iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Бибігүл Төлегенова

Бұл мәлімет 201 рет қаралды

Бибігүл Төлегенова — қазақтың жадыраған ән мәдениеті айдынында шырқай қалықтаған жарық жұлдызы. Ол ұлы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбергенов, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев және Роза Рымбаеваның жерлесі.

Ахметтің нағашысы Нәби Төлегенов, оның інісі Мұхаметкәрім екеуі диірменші болып істейтін. Ол жиендерін тәрбиелеу мақсатымен Семейдегі үйіне алдырды. Нағашылар балаусаның әкесіндей бола алды, сондықтан олардың фа милиясы әрі қарай Төлегеновтер болып аталынды. Нәби қандай жұмыс болмасын ар көрмейді: байдың қорасын сыпырып, самауыр қоятын, қара жұмыстың бірінен де тартынбайтын. Қайткенде де өзінің жанұя мүшелерімен қоса, екі жиендеріне қамқорлық көрсетеді, білімге талпындырады. Ахмет жас кезінен-ақ домбыра жасау өнерін үйрене бастады. Оның музыкалық қабілетін байқаған нағашысы, оған бір сапарында скрипка әкеліп сыйлады. Ахметтің қуанышында шек жоқ. Ахмет табиғатынан сезімтал, ақкөңіл, елгезек мінезді. Ол өсе келе мығым денелі жігіт бола алды, оның бұлшық еті қарында ойнап тұратын, күресуге машықтана түсті, алғашқы қызметін өрт сөндірушіліктен бастады. Пысық, өнерлі, алғыр Ахмет жас балауса қыздарды қызықтандыратын, оларға мейлінше ұнайтынды. Оның қырағы көз қиығына Майнұр Мырзажанқызы шалынды. Қырым татары Мырзажан ағайындарын сығалап Семейге көшіп келіп, 66 жасында молда болып орналасады, оның жұбайы Қалима Семей қаласында өмірге келген сәбилердің тең жартысының кіндіктерін кесті, әйгілі «кіндік шеше» атанды.

Үлбіреген, қаз мойынды Мырзажанқызы Майнұр 1927 жылы 16 жаста еді. Ахмет бірден осы алаулаған қызға ғашық болды. Оның әке-шешесінің қазақ жігітіне қызын ұзата қоймайтынын сезген Ахмет Майнұрды қаштырып алып, Ертістің жаңа Семей жағына өтіп бас сауғалап, жасырынады. Майнұрдың шешесі Қалима заң қызметкерлерін аяқтарынан тік көтерді: «Қызымызды алып қашқан қазақты табыңдар», — деп атой салды. Ахмет ақырында олардың қолына түседі, түрмеге жабылады. Ахмет Майнұрға: — Мені сүйдім, өз еркіммен қосылдым, — деп айт деп үлгереді. Сот даулы өтеді. Майнұрдың сөзден таймай, табандылық және байсалдылық білдіруіне орай Ахметті сот ақтап, абақтыдан босатады. Бір кеште Майнұр толғағы жетіп, шым-шым терлеп, қысыла бастайды, белі үзіліп бара жатқандай. Ахмет дереу Қалима енесіне жүрегін қолына алып келеді де: — Тез біздің үйге жетіңіз, Майнұрдың толғағы басталды, — дейді. Енді Қалима кызының кіндігін өзі кесіп, туған шешелігіне қосып, кіндік шешесі болады. Немересін жоғары көтеріп, ақ шүберекке орап, көрпе үстіне жайғастырады. Осылайша бұл жарық дүниеге Ахметтің тұңғыш қызы Бибінұр келеді. Артынан — Бибігүл, оған ілесе тағы да үш қыз туды. Бірақ та қызылша ауруынан олардың екеуі жас кезінде қайтыс болды. Тірі қалғандары — Бибінұр, Бибігүл және Клара. Бибігүл Семейде 16.12.1929 жылы туды.

