iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Биотикалық факторлар

Бұл мәлімет 418 рет қаралды

Барлық организмдер, ортаның әсерін сезіп қана қоймай, өздері де ортаға тікелей немесе жанама әсер етеді. Сондықтан биотикалық факторлар фитогенді, зоогенді және антропогенді факторлар деп бөлінеді. Фитогенділер ортаға жан-жақты әсер етеді. Оған бірнеше мысалдар келтіруге болады. Оның негізгісі ортаның газды ортасын анықтайтын фотосинтез болып саналады. Өсімдіктер фотосинтез арқылы атмосфераға оттек бөліп, көмірқышқыл газын сіңіреді. Жердегі өсімдіктер топырақтың құрылысын және құрамын өзгертіп ортаға әсер етеді. Ары қарай, азот жинақтаушы бактериялар атмосфералық ауадан азотты бөліп алып, сол арқылы газдың құрамын өзгертеді.

Зоогенділер де ортаға жан-жақты әсер етеді. Мысалы, жануарлар оттекпен тыныс алып, ауаның құрамын өзгертеді. Топырақта тіршілік ететін жануарлар, олардың механикалық құрамының өзгеруіне қатысады. Антропогендік факторлардың әсерін біз XVIII тарауда қарастырамыз. Барлық организмдер бір-бірі мен өзара әртүрлі қарым-қатынастарда болады. Атап айтқанда, соларға селбестік (мутуализм, комменсализм, жырқыштық, паразитизм), бәсекелестікті және антагонизмді атауға болады.

Селбесу (грек сөзі symbiosis — бірге тұру) — ол организмдердің өзара қарым-қатынасының бір көрінісі ретінде, әр түрдің арасында өте көп таралған. Селбесуге мутуализмді, комменсализмді, жыртқыштықты және паразитизмді жатқызуға болады.

Мутуализмекі түрге жататын организмнің өзара қарым-қатынасы, бұл өзара қарым-қатынас екеуі үшінде тиімді. Мысалы, азотжинақтаушы түйнек бактериялар бұршақ өсімдігінің тамырларында тіршілік етеді де, ауадағы азотты сол өсімдіктердің пайдалануына жағдай туғызады. Яғни, бактериялар өсімдіктерді азотпен қамтамасыз етеді. Өз кезегінде өсімдіктер түйнек бактерияға қажет барлық қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Мутализмге адамның тоқ ішегіндегі микроорганиздердің адаммен қарым-қатынасын және адамның микроорганиздермен қарым-қатынасын айтуға болады. Микроорганизмдерге пайдалысы ішектегі қорек арқылы өзіне қажетін алып отырса, ал адам үшін микроорганизмдер қоректі қосымша қорытуға қатысады және тағы да адамға қажет К дәруменін синтездейді. Гүлді өсімдіктер әлемінен мутализмге өсімдіктерді және жәндіктердің тозаңдандыруын, өсімдіктердің шірнесімен (нектарымен) қоректенуін атауға болады. Мутализм органикалық заттарды «қорытуда» да маңызды, дәл айтқанда мысалы, ірі қара малдың қарнындағы (ұлтабарда) жасулықтың (целлюлозаны) қорытылуын сондағы бактериялар қамтамасыз етеді.

Комменсализм — түр аралық организмдердің өзара қарым-қатынасы, мұнда организмдердің біреуі екіншісін бүлдірмей пайда көреді, ал екіншісі осы қарым-қатынастан ешқандай пайда да, зиян да шекпейді. Мысалы, теңіз полиптерінің кейбір түрлері ірі балықтардың денесінің сыртына бекіп, олардың бөліп шығарған қалдықтарымен қоректенеді, бірақ балықтарға ешқандай пайда келтірмейді.

