iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Экономикадағы тепе-теңдік

Бұл мәлімет 256 рет қаралды

Макроэкономикалық тепе-теңдік — жоспарланған шығыс өндірілген табысқа тең түсетін экономикалық жағдай. Тепе-теңдік жағдайында фирмалар мен үй шаруашылығында өзгерістерге ұмтылдыратын қандай да бір себеп болмайды. Макроэкономикалық тепе-теңдік жағдайы төмендегі суретте бейнеленген.ekonomikalik-tepe-tendik

Экономиканың тепе-теңдігі жоспарланған шығыс сызығы «кіріс = шығыс» (Ү = АЕ) сызығымен қиылысатын Е нүктесінде жатыр. Табыстың кез келген деңгейінде экономика тепе-теңдік жағдайында болмайды, іскерлік фирма өз жағдайын өзгерту қажеттілігінен құтыла алмайды: ол қордың жоспардан тыс азаюынан Y* тепе-тең шығарылым сол жақтағы нүктесінде бола отырып, шығарылымды арттырады немесе қордың жоспардан тыс көбеюі салдарынан тепе-тең шығарылымның оң жақтағы нүктесінде болып, шығарылымды кемітеді.

 

Тепе-теңдік нүктесінде:
—  табыс шығысқа тең;
—  жоспарланоаған инвестиция 0-ге тең;
—  жоспарланған шығыс өндірілген табысқа тең.

Кейнсиандық үлгіде тепе-теңдік жағдайын жоспарланған инвестиция жоспарланған жинақ ақшаға тең түсетін жағдай ретінде де анықтауға болады. Инвестицияның жинақ ақшамен теңдігін былайша да көрсетуге болады: шығыс құрамдас бөліктері бойынша табыс: Y = C + I, пайдалану құрамдас бөліктері бойынша табыс: Y = C + S, бұдан: C + I = Ү = С + S және I = S.
Осылайша, жай кейнсиандық үлгіде экономика тепе-теңдік жағдайына жетеді:
—  жиынтық шығарылым жоспарланған шығысқа тең кезінде (Ү = АЕ);
—  жоспарланған инвестиция жоспарлы жинақ ақшаға тең түскенде (I = S).

Жоспарлы инвестиция жоспарлы жинақ ақшаға тең болған жағдайда экономикадағы шығарылым жоспарлы шығысқа тең түседі. Үй шаруашылығының жинақ ақшасы шығыс ағынынан өндіріліп алынады, ал инвестиция экономикаға құйылады. Егер жинақ ақша инвестициядан асып түссе, онда экономикадан түскен түсім экономикаға құйылған инвестициядан асып түседі және жиынтық жоспарлы шығыс өндірілген шығарылымнан (табыстан) аз болады. Жинақ ақша экономикаға құйылған инвестициядан аз болса, жоспарланған жиынтық шығыс шығарылымнан (табыстан) асып түседі.

Жиынтық шығыстың өзге құрамдас бөліктері
Біз осы жерге дейін назарымыздан тыс қалдырып келген жиынтық шығыстың екі өзге құрамдас бөлігін — G мемлекеттік шығыс пен NX таза экспортты үлгіге енгізетін боламыз. Біз мемлекеттік шығыс пен таза экспортты табысқа тәуелді болмайтын құрамдас бөліктері ретінде, яғни оларды дербес шама ретінде қарастырамыз. Дербес шығыс жиынтық жоспарланған шығысты арттырады және жоспарлы шығыс сызығын Ү = АЕ сызығының бойымен жылжытады. Енді тұжырым жасап, қорытынды шығаруға болады. Жиынтық шығыс функциясы бірнеше дербес шаманың сомасы және тұтыну функциясы ретінде берілуі мүмкін. Табысқа тәуелді емес дербес шамалар шығысқа бір типті әсер етеді: олардың өзгерісі жоспарлы шығысты Ү = АЕ сызығының бойымен жылжытады. Сол себепті, оларды А бірыңғай параметріне біріктіруге болады:

A = Ca + I + G + NX дербес шамасы. Жиынтық шығыс функциясын былай жазуға болады: AE = A + mpcY.
АЕ = Y тепе-тең болғанда, тепе-теңдік табыс: Y = A + трсҮ

Бұл теңдікті басқа тәсілмен де көрсетуге болады: тепе-тең табыс жинақ ақшаға бейімділік шегіне (ақша жинауға бейімділік шегі бірден тұтынуға бейімділік шегін алып тастағанға тең) бөлінген жоспарланған дербес шығысқа тең. Бұл экономикалық тұрғыдан мынаны білдіреді: экономикадағы табыс, жинақ ақша түрінде шығыс ағынынан жылыстағандарды шегеріп тастағандағы жиынтық дербес шығысқа тең.

