iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Бизнес-талдау

Бұл мәлімет 387 рет қаралды

Бизнес-талдау өткізу үшін анықталуы керек: тауар үшін нарық, нарықтың мінездемесі, оның әлеуеті және алдын ала бағасы. Нарықты (дербес компьютерлер, тұрғын үй және тағы басқалар нарық) тұтынушылар қажеттіктерінің есепке ала отырып анықтау керек. Нарықты сипаттайтын параметрлермен: әлеует; нарыққа енудің тосқауылдары; бәсекелестердің алдындағы артықшылықтар; сұраныстың тұрақтылығы; инвестициядан серпу; нарық еншісінің өсу перспективалары.

Нарық әлеуеті — бұл сұраныспен анықталатын осы нарықтағы тауарлар ассортиментіне немесе тауардың максималды сату көлеміне жиынтық сұраныс. Өлшемінің әр түрлі әдістерін қолдана отырып, нарық сыйымдылығы бағаланады. Бизнес-талдау маркетинга жоспарлаудың барлық деңгейлерінде жүргізіледі. Зерттеу өнім түрлері, сонымен бірге географиялық облыстар және мақсаттық нарықтар бойынша жүргізіледі. Содан соң, нарық көлемімен байланысты жорамал (болжамдар) және болашаққа қалыпты жағдай шартында кәсіпорын сатуларына болжамдар жасалады.

Соңғы жыл ішінде тауарлық топтар және саудалық маркалар бойынша өткізудің көлемдері талданады, олардың төмендету себептері анықталады. Мақсатты сегменттер, негізгі сатып алушылар, тұтынушылардың мінез-құлығы беталысының сипаттамасы жүргізіледі. Бірнеше жылдарға фирманың жағдайы, саланың бэсекелестік ортасы, макро және микроорта күйі, оның шикізат базасы, өндіріс қуатының табиғи және қүн өрнегіндегі көлемдері және нарықтың өсу қарқындары, сонымен бірге инвестициялық ахуал анықталады. Бизнес-талдау салалық және бәсекелес компаниялар көрсеткіштерінің даму беталысын салыстыруға кемектеседі. Ең алдымен, компаниялардың қызмет ету саласын айқын анықтап, содан соң оның қызметі, тауар, нарықтық ортаның тал-дауын өткізу керек. Мұндай талдау екінші мәліметгің негізінде жүргізіледі. Маркетингтік жоспарлау төңірегіндегі америкалық мамандар Р. Хибинг және С. Купердің бизнес-талдау үрдісінің келесі схемаларын ұсынады:

  1. Компаниялардың сипаттамасы.
  • корпоративтік философия;
  • мақсаттар және тапсырмалар;
  • ұйымдық құрылым;
  1. Маркетингтік мүмкіндіктер.
  • компанияның күшті және әлсіз жақтары;
  • маркетингтік мүмкіндіктер.
  1. Тұтынушы мінез-құлығы өзгерісінің беталыстары: демографиялық, географиялық, әлеуметтік, технологиялық, коммуникациялық.
  2. Тауарды талдау.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>