Жыртқыштық — тіршілік етудің бір жолы, бұл кезде тірі организм (жыртқыш) екіншісін (жемтікті) өлтіріп, сонымен қоректенеді. Жыртқыштық қарапайымдарда да байқалады. Мысалы, дидиний инфузориясы (Didinium nasutum) басқа қарапайымдар үшін, әсіресе, парамеций қарапайымының жыртқышы болып саналады. Инфузория суда жүзіп жүріп дидинийді жансыздандырып, оған жабысады, одан кейін жүтып қояды. Жеке бір парамецийді қорыту 2 сағатқа созылады.

Жоғарғы сатыдағы жануарлардың жыртқыштығы туралы мысалдар табиғатта көптеп кездеседі. Жыртқыштар жемтігін өлтіріп онымен қоректенеді, сөйтіп жемтік болатын популяцияларға зиянын тигізеді. Бірақ жыртқыштық кейде пайдалы да болуы мүмкін. Мысалы, қасқырлар әлсіз (ауру) бұландармен қоректеніп, бұландардың популяциясын сауықтырады.

Жыртқыштардың санының азаюы жемтіктер санының бірден күрт көбеюіп кетуіне әсер етуі мүмкін. Кейде жыртқыштардың да және жемтіктерінің де санының қатар өсуі мүмкін. Мысалы, солтүстік ендіктерде осындай санының қатарласып өсуі бірнеше жылдар аралығында бір жағынан леммингтердің де, тышқандардың саны өскен жылдары, екінші жағынан олармен қоректенетін ақ түлкілер мен поляр жапалақтарының да саны көбейеді.

Паразитизморганизмдердің біреуі (паразит) екіншісінің (иесі) есебінен тіршілік етуінің бір-бірімен қарым-қатынасының көрінісі болып саналады. Өздеріңіз білетіндей, иесінің дене түрқы паразитпен салыстырғанда ірі болып келеді. Жыртқыштармен салыстырғанда олар иесін өлтірмейді, егер өлтірсе өздері де өліп қалады. Сондықтан паразиттер иесін ауыруға шалықтырады, бірақ иелерінің осы аурудан өліп кетуі өте сирек кездеседі. Паразитизм табиғатта кең таралған, бірақ оны сапробиоздан ажырата білу керек, сапробиозда организм басқа өліксемен қоректенеді, кейде сапробионттар паразитке айналуы да мүмкін. Эволюциялық көзқараспен түсіндіретін болсақ, кейбір паразиттердің иелерін аздап жаралауы пайдалы болуы да мүмкін.

Эволюция барысында паразиттердің паразитті тіршілік етуге арнайы бейімделген. Олар паразитизм арқылы тіршілік ету үшін өздеріне қажет емес мүшелерін жояды. Керісінше, оларда жаңа мүшелер пайда болады, ондай мүшелермен иесінің клеткасына бекінуге, оның дене қуысында және сұйықтығында тіршілік етеді.

Паразиттердің морфологиялық және биологиялық арнайы ерекшеліктеріне, олардың иесінің организміне физиологиялық бейімдеушілігі және өзінің күрделі сатылы дамуы арқылы жаңа иесінің ішінде кең таралуға қолайлы жағдай жасауы жатады. Иесіне физиологиялық бейімдеушілік қасиеті, ол арнайы бейімделушілік, яғни паразит белгілі бір түрге жататын иесінде ғана тіршілік етеді. Кейде арнайы иесіне бейімделу деңгейі өте ауқымды, соның әсерінен паразиттер көптеген түрлер арасында кездесуі мүмкін, оның үстіне бір туысқа жататын бір түрдің иелерінде кейде туыстас өз паразиттері де болуы мүмкін. Бірақ кейде арнайы иесі тек арнайы жалғыз түр ғана болуы мүмкін, сондықтан паразит иесі ретінде тек жалғыз түрдің организмін пайдаланады.

Паразиттер түрлерінің және оның иелерінің эволюциясы қатар жүріп отырды (Фаренгольц ережесі) деген болжамдар бар. Иелері паразиттердің эволюциясына әсер етсе, паразиттер де иелерінің эволюциясына әсер етеді. Мысалы, Батыс Африкадағы P. falciparum безгек ауруының тұрақты болуы, осы паразиттердің гисто келіспеушілік топтамасы жергілікті түрғындарында жаңадан аллелдердің пайда болуына септігін тигізген.