Еті тірі, жігерлі, алған бетінен қайтпайтын Ахмет Төлегенов білімін толықтыра түсті, кітаптарды оқуға құмар-тұғын, басшылық жұмысқа үйренді. Ол 1933 жылы Семей қалалық партия комитетінің нұсқаушылық қызметіне орналасты. Әрі қарай оны 1934 жылы райком Алматыдағы маркстік-лениндік институтқа екі жылға оқуға жібереді. Оқуға алғыр Ахмет оны үздік бітірген соң, ол табиғаты көркем Шығыс Қазақстандағы Қатон-Қарағай ауданының аудандық партиясының бірінші хатшылығына тағайындалды. Ахмет аңшылықты сүйетін-ді. Оның пистолетіне қоса, қос ауыз аң аулайтын мылтығы бар-тұғын. Қоян, түлкі, тіпті қасқыр аулап, қолына түсіріп жүрді. Бір сөзбен айтқанда тиынның көзіне от тигізе алатын мерген еді. 1936 жылы Ахмет пен Майнұрдың қыздары қызылшамен жаппай ауырды. Ахметтің осындай қиын-қыстау кезінде Қауіпсіз Комитетінің төрт қызметкері сау ете түсіп, үйдің астан-кестеңін шығарып, құжаттардың бәрін жинап алады. Ахмет Майнұрға: — Семейге балаларды ертіп, оралыңдар, — деп қана айтып үлгереді. Оған Мирзоянның жұбайы, маркстік-лениндік институттың директоры болған Тевосянның контрреволюциялық тобына мүшесің, — деген жалған айып тағылады. Бұл Сталиннің «Социализм орнаған сайын Кеңес Одағына қарсы тап жауы үдей түседі», — деген санаға сыймайтын лақабының кесірі осы жылы өрби түскен-ді. Ал, Майнұрға бір фотодағы адамның көзін әдейі шұқыдың деп айып тағып, ұрып-соғады. Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» шығармасындағы дәрменсіздердің мүшкіл күйі оның басына түсті.

Бибігүлдің есінде: Қараша айында, Семейдегі Мұхамедкәрім үйіне бәрі келіп паналайын десе, ол кісінің жаназасын шығарып жатыр екен. Қайғыға кайғы косылды. Майнұр: «Енді не әрекет істеймін, титтей қыздарымды қалай бағамын», — деп жүйкесі жұқарып, қиындық шоқпары батпандай езгілей түсті, қорғансыз қалған жанұя қияда қалғандай. Майнұрдың ең болмаса паспорты да жоқ, қызметке қалай орналаспақ? «Жаудың әйелі» деген қара таңба оның қол-аяғын құрсап, шідерлегендей. Тек қана жалшы әйел болып, біреудің үйінің отынымен кіріп, күлімен шықпақ. Амал не? Бәріне де төзу керек! «Жығылғанға жұдырық» дегендей Кеңес Одағы халқының басына қаһарлы екінші Ұлы Отан соғысы келді. Ахмет 1938 жылы Алматы түбінде атылады. Моласы — Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров атылған маңда, белгісіз. Бибігүл кейін КГБ архивін ақтарып, оның кұжаттарын табады, бірақ әкесінің сүйегінің қайда көмілгенін біле алмады.

Бибігүл мектеп табалдырығын 1938 жылы аттады. Мүшкіл өмір, бейнетті тұрмыс, қаршадай балаға «жаудың қызы» деген қара күйе жағылып, өшпестей таңба тағылған. Жанұя Қапас, үй астындағы подвалда тұрып жатты, кейінірек үйдің бірінші қатарына көтеріледі. Бибінұр мен Бибігүл ортақ пиманы сабаққа кезекпен киеді. Ой, қайырымсыз, қатал, капас өмір-ай! Ол кезде Бибігүл өзінің келешекте қазақтың жаппай мақтанышы, жез таңдай сандуғашы боларын кім білген… Қала сыртында қартоп егіп, суарады. Күзде оларды жинап, қаптап өгіз арбамен үйіне жеткізеді. Кейде тұзы бар, кейде жоқ кара суға асылған, көбіне майсыз картоппен жандарын сауғалайды. Осыны қазіргі жас буындар естеріне сақтаса екен. Бұлардың тұрмысы кедейліктің шегіне жетті. Анасы бруцеллез ауруына ұшырады. Ендігі сенім Бибінұр мен Бибігүлде. Бибігүл жұмысқа орналасуға белін бекем буды, бұдан былай кешкі мектепте оқыды. Ол ет комбинатының консерві заводына жұмысқа кірді. Белі әлі қатпаған Бибігүл өжет, мақсатынан таймайтын, табанды жан. Сәби кезінен әншілікке икемі мен құштарлығын әкесі мен шешесі байқағанды. Ол сөйлеуден бұрын әуен салуды бастады. Жұмысқа орналасқан соң, комбинаттың көркемнер ұйымына қатыса бастайды, ән салған сайын Бибігүлдің нұр жүзі жадырай түсетіндей.

