iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Білім беру нарығы

Бұл мәлімет 240 рет қаралды

Білім беру қызметі. Білім беру нарығы білім алатын субъектінің диплом, сертификат алуда немесе қажет болған жағдайда алынған білімінің сапасы мен престижін растаушы басқа да құжат алуда оның қажеттілігін қанағаттандыратын, сонымен қатар оны алған соң белгілі бір әлеуметтік орын үшін күресуге мүмкіндік беретін мақсатты әр түрлі қызметтер жиынтығы ретінде анықтауға болады.

«Мақсатты қызметтер» астарында материалдық емес (заттай) құраушы (оқытудың диалогты үрдісі) және материалды (заттай) құраушы (оқыту жо-спары, курстар бағдарламалары, таратпа материалдар және т.б.) жиынтығы түсіндіріледі, онсыз заттық емес құраушы қойылған мақсаттарға жауап береді, бірақ аз деңгейде. Жоғарғы оқу орнының қызметін жоспарлауда нақты қолданыла алатын білім беру қызметіне анықтама. беруге тырысқанда, оның еңбек сыйымдылығын ескеру қажет. Мұнда айтпақ ой — қызметтің қызмет көрсетуші адамдардан бөлінбейтіндігі (оларға кеңесшілерді, жазушыларды және т.б. жатқызуға болады).

Сонымен қатар, білім қызметінің субъектісі болып табылатын экономикалық қатынастардың күрделі сипатын ескеру қажет. Олар тұтынушы мен білім беру қызметін өндіруші арасында тікелей қалыптаспайды. Өзіне тарату, алмасу бой-ынша функция жүктейтін оқу орны және білім беру қызметін дайындаушы ав-тор, сонымен қатар, оны ұсынуды жүзеге асыратын оқытушы (егер олар екі басқа тұлғалар болса), сондай-ақ оқу орны мен білім беру қызметіне тапсырыс беруші тұлғалар арасында қалыптасады. Соңғыларының экономикалық қатынасын екі үрдіске бөлген маңызды: білім беру қызметінің ақысын төлеу үрдісі және оны тұтыну үрдісі. Осылайша, тұтынушы-сатып алушыны (тапсырыс беруші және төлеуші) және тұтынушы-клиентті (өзі оқитын) бөліп қарастырған жөн. Бұл оқу орнының маркетингтік стратегиясын жасауда өте маңызды: маркетингтік күштің объектісі болғаны шарт, ең алдымен тұтынушы-сатып алушы білім беру қызметінің төлемін жүзеге асырады немесе осы төлемді үшінші жақ атынан ұйымдастырушы субъект ретінде болуы тиіс. Бірінші тек жеке тұлғалар емес, сонымен қатар түрлі институционалдық және басқа да субъектілер бола алады.

Осымен, білім беру қызметінің күрделілік сипаты аяқталмайды, қызметті тұтыну үрдісі оның субъектілерін экономикалық қатынастарға еліктіреді. Тұтынушы-сатып алушы жұмыс беруші болған жағдайда тұтынушы-клиент онымен экономикалық қатынасқа түсе алады (жұмыс беруші әріптесімен бірге оның мүддесін қорғайтын келісімшарт түзе алады).

Басқарушылық қызметте білім беру қызметінің спецификалық қасиеттерін ескеру қажет:

■   материалдық еместігі. Білім беру қызметінің дәмін татып көру, сезіну немесе үлгісін көру және сапасын алдын ала бағалау мүмкі емес;
■   бөлінбейтіндігі. Білім беру қызметін өндіру үрдісінде оны ұсынушы тұлғадан және оның имиджінен бөліп алу мүмкін емес;
■   қолданыста және сапада тұрақсыздығы. Тұтынушылар саны мен қызмет көрсету сапасы уақыт өте келе өзгереді (бұл оқытушының қызмет көрсету сапасына байланысты);
■   ұзақ сақталмайтындығы. Қызмет қорын жасау мүмкін емес, қызметті өндіру кезінде тұтыну қажет;
■   еңбек сыйымдылығы. Қызметтер әдетте персоналдың сапасы мен мүмкіндігіне тәуелді, масштаб бойынша үнемдеу мүмкін емес.

Білім беру қызметінде зандық, этикалық секілді жоғары стандарттар қолданылады. Білім беру қызметінің сапасы жұмыс жасап тұрған білім беру стандартымен реттеледі. Сонымен, жоғарғы оқу орындары ұсынатын білім беру қызметіне не кіреді? Суретте көрсетілгендей, түлектер алатын соңғы «өнімнің» құрауыштарын тірек сызба түрінде бейнелей аламыз.

Бірінші кезекте, бағдарлама түлегі оның маманданғанын растайтын диплом немесе сертификат алады. Біліммен қатар білім беру қызметіне дағды мен икемді иелену де кіреді (компетенттілік). Білім беруге деген компетенттілік көзқарасы жақында пайда болды және ол жоғарғы оқуға Болон процесі принциптерін енгізумен тікелей байланысты. Дағды мен икемнің дамуы білім беру үрдісінің ауырлық күшін өзіндік жұмысқа ауыстырады. Білім беру қызметін тұтына отырып, тұтынушы іскерлік ортадағы байланыстарға ие болады, сонымен қатар өзінің курстастарынан және басқа да таныстарынан коммуникациялық тор қүрады. Қызметті сатып аларда тұтынушы білім сапасын алдын ала біле алмайды, ол білім беру нарығында жоғарғы оқу орнының иемденген сапалық имиджіне ғана сүйене алады. Алдымен, барлық айтылған білім, дағды мен икем, жоғары жалақыға қол жеткізу туралы кепіл сатып алынады. Мысал ретінде, екі жастық топпен (ерлер жэне әйелдер) 26 жастан 64 жасқа дейін және 30 жастан 44 жасқа дейін тұрғындардың білім деңгейіне тәуелді жалақысын салыстыратын 6.7-кестені келтірейік.

