iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Доминанттылық және рецессивтілік

Бұл мәлімет 113 рет қаралды

Г. Мендель өзінің зерттеулеріне бұршақ өсімдігінің таза линияларын алды және бір линия гүлінің аналық аузына екінші линия гүлінен алынған тозанды салу арқылы тозаңдандырды және керісінше. Зерттеуге екі айырмашылығы бар белгілерді алғанда, мысалы, дәнінің пішіні тегіс және бұдыр сонан соң олардан бірінші ұрпақ гибридтері алынды (F,) және олардың барлығы біркелкі болып шықты, яғни ата-ана өсімдігінің біріне ұқсас болды (барлық дәндер тегіс пішінді болды). Ең қызығы, тозаңдандыратын тозаң ата-ананың қайсысына жатпасын онан шығатын барлық гибридтер тегіс пішінді дәндер берді.

Басқа да 6 қарама-қарсы белгілер бойынша жүргізілген зерттеулер де тура осындай нәтижелер берді, яғни шағылыстыру нәтижесінде алынған Ғ1 гибридтерінің барлығы да ата-ананың біреуінің белгісіне ие болды. Осы нәтижелерден Г. Мендель қарама-қарсы белгілері бар екі линияны шағылыстырудан алынған гибридтерде тек бір белгі ғана көрінеді деп тұжырымдады. Гибридтердің бірінші ұрпағында көрінедін белгіні Г. Мендель доминантты деп атады. Барлық шағылыстырулар нәтижесінде доминантты белгілер болып дәннің тегіс пішіні, дән жарғағының сары түсі, дән қабығының сұр түсі, бұршаққынның тегіс болуы, пісіп жетілмеген бұршаққынның жасыл түсі, гүлінің сыртқа қарай орналасуы және өсімдіктің бойының биіктігі есептелді.

Тэжірибені жалғастыра келе Г. Мендель алынған бірінші ұрпақтарды өздігінен тозаңданыру арқылы бір-бірімен шағылыстырды. F1 гибридті ұрпақтарының біркелкілігіне қарама-қарсы, екінші ұрпақта (Ғ2) ата-анада болатын доминантты белгілермен қатар олардың тағы бірінде кездесетін белгі де көрінді, яғни F, гибридтерінде жасырын түрде болатын белгілер де көрінді. Бір-бірінен қарама-қарсы белгілер арқылы ажыратылатын өсімдік линияларында, егер де Ғ1 ұрпақта сол белгілердің бірі көрінбесе, ол белгі мүлде жоғалды деуге болмайды. F ұрпақта болып, ол белгінің көрінуі басылған немесе жасырын күйде болады және келесі Ғ2 ұрпақта ол альтернативті белгі көрінеді.

Гибридтерде басылып қалатын белгілерді Г. Мендель рецессивті белгілер деп атады. Рецессивті белгілер арасында бұршақ өсімдігінде дэннің пішіні бұдыр, дән жарғағының түсі жасыл, дән қыбығының түсі ақ, бұршаққынның пішіні қатпарлы, пісіп жетілмеген бұршаққын түсі сары, гүлінің орналасуы жоғарыда жэне өсімдік бойы карлик (төмен) жатады. Г. Мендель арқылы анықталған толық доминанттылық қүбылысы келесі ретте басқа да ғалымдармен жануарлар гибридтерінде (сүтқоректілер, балықтар және т.б.) және өсімдіктерде анықталды. Сонымен қатар доминанттылық болмайтын жануарлар мен өсімдіктер де сипатталды. Мысалы, қызыл түсті шортгорндарды ақ түстімен шағылыстырса, бірінші ұрпақ гибридтері аралық түске ие болады (алқызыл). Гибридтердің екінші ұрпағында ажырау шортгорндардың қызыл, ақ және алқызыл түрлерін береді. Көптеген тірі организмдерде кейбір белгілер жартылай доминантты типпен тұқым қуалайды. Қандай-да болмасын белгінің доминанттылығы организмде әртүрлі деңгейде көрінуі немесе толық көрінбеуі де мүмкін. Қазіргі кезде қандай-да болмасын доминанттылық қасиетіне қарамастан тәжірибе жүзінде орындалған барлық шағылыстырулардан шығатын бірінші ұрпақтардың гибридтері сол белгі бойынша біркелкі болады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>