iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Все записи в Биология

Транскрипция және трансляция

Ген (кодон) және белок арасындағы «көпір» қызметін РНҚ молекуласы атқарады. Дәлірек айтсақ, ДНҚ молекуласындағы азоттық негіз тізбегіндегі кодталған генетикалық ақпарат ең бірінші ДНҚ молекуласынан матрицалық РНҚ (мРНҚ) молекуласына көшіріледі. Бұл саты транскрипция процесі деп аталады және прокариоттарда нуклеоидта, ал эукариоттарда ядрода жүреді. Әрі қарай мРНҚ молекуласынан генетикалық ақпараттың белок молекуласына . . . Толық оқу

Генетикалық кодтың құрылымы

Белок молекуласының синтез туралы генетикалық ақпараттар ДНҚ молекуласында генетикалық код түрінде жазылған. Генетикалық код, оның құрылымы және қасиеті өткен ғасырдың 60 жылдары ашылған. Генетикалық кодтың құрылымы үш азоттық негізбен сипатталады. Ол кодон деп аталады. Нуклеотидтердің мүмкін 64 (4 х 4 х 4) үйлесімінен (кодондарынан) 61 полипептидтегі аминқышқылдарын кодтайды. Үш кодон полипептидте . . . Толық оқу

Геннің қызметі

Гендер қызметі немесе эсері дегеніміз (экспрессиясы) ол гендердің өзінің қасиетін бақылауын немесе дәлірек, белоктардың синтезін бақылауын айтады. Гендердің әсері олардың фенотиптік көріну деңгейі, яғни олардың бақылайтын белгілерінің даму деңгейімен және ген әсерінің «күшімен» сипатталады. Бұл терминді Н. В. Тимофеев-Ресовский ұсынған (1900-1981). Гендердің экспрессиясы тұқым қуалаудың тұрақты қасиеті емес, ол адамда, . . . Толық оқу

Ген туралы қазіргі заманғы көзқарастар

Жоғарыда аталып өткендей, «ген» термині алғаш рет тұқым қуалау бірлігі ретінде әдебиеттерге 1909 жылы ағылшын генетигі У. Бэтсон енгізген. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясының басталуынан бастап гендер тек тұқым қуалау негізі ғана емес, сонымен қатар хромосомаларда сызық бойына орналасқан физикалық бірлік ретінде де сипатталды. Осы түсінік бойынша 1950 жылы мынадай ережелер . . . Толық оқу

Гендердің тіркесуі және кроссинговер

Тұқым қуалаудың екінші заңын қарай отырып, біз гендердің таралуы тәуелсіз сипатқа ие екеніне және әртүрлі гаметаларда мейоз процесінде әр жұп хромосомалардың аталық және аналықтан туындайтынына байланысты болатынын көрдік. Яғни гендердің тәуелсіз таралуына және рекомбинацияға әртүрлі хромосомаларда орналасқан гендер жауап береді. Мұндай рекомбинация еркін рекомбинация деп аталады. 1910 жылы Т. Морган . . . Толық оқу

Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау

Әртүрлі жынысты организмдер арасында жыныстық әртүрлілік олардың хромосомаларына байланысты болады, бірақ-та олар әртүрлі организмдерде түрліше көрінеді. Protenor тұқымына жататын насекомдарда аталық және аналық организмдер арасында хромосомалар, егер ол тақ санға ие болса (13), онда аталық организм, ал егер жұп санға ие болса (14), ол аралық организм болады, яғни хромосома санына байланысты . . . Толық оқу

Гендердің тәуелсіз таралуы

Моногибридті шағылыстыруларда гендердің ажырауын тапқаннан кейін Г. Мендель бұршақ өсімдігіндегі әртүрлі жұп белгілердің, егер олардың ұрпақтан ұрпаққа берілуін бір мезетте қарастыратын болса, қалай жүретіні туралы сұрақтарға жауап іздеді. Осыған байланысты Г. Мендель келесі тәжірибені бір-бірінен қарама-қарсы екі белгісі бойынша ажыратылатын бұршақ өсімдігіне жүргізуді бастады, яғни өсімдікте екі әртүрлі жұп белгілерге . . . Толық оқу

Гендердің ажырауы (сегрегациясы)

Жоғарыда атап өткендей, Г. Мендель тәжірибесіндегі зерттеуге алынған бұршақтың Ғ2 гибридті ұрпағы әртүрлігімен сипатталды, яғни шыққан ұрпақтар арасында доминантты да және рецессивті де белгілер кездесті. Ғ2 ұрпағында алынған гибридтер екі типпен сипатталды: бір өсімдік типтері өзінің алдыңғы аталық өсімдікке ұқсаса, басқа өсімдіктер алдыңғы аналық өсімдікке ұқсады. Мысалы, Г. Мендель байқаған . . . Толық оқу

Доминанттылық және рецессивтілік

Г. Мендель өзінің зерттеулеріне бұршақ өсімдігінің таза линияларын алды және бір линия гүлінің аналық аузына екінші линия гүлінен алынған тозанды салу арқылы тозаңдандырды және керісінше. Зерттеуге екі айырмашылығы бар белгілерді алғанда, мысалы, дәнінің пішіні тегіс және бұдыр сонан соң олардан бірінші ұрпақ гибридтері алынды (F,) және олардың барлығы біркелкі болып . . . Толық оқу

Клетка геномының және гендердің эволюциясы

Тарихи тұрғыдан алып қарағанда гендердің эволюциясы өте маңызды, өйткені ген эволюциясы өмірдің пайда болуымен және оның жетілуімен тікелей байланысты. Өмірдің пайда болуындағы бастапқы бірлік РНҚ молекуласы деп танылатын болса, онда геннің эволюциясы 3,5-4 млрд жыл бұрын басталды деп, яғни қандай да болмасын жолмен белок молекуласын синтездеген алғашқы РНҚ молекуласының түзілген . . . Толық оқу