Мир после войны

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем

Алты жылға созылған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін миллиондаған адамдардың өмірін киып, халыққа асқан қайғы-қасірет әкелді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдар Еуропа елдеріндегі адам шығыны 50 млн. адамды құрады. Азия мен Африканың халқы бір-бірімен соғысып жатқан әр түрлі армияның қатарында ұрыса отырып, ауыр шығынға ұшырады. Жапониямен 8 жыл соғыс кезінде Қытайдың шығыны — өлгені бар, жараланғаны бар 18 млн. адамды құрады. Жапон басқыншылығы жылдары ауыр еңбекпен, титықтап-зорығудан 4 млн индонезиялық қайтыс болды. Еуропадағы соғыстан кейінгі шекаралар анықталды. Германиядан Шығыс Пруссия бөлініп шықты. Польшамен шекара Одер-Нейс желілері бойынша өтті.

Бастапқы кезде Германиядағы жоғарғы билікті өздері басып алған аймақтарда КСРО, АҚШ, Англия және Франция Қарулы күштерінің бас қолбасшылары жүргізуі тиіс болды. Бүкіл Германия үшін ортақ мәселелер бойынша олар Бақылау кеңесінің мүшелері ретінде әрекет етуі тиіс еді. Германия төрт аймаққа жіктелді. Кеңестік аймақта орналасқан Берлин Бақылау Кеңесінің резиденциясы болды, ал оның батыс бөлігіне АҚШ, Англия және Франция әскерлері жіберілді. Париж бітім конференциясы (1946 ж.) мемлекет және үкімет басшыларының қатысуынсыз өтті. Соғыстағы Германияның бұрынғы одақтастары Болгариямен, Венгриямен, Италиямен, Румыниямен және Финляндиямен бітімшартының жобалары әзірленді. Болгария мен Венгрия 1919 жылғы шекараларында қалды. Румыния ұстаған Бессарабия КСРО-ға қайтарылды. Италия бүкіл отарынан айырылып, оның аумағының бір бөлігі Грекия мен Югославияға өтті. Финляндия КСРО-ға Печенга облысын берді.

ГДР мен ГФР-дің құрылуы. Кеңес үкіметі Ялта, Потсдам конференциясының шешімдерінен шыға отырып, Герман мәселесін талқылау кезінде бейбіт, демократиялық негізде Германия бірлігін қалпына келтірудің өзгеріссіз бағытын ұстанды. Соған қарамастан Екінші дүниежүзілік соғыстағы КСРО-ның бұрынғы одақтастары АҚШ, Англия, Франция Германияның жіктеліп, оның батысында милитаристік жікшілдік мемлекетін құруға ұмтылды. 1945-1948 жылдар бойында үш Батыс мемлекет пен КСРО өкілдерінің кездесулері оң нәтижесін бермеді. 1949 жылы Германияның батыс аймақтары біріктірілді. Межеленудің аймақаралық желілері мемлекеттік шекараға айналуына алып келді. 1949 жылы 14 тамызда батыс аймақтарда парламент сайлауы етіп, 7 қыркүйекте жаңа мемлекет Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде 7 қазанда басқа мемлекет — Германия Демократиялық Республикасы құрылды.

Экономикалық тұрақтылық. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ өзінің қуатын арттырып, соғыс жабдықтары есебінен байыды. Экономика саласында АҚШ үстемдігі әлі біршама берік болды. Соғыстың соңына қарай АҚШ-тың алтын қоры 22,5 млрд. долларға жетіп, бүкіл капиталистік әлемнің алтын қорын екі есеге арттырды. БҰ арқылы американ билеуші топтары соғыстан кейінгі әлемде экономикалық және саяси экспансия үшін механизм құруды жөн көрді. Әсер етудің мұндай механизмі 1944 жылы шілдеде Бреттон-Вудстағы халықаралық конференцияда рәсімделді. Конференция Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) және Қайта құру мен дамудың халықаралық банкін (ҚҚДХБ) құру туралы шешім қабылдады.

Бреттон-Вудс жүйесі мына шараларды енгізді:

  • елдердің арасындағы түпкілікті есептесудің функциясы ретінде алтын сақталды;
  • американ доллары — әр түрлі елдердің валюта құндылығы өлшемдерінің сапасы, сондай-ақ төлеудің халықаралық несие құралы ретінде мойындалды;

-доллар басқа елдердің орталық банктері және мемлекеттік мекемелері мен АҚШ қаржы мекемесінде алтынға айырбасталды. Бреттон-Вудс жүйесі АҚШ-тың экономикалық ықпалын күрт күшейтіп, оның гүлденуі мен баюына қолайлы мүмкіндіктер ашып берді. Ұжымдық қауіпсіздік идеясы. Соғыстан кейінгі кезеңдегі жаңа жағдайлардағы ұжымдық қауіпсіздік идеясы 1945 жылы құрылған БҰҰ-да жүзеге асырылуға тиіс болды. БҰҰ-ның Жарғысы қауіпсіздіктің жаңа халықаралық ұйымын құрды. Бұл Жарғының негізгі қағидасы — шыдамдылық көрсетіп, мейірімді көршілер сияқты бір-бірімен тату-тәтті бейбіт қатар өмір сүру болып табылады. Жарғы БҰҰ-ның мүшелерін теңдік, егемендік, халықтардың өзін-өзі билеуі, бөтен аумаққа тиіспеуге және бөтен істерге араласпау қағидаларын құрметтеуге негізделген достық қарым-қатынастарды дамытуға міндеттейді.

