iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Деректер базасы туралы слайд

Бұл мәлімет 1 993 рет қаралды

Слайд тақырыбы:Деректер базасы. Бұл презентация 17 беттен тұрады. Презентация форматы: .ppt. Бұл слайдта деректер базасы және деректер базасын басқару жүйесі туралы мәліметтер бар. Слайд ішінде түрлі — түсті суреттер де бар.  Деректер базасын басқару жүйесі. Деректер базасы – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар. Қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер базасы деп түсінуге болады.

Бірінші белгісі – сақталынған информацияның сипатына қарай деректер базасы фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді

Фактографиялық деректер базасы қатаң анықталған пішімде ұсынылған, жазылған обьектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады. Мысалы, картотекалар.

Екінші белгісі – информацияларды сақтау әдісі бойынша деректер базасы орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді.

Үшінші белгісі – ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді.

Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген  тіктөртбұрышты кестелерден тұрады.  мұны кестелік деректер базасы деп атаймыз. Кестелік ақпаратпен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, сынып журналы, күнделік, үлгірім табелі және т.б. Кестелердегі деректер арасындағы қатынастардың ең кең тараған және жиі қолданылатын “обьект — қасиет” типті  қатынас болып табылады, мұнда жолдарда обьект туралы  ақпарат, ал бағандарда – обьектінің жеке қасиеттері болады. Мысалы, “Сыныптағы оқушылардың тізімі” деректер базасы мына кесте түрінде ұсынылады.

Өріс типтері

Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, символдық, даталық, логикалық.

 Сандық тип мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны, арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады. Сандық өрістердің мәндері есептеулерде қоолданылуы мүмкін. Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б. сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады.

Даталық типті өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/жжжж орысша дд/мм/гггг) болады. Логикалық тип “иә” – “жоқ” немесе “ақиқат” – “жалған” деген екі мәнді қабылдай алатын өрістерден тұрады.

 

 

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>