taueldi-jalaky

Жоғаргы оқу орнының маркетингтік жиынтығын қалыптастыру. Білім беру қызметінің сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, стратегияны жасауда қолданылатын маркетингтің элементтерін қалыптастыруға қатысты бірнеше нұсқаулық жасауға болады (өнім, баға, тарату және жылжыту арналары):

1. Тауарлық саясат. Бұл жағдайда білім беру бағдарламасы сапасының имиджін қалыптастыру мен қолдауға, жоғары оқу орнының атын атақты профессорлар, оқытушылар имиджімен ассоциациялауға, еңбек нарығының жаңа қажеттілігіне байланысты өзгертулерге және қызметтерді тұтынушылар бойынша олардың қажеттілігін тұтыну уақытында қанағаттандыру үшін дифференциялдауға бағытталған стратегияларды жүзеге асыру қажет. Білім беру бағдарламасының жоғары сапасына жету үшін профессор-оқытушылар құрамының квалификациясын жоғарылатып, сұрыптап, ынталандыру керек. Жұмысшылардың мінез-құлқының этикалық нормаларына жоғары талаптар қойылады. Білім беру қызметінің материалдық емес сипатын ескере отырып, қосалқы материалдық өнімдерге аса көңіл бөлген маңызды (оқулықтар, курс бағдарламалары, таратпа материалдар және т.б.).

  1. Бағалық саясат. Бұл жағдайда әңгіме ақылы бағдарламалар жайында болмақ. Жоғары бағалар бағдарламалардың жоғары сапасын растауы мүмкін. Баға белгілеуде негізгі шығындар еңбек төлемдеріне кететінін және қызметтерге деген бағаның өсетінін есептеу қажет.
  2. Тарату арналары және тарату саясаты. Тарату арналары қызмет көрсетудің персонификациясымен шектелген. Қажет болған жағдайда, қызметті тара-тушылардың қолжетімді болғаны маңызды. Көптеген батыс университеттері әлеуетті студенттерді ақпараттандыратын және еліктіретін өкілдер мен агенттерді жалдайды. Жоғарғы оқу орнының орналасқан орны мен ғимараты маңызды бо-лып табылады, ол сапа имиджін көтеруі мүмкін.
  3. Коммуникациялық саясат және жылжыту. Имиджді жарнамалау, ғалым-дардың конференцияларда сөйлеуі, ашық есік күндері. Жарнама қызметті ұсыну кезеңдеріне сәйкес келуі тиіс. Жоғары оқу орындарының рейтингінде болуы. Аккредиттейтін агенттікте оқу бағдарламаларын аккредиттеу.

Жоғары оқу орнының инновациялық әлеуетін жүзеге асыру. Жоғары оқу орнының немесе білім беру бағдарламасының рейтингтерде болуы сапа имиджін қалыптастыру тәсілдерінің бірі болып табылады. Көп жағдайда, қолжетімді рей-тингтер басқарушылық білім беруге қатысты. Дегенмен, оқыту қызметін ұсынатын жоғары оқу орнына рейтингтерді құруда қолданылатын негізгі көрсеткіштерді білу маңызды болып есептеледі. Бұл күш түсіруді, яғни дамытуды қажет ететін аудандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Рейтингтерді құруда есептелінетін көрсеткіштерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ студенттің нарықтық қүнына қосылған аталмыш құнды анықтаса, екінші топ бағдарлама сапасын бағалаумен байланысты. Егер көрсеткіштердің бірінші тобы бізге нарық бағдарлама түлектерін қалай бағалайтыны, білім еңбек нарығының сұраныстарына қаншалықты дұрыс жауап беретіні жайлы көрініс беретін болса, ал екінші топ жоғары оқу орнының ішіне үңілуге және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауға мүмкіндік береді.

Көрсеткіштердің екінші тобына нақтырақ тоқталайық. Оған жататындар: бағдарлама мазмұны, профессор-оқытушылар құрамының ұжымның ізденушілік жұмыстарының жиілігі, персонал жалақысы, дәрежелерге ие оқытушылар саны, білім беру үрдісінде ИКТ қолдану, кейс-тәсілді қолдану.

Қазіргі таңда жоғары білімді қаржыландыру бүкіл әлем бойынша маңызды мәселеге айналып отыр. Университеттер бюджетін дұрыс қаржыландырмау келесі салдарға соқтырады: штаттық емес немесе сағаттық жұмысшылар еңбегін пайдаланудың өсуі, академиялық мансаптың салыстырмалы танымал еместігі, қаржылық әлеуетсіздіктің өсуі. Пайда болған жағдайға байланысты жоғары оқу орындары өзінің ұйымдық құрылымын қайта қарауға, оның бизнес бағыттылығын жоғарылатуға мәжбүр.

Миланның Политехникалық университетінің тәжірибесі қызықтырады (Италия). 2000 жылдардың басында Политехникалық университет мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту мәселесімен кезікті. Университет құрылымын қайта құру және оны неғұрлым нарық сұраныстарына көбірек жауап беретін етіп жасау жайлы мәселе туындады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Маркетинг: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған: Ә.Ә. Әбішев, В.В. Герасименко, С.А. Каленова. — Алматы: Экономика, 2014. — 616 б. Мәлімет оқулықтың 180-ші бетінен алынды.

 

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>