Бас Ассамблея (БА) — БҰҰ-ның барлық мүшелерін біріктіруші басты орган. Қауіпсіздік Кеңесі — БҰҰ-ның маңызды әрі тұрақты әрекет етуші саяси басшы органы. Ол халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін басты жауапкершілік алады. Кеңес 15 мүшеден тұрады, оның бесеуі «Вето» құқығына ие тұрақты мүше (ұлы державалар КСРО (Ресей), АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай) және аймақтық квоталарға сәйкес әрбір екі жыл сайын қайта сайланып отыратын 10 тұрақты емес мүшелер. БҰҰ-ның Жарғысы — БҰҰ-ның негізін салушы ұлы державалардың маңызды рөлін ерекше есепке алады. Бұл мемлекеттер дүние жүзіндегі ұжымдық қауіпсіздік пен тыныштықты сақтауда маңызды рөл атқаруға тиіс. Осыны ескере отырып, БҰҰ-ның Жарғысы бейбітшілікті қамтамасыз етудегі маңызды мәселелерді шешу жағдайында ұлы державалардың бірауыздылық қағидасын колдануды қарастырады. Ұлы державалардың бірауыздылық ережесі БҰҰ-ның негізі болып табылады.

Ірку саясаты. Аталмыш идеяны 1946 жылы Мәскеудегі АҚШ елшілігінде бірнеше жылдар бойы жұмыс істеген, Ресей бойынша маман Дж.Кеннан баяндады. «Коммунизмді ірку» доктринасы үш өзара байланысты жасырын мақсатты көздеді. Біріншіден, аталмыш доктрина әр түрлі қоғамдық құрылыстағы мемлекеттердің ұзақ мерзімді бейбіт қатар өмір сүру мүмкіндігін теріске шығаруды көздеді. Екіншіден, американ капитализмінің социалистік мемлекеттердің, бәрінен бұрын КСРО-да капитализмді қалпына келтіруге бағыттау үшін ішкі істеріне белсенді түрде араласуды қарастырды. Үшіншіден, социалистік ынтымақтастық елдеріне қарсы бірқатар табысты «шеңберден аспайтын» соғыс өртін тұтандыру. «Ірку» саясаты АҚШ-тың соғыстан кейін КСРО-ға қарсы кең көлемде насихат науқанын бастауынан көрініс тапты. Сонымен бірге экономикалық кысым және КСРО мен социалистік ынтымақтастық елдерінің шекараларына жақын жерде әскери-саяси блоктар мен әскери базалардың тармақталған торабын ұйымдастырды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс елдері. Соғыс жылдарындағы Азия және Африканың барлық елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар халықтардың антифашистік күресімен бірлесе отырып, империалистік елдердің отарлық езгісіне қарсы объективті түрде бағытталды. Социализмнің бір елдің шеңберінен шығып, оның дүниежүзілік жүйеге айналуы Шығыс халықтарының ұлт-азаттық күресіне орасан зор ықпал етті. Империалистермен ұзаққа созылған табан тірескен күрестен кейін Үндістан, Индонезия, Цейлон, Бирма, Қытай, Египет, Сирия, Ливан және Пәкістан халықтары өз тәуелсіз-дігіне қол жеткізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкілт халық-тық күрес нәтижесінде 25 жыл ішінде Азия және Африка құрлығының 60 мемлекеті өз бостандығын алды. Дегенмен бұл елдердің алдында әлі де болса толық әлеуметтік-экономикалық даму үшін ұзақ жолғы күрес тұрды.

КСРО мен ҚХР-дың қарым-қатынасы. Кеңес үкіметі ҚХР құрылған алғашқы күннен бастап-ақ барлық күш-жігерлерімен кеңес-қытай достығын нығайтуға және ынтымақтастықты өрістетуге ұмтылды. КСРО Қытайды мойындау және онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы мәлімдеме жасаған алғашқы мемлекет болды. 1950 жылы екі ел арасында достық одақ және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Қытай КСРО-дан техника мен жабдықтар сатып алуға жеңілдік несие алды. Қытайға мындаған Кеңес мамандары барды, Қытай-Шығыс темір жолы және Порт-Артур әскери базасы Қытайға берілді. КСРО ҚХР-дың зауыттарына арнап жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналарын, автомобильдер, темір жол материал-дарын жіберді. 1953 жылы ҚХР бірінші бес жылдық жоспарды жүзеге асыруға кірісті.

Осы жылдары кеңестік көмек бұрынғыдан да үлкен көлемге ие болды. КСРО ҚХР-ға 169 кәсіпорын құрылысын салуға көмектесті. Осылайша ҚХР-дың бастапқы құрылу кезеңінде қытай-кеңес қарым-қатынасы тұрақтылығымен, өзара сенім көрсетуімен, достық қарым-қатынастарымен ерекшеленді. Жапония мен Қытайдағы жағдай. Екінші дүниежүзілік соғыс-тан кейін Жапония мен Қытайдағы жағдай бір мәндес болған жоқ. Жапонияның жағдайы АҚШ-тың жаулап алу режімімен сипатталды. Соғыстан кейін ел экономикасы әбден әлсіреді. 1946 жылы басқыншы өкіметтердің бақылауымен парламент сайлауы өткізілді. 1947 жылы парламент американ кұқықтанушыларының белсенді кеңесі жағдайын-да құрастырылған жаңа Конституцияны қабылдады. 1949 жылғы Қытай революциясының жеңісіне байланысты АҚШ-тың Жапониядағы саясатының мақсаттары өзгерді. Жапония аймақта АКШ-тың мүдделерін корғаған Американың одақтасына айналды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.