Паразиттердің иелерін негізгі иесі (дефинитивті) және аралық иесі деп жіктейді. Негізгі иесі болатын паразиттің жыныстық жетілуі дефинитиві (тұрақты) болады, ал аралық иесі болатын организмде паразиттің дамуының тек бірнеше сатысы жүреді. Паразиттер өздерінің бір иеден екінші иесіне ауысуын жеңілдету үшін, олар аралық иелерді жиі пайдаланады. Кейде, паразиттер өздерінің даму сатысын аяқтау үшін бірінен кейін бірнеше аралық иеліктерін ауыстырып отырады.

Паразиттердің таралуын анықтайтын, оның иесімен бірге және тасымалдаушылар арқылы географиялық таралуы, сонымен бірге иелерінің мекендейтін жерінің ауа райына байланысты таралуын анықтайды. Себебі көптеген паразиттер бір иеден екінші бір иеге ауыса алады, яғни паразиттердің онтогенезі көбею жүйесінің белсенділігін арттыру бағытының өзгергіштігімен байланысты болады. Осыған байланысты паразиттер ұрпақтарын өте көп мөлшерде өрбітеді. Олардың ұрпақтарын көп мөлшерде өрбітуі көбіне, олардың жыныссыз көбеюімен гермафродитизммен байланысты.

Паразиттерді уақытша (маса, ызыңдағыш шыбын, биттер және т.б.) және тұрақты (қарапайымдылар, гельминттер және басқалары) паразиттер деп те жіктейді. Сонымен бірге, эндопаразиттер (қарапайымдар, гельминттер) және эктопаразиттер (бүрге, биттер және б.) деп те жіктеледі. Паразитизм ауыл шаруашылығында және медицинада үлкен маңызға ие, себебі көптеген паразиттер жануарлар мен адам ауруларының қоздырғыштары болып саналады.

Бәсекелестік (конкуренция) — тіршілікке қажетті бірдей табиғи ресурстарды (қорек, жарық, аумақты және т.б.) пайдалану кезіндегі организмдердің арасында болатын қарым-қатынас. Бірақ популяциялардың санының артуы арнайы ортаның жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Сондықтан, ол көбеюін бәсеңдетуге, өлім-жітімнің көбеюіне және басқа да қолайсыз жағдайлар туғызуы мүмкін. Бәсекелестік түр ішінде де және түрлер арасында да болады және олар тіршілік үшін күреседі. Түр ішіндегі бәсекелестік өте қатал жүреді, себебі ондағы организмдердің бәріне бір ғана қор қажет. Аштық кейде кейбір организмдерде каннибализмді (бірін-бірімен қоректенуі) туғызады. Бәсекелестік және тіршілік үшін күрес популияцалардың санын шектеуде үлкен маңызы бар. Оның салдары табиғи сұрыпталуға алып келеді.

Антагонизм — тіршілік барысында бір түр екінші түрдің тіршілігін жоятын қарым-қатынастың көрінісі болып саналады. Мысалы, кейбір өсімдіктердің түрлері биологиялық белсенді зат (фитонцидтер) бөледі,ол кезде сол маңдағы басқа өсімдіктер өсуін тежейді. Антагонизмнің түрлеріне антибиоз жатады, ол бактерия мен микроскопиялық саңырауқұлақтарда жиі кездеседі. Организмдердің бір түрі екінші түрдің өсуін тежейді немесе бір мезгілде бірнеше түрлерге әсер етеді. Осы тежеу қасиеті организмдердің бөліп шығаратын антибиоттық заттарына байланысты, оларды антибиотиктер деп атайды. Антибиотиктерден көпшілікке танысы ампициллин, стрептомицин, тетрациклин, хлорамфеникол және басқаларды атауға болады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>