Мультипликатор әсері
«Кіріс-шығыс» үлгісінің іргелі идеяларының бірі — жиынтық шығыс функциясын жылжытатын факторлар өз шамасын өзгертуден бұрын ұлттық табысқа көп әсерін тигізеді.

Дербес шама көптеген экзогендік себептердің әсерінен өзгереді. Мәселен, экономиканың өсу келешегіне қатысты кәсіпкерлердің оптимизмі инвестицияны арттырады және осылайша жиынтық шығысты көбейтеді. Табысты молайтуға қатысты үй шаруашылығының үміт-сенімі тұтыну шығысын көбейтуге ынталандырады. Керісінше, пессимистік көзқарас дербес шығыстың қандай да бір құрамдас бөлігінің азаюына және осыған орай жиынтық сұраныстың кемуіне себепкер болады. Тепе-тең табыс теңдеуінен мынадай тұжырым шығады: табыстың артуы (кемуі) дербес шаманың қандай да бір шамаға артуынан (кемуінен) табыстың артуы (кемуі) дәл сол шамадан жоғары болады, өйткені бөлімі бірліктен аз. Табыстың өсімі дербес шығыстың өсімімен және шамасы тұтыну функциясының түріне тәуелді коэффициент шамасымен анықталады.

Мысал. Айталық, экономикада инвестиция 1 млрд. теңгеге артты деп. Егер мұнда тұтынуға бейімділіктің шегі 0,8-ге тең болса, ұлттық табыстың артуы: Y = 1 млрд. теңге / (1 — 0,8) = 5 млрд. теңге; яғни, инвестиция 1 млрд. теңгеге артқанда, табыс (шығарылым) 5 млрд.теңгеге көбейеді.

Дербес шамаға қарағанда табыстың көп арту нәтижесі түрінде көрініс тапқан экономикалық құбылыс мынаған байланысты туындаған болатын: экономикада қандай да бір субъектінің шығысы бір мезгілде экономиканың өзге субъектісінің табысы болып табылады. Олар бұл табысты өз кезегінде тұтынуға, инвестицияға және өзге мақсаттарға пайдаланады. Осылайша, табыстың артуына, табыстың артуынан орын алатын дербес шаманың еселік артуына қол жеткізуге болады.

Шығыс мультипликаторы бұл шығарылым өзгерісін тудырған дербес шығыстың өзгерісіне қатысты шығарылым өзгерісін көрсететін коэффициент: ∆Ү/∆А = mмұнда: m — шығыс мультипликаторы. m шамасы тұтынуға бейімділіктің шегіне тәуелді. m = 1/(1 — трс).

Сандық мысал арқылы жоғарыда келтірілген тұтынуға бейімділік шегі 0,8-ге тең. Сонда шығыс мультипликаторы 5-ке тең: т = 1/(1-трс) = 1/0,2 = 5. Бұл жағдайда дербес шығыстың 100 млрд. теңгеге артуы табысты 500 млрд. теңгеге көбейтеді: ∆Y = A/(1 трс) = т * ∆А = 5 * 100 млрд. теңге = = 500 млрд. теңге. Егер тұтынуға бейімділік шегі, айталық, 0,5-ке дейін кемитін болса, онда мультипликатор шамасы 2-ні құрайды.

Мультипликативтік әсердің дербес шығыстан азаюы екінші жағдайда (трс кемігенде) былайша түсіндіріледі: тұтынуға бейімділік шегі кемігенде бір мезгілде ақша жинауға бейімділік шегі артады. Бұл экономикада шығыс ағынынан жылыстаудың көбейгенін білдіреді. Нәтижесінде шығыстың аз мөлшері экономикадағы өзге субъектінің табысына (содан соң шығысқа) айналады. Шығыстың жалпы ағыны азаяды, әрі ол жалпы табыстың (өнімнің) кем өсімінде көрініс табады. Мультипликаторды ақша жинауға қатысты шекті бейімділік арқылы жазуға болады: m = 1/mps.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Макроэкономика: Оқу құралы / Жалпы ред. басқарғандар: Ә.Ә. Әбішев, К.А. Хубиев. Басылым ықшамдалып алынды. — Алматы: «Экономика», 2008. — 368 бет. Мәлімет оқулықтың 135-ші бетінен алынды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>