Сіңлісі Роза 2008 жылы 75 жасында дүниеден өтті, енді Бибінұр мен Күләш бар. Бибінұр Таразда тұрып жатыр, екі сіңлісінің ертерек кезде қайтыс болғанын білдірдік. Бибігүл соғыс аяқталысымен клубтың кино жүргізушісі механигі болып тағайындалды. Ол комсомол қатарына қосылды, осыған дейін «жаудың кызы» деген атақ бөгет болып келгенді. 1948 жылы комбинат директоры Игорь Анатольевич Шеффер 18 жасар Бибігүлді өнер байқауына Алматыға жіберді. Осында ол «Қазақ вальсі» әнін шырқады. Жіңішке сазды, өктем Бибігүлдің әсем дауысы тыңдаушылардың көңілін билей әкетті. Өкінішке орай ертесіне тамағына салқын тигізіп алып ауруға ұшырады. Сол себепті байқаушы комиссия бастығы: «Келесі жылы келерсін», — деді. Бибігүл өмірінде алғашқы қайырымдылықты ағасы мен нағашыларынан басқа өзге ұлт адамдарынан көрді, сондықтан ол интернационалдық туыстықты ұмытпайды, оның туын жоғары ұстауда. Орыстар Бибігүлді «Галя» дейтін-ді. Облыстық көркемөнер байқауында ол бірінші орынды жеңіп алған соң, Алматыға оқуға жол ашылды. Қара түнек тірліктің түндігі сейіле бастағандай… Тағдырдан жақсылықтың қай жақтан әкелерін білу қиын-ақ. Құдай айдап Колимадан Семейге жазушы Галина Иосифовна Серебрякова ауыстырылды. Ол көзге түспей қоймайтын сәнді қызды 42 жастағы сымбатты, ақылгөй, мейірімді әйел бірден байқады. Бибігүлге: — Сен Галясың, мен Галинамын. Таныстығымыз ұзағынан болсын. Сен консерваторияға баруың керек. Оның алдында мен сені бір жыл дайындаймын. Одан әрі Мәскеуге оқуға түсуге ықпал жасаймын, — деді. Бибігүлдің есіл-дерті Мәскеуді, Кремльді, Қызыл алаңды көру. Ол түске дейін жұмыс істейді. Жаңа Семейге моторка арқылы Ертістен өтіп, Галина Иосифованың үйіне барады. Күн болса үскірген аяз. Серебрякова Бибігүлді ақ жарқын түрде қарсы алады, шәй құйып береді. Одан әрі ән салу басталады. Пуччинидің «Чио-Чио-сан» операсынан ария, Штраустың вальстері, «Қазақ вальсі», «Қара торғай» әндерін құйқылжыта жөнеледі. Бибігүл өзінің дарындылығына Серебрякованың тануымен, қолдауымен сене түсті.

19 жасына жақындаған Бибігүлде махаббат сезімінің ұшқыны ояна бастады. 30 жастан асқан Сейдахмет білімді мұғалім болатын-ды. Оның Бибігүлге көңіл бөлгеніне үш айдан асып барады. Ол шілде айында Бибігүлді аралға ертіп шықты. Стансадан бір қайыққа алып, екеуі қарама-қарсы отырды. Су шолпынын сыңғырлатып, қайықка ілесе ерген мөлдір тамшылар су бетіне маржандай түседі. Аралдағы Ертістің жіңішке тармағын қуалай Сейдахмет қайықты тоғай ішіндегі құмды жағалауға әкеліп тоқтатты. КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова қайталанбас биік тұғырдағы дарындылығымен, Л.Бетховен айткандай: «Музыка адамдардың жүрегінде жалын шығарады». Оған 80 жасқа толуына орай Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы берілді.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>