т.б. әңдері) негізінде құрылды. Қазақмелосының әуендік-ладтық, ырғақтық байлығын, композициялық-құрылымдық ерекшеліктерін шығармашылыкпен игеру жоғарыда аталған опералық шығармалардың сәтті шығуына құнарлы топырақ ретінде қызмет етті.

Евгений Брусиловскийдін шығармашылық мұрасын бағалаған кезде тарихи шындықтармен қатар мәдениеттердің жалғастығы принциптерін де басшылықа алу керек. Себебі әрбір ұрпақ өз дәуірінің көркемдік-эстетикалық және дүниетанымдық ұстанымдарын өзінше анықтайды.
Бұл тұрғыда Евгений Брусиловский шығармашылығы жарқын мысал және оның тарихи рөлі өте жоғары, өйткені композитор-суреткердің музыкасы — уақыт көшін байланыстырушы желі, халық шығармашылығындағы дәстүрлер жалғастығы мен орындаушылығының өзіндік айнасы, халықтың көп ғасырлық даналығын жаңарған, кайта туған мәдениетпен байланысты-ратын алтын арқау. Композитор рухани және материалдық құндылықтарды, халықтың этикалық, адами-психологиялық ұстанымдарын, оның прогрессивті салттары мен моральдық нормаларын жан дүниесімен игере келіп, қызметтері мен тұрмыстағы орнының көкжиегін кеңейтті, оларды жалғастыра, корыта келіп, өзінің көп жанрлы шығармашылығында жана деңгейде бейнеледі. Дәл осы опера жанрында композитор фольклор мен казак халқының көркемдік дәстүрлеріндегі бай опералық белгілерді жан-жақты пайдаланды.

Бүкіл қызметінің өн бойында өзінің шығармашылық фантазиясын мәңгі тірі фольклорлық образдармен, мелостармен, жанрлармен байытып қана қойған жоқ, жылдар өте, оның музыкасы көрсеткендей, есту кабілетінің күші мен композиторлық тәжірибесінін халықтық сипаты мол өзіндік мелодиялық түр жасауға мүмкіндік берді. Осының арқасында үйлесімді көркемдік синтезге қол жеткізілді. Евгений Брусиловский — «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935), «Ер Тарғын» (1936), «Гвардия, алға!» (1942), «Амангелді» (М. Төлебаевпен бірігіп, 1945), «Дударай» (1953) операларының, «Гуляндом» (1940), «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» (1966) балеттерінің, «Сарыарқа» (III, 1944), «Целинная» (IV, 1957), «Құрманғазы» (VI, 1965) т.б. симфониялардың, «Советтік Қазақстан» (1947) кантатасының, «Біздің совхозда» (1957) атты акапелла хорына арналған сюитасының, скрипка мен фортепианоға арналған «Бозайғыр» сюитаның (1954), труба мен фортепианоға арналған скерцоның (1964), труба мен оркестрге арналған концерттің (1967), виолончель мен оркестрге арналған концерттің (1970), 50-ден астам әндер мен романстардың (Жамбыл сөздеріне жазылған әндер циклы (1964), «Қос карлығаш» (1950), «Знаменосец мира» (1950), «Шолпан» (1950) авторы. Дауыс пен фортепианоға, хорға және фортепианоға арнап 100-ге жуық қазақ халык әндерін өндеген. Е. Брусиловскийдің қазақ халық аспаптар оркестріне арналған шығармалары — «Иса Байзақов есіміне арналған желдірме» (1949), «30 жас» (1950) мерекелік поэмасы, т.б. ерекше көзге түседі. Ол сонымен бірге кинофильмдерге, театрлық қойылымдарға музыка жазған. ҚазКСР Мемлекеттік гимнінің авторы (М. Төлебаев, Л. Хамидимен бірігіп, 1945).

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>