iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Байзақ ауданы

Бұл мәлімет 580 рет қаралды

Мазмұны

Кіріспе бөлім. Байзақ ауданының шаруашылығының табиғи климаттық жағдайы

1. 1 Ауданның  шаруашылығы жайлы жалпы мәлімет

1. 2 Байзақ ауданының климаты

Негізгі бөлім

2. 1 Ауданның жер бедері

2. 2 Ауданның топырақтары

2. 3 Ауданның жер бедері және жер су асты сулары

Қорытынды

Шаруашылықтың табиғи климаттық жағдайы.  1. 1 Ауыл  шаруашылығы туралы жалпы мәлімет

“Ақжар” шаруашылығы  Байзақ ауданында, бұрынғы “Трудавой пахарь” шаруашылығының негізінде ұйымдастырылған.  Ақжар шаруашылығының шекарасы Түймекент, Көкөзек елді мекен жерлермен және Мойынқұммен жалғасатын құмдық жоталармен жалғасады. Шаруашылықтың орталық елді мекені-Ақжар ауылы шаруашылықтың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ақжар шаруашылығы жер пайдалануы шаруашылықтың негізгі орталығы Түймекент ауылынан 7 шақырымда орналасқан . Орталық елді мекеннен аудан орталығына дейінгі қашықтық -20 шақырым. Аудан орталығынан облыс орталығы Тараз қаласына дейінгі республикалық маңызы бар асфальт жолмен қамтамасыз етілген. Олардың арақашықтығы -37 шақырым. Автомобиль жолынан басқа облыс орталығымен байланыс аудан орталығында орналасқан темір жолмен жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылғы өнімдерін өткізу және өндірістік тауарларды алу бекеті болып Тереңөзек кеті болып табылады. Шаруашылықта аудан және облыс орталықтарымен тұрақты телефон байланысы орнатылған.

1. 2 Климаты

Байзақ ауданының климатының ерекшелігі болып жылдам континентальды болып табылады, яғни теператураның аса жылдам өзгеруінен, қыстан жазға тез өтуінен, атмосфералық жауын-шашынның аздығынан және ауаның құрғақ болуынан байқалады. Аудан территориясындағы агроклиматтық жағдайлардың әртүрлілігін биік таулар мен жазықтықтықтардың үйлесімділігі байқатады. Аудан 2-ыстық құрғақ агроклиматтық аудан Байзақ ауданы территориясының аз ғана бөлігін алып жатыр, яғни Талас өзеннің оңтүстік-батыс жағалауы және темір жолдың солтүстік жағындағы сызық. Пайдалы температура қосындысы 3500-37000 С шамасында, гидротермиялық коэффициент 0, 3-0, 5. Климаты салыстырмалы суық емес қысы және ыстық жазымен ерекшеленеді. Қаңтар айының орташа наурыз-сәуір айларында келеді. Жылы кезеңдегі жауын-шашын мөлшері 160-180 мм. Ылғалдылығы 30%-дан астам төмен құрғақшылық жылына 120-140 күнді құрайды. Көктемдегі ызғар сәуірдәң екінші жартысында, күзгі ызғар кыркүйектің аяғында басталады. Аязсыз кезең ауада 145-190 күн, ал топырақта 130-170 күн сақталады. Биіктігі 15-30 см қар жамылғысы қыс бойы тұрақталады. Топырақ қабатының қату тереңдігі 40 см. температурасы – 6, 90С болса, шілде айында – 24-250С. Жазы өте құрғақ, ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері – 200-300 мм. Жауын-шашынның көпшілігі  3-аудан құрғақ тау етегі агроклиматтық аудан. Бұл аудан бүкіл территорияның оңтүстік-батыс және орталық бөлігін, сонымен қатар солтүстік таулы бөлігін алып жатыр. Температура қосындысы – 3000-35000С, гидротермиялық коэффициент-0, 5-0, 7. Температурасы 100С жоғары кезеңнің – 160-180 күн. Шілдедегі орташа температура-24-250С , қаңтарда -4, 5-9, 50С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300-400 мм. Төмен ауа ылғалдығы жылына 120-130 күнді құрайды. Күзгі ызғар қыркүйектің ортасында басталатын болса , көктемгісі сәуір екінші жартысы –мамырдың басында аяқталады. Аязсыз кезең ұзақтығы-120-190 күн. Қыс 20-30 см қар жамылғысымен сипатталады. 4-аудан таулы құрғақ және ыстық агроклиматтық аудан. Бұл жер Байзақ ауданының негізгі және орталық бөлігін алып жатыр. Температуралар қосындысы  30000С –тан төмен, гидротермиялық коэффициент 0, 7-ге тең. Аудан климаты құрғақ жазымен және суық қысымен ерекшеленеді. Ауа температурасының 100С –тан төмен кезеңнің ұзақтығы 160 күн болса , шілдеде орташа теипература -220С, қаңтарда-7, 50 С. Басқа агроклиматтық аудандарға қарағанда бұл ауданда жауын-шашын мөлшері көбірек. Ауа ылғалдығының төмендігін жыл бойына 120 күн байқауға болады. Көктемгі ызғар мамыр айының екінші декадасында аяқталып, күзгі ызғар қыркүйуктің бірінші декадасындабасталады. Қар жамылғысы 80-160 күн сақталады, ал биіктігі 25-50см –ден жоғары болады. Суармалы және богара егістік жерлері бар. Дәнді және техникалық дақылдар егіншілігі дамыған. Қырғыз тауларынығ солтүстік бөлігі жазғы жайылым, Шу-Іле тауларының бөктері көктемгі -жазғы жайылым ретінде пайдаланылады.

2. 1 Ауданның жер бедері

Байзақ ауданының жер бедері бойынша үш бөлікке бөлуге болады:таулы аймақ, тау етегіндегі әлсіз толқымалы жазықтық, Шу өзені алқабы. Байзақ ауданының шығыс және солтүстік-шығыс бөлігіндегі үлкен жазықтық ауданды алып жатыр. Таулы массивтер теңіз деңгейінен 1700-2600м биік жоталармен көрсетілген. Жоталар бағыты оңтүстік-батыстан  солтүстік-шығысқа қараған. Ауыл шаруашылық қатынаста- бұл жерлер жаз мезгілінде пайдаланылатын жайылымдар, кейбір жеке учаскелер егістік ретінде де пайдаланылады. Егіншілік массивтертері терең сайлар, жартастармен бөлінген, олар ауылшаруашылық техникасын қолдануда қиындық туғызады. Сондай-ақ кейбір учаскелер шабындық ретінде қолданылады. Анархай қойнауы ауданның солтүстік бөлігінде жатыр, ол теңіз деңгейінен 800-1000м қыр ретінде бейнеленген. Қыс және көктем-күз мезгілдерінде қой жаюға қолданылады.   Тау етегі аймағы ауданның орталық бөлігін алып жатыр. Бұл жерге Талас жазықтығы кіреді, ал жер әлсіз толқымалы тау етегі жазықтығы болып бейнеленген. Жыртылған егістік жерінің үлкен көлемі ауыл шаруашылығы техникасын қолдануда өте қолайлы. Талас өзені алқабы өзен бойын жіңішке сызық болып алып жатыр, екі террасы ретінде көрсетілген. Бірі-террасы өзен суы деңгейінен 0, 5 м биіктікте, сондықтан жиі су басып жатады. Жекелеген учаскелер батпақтану деңгейінде және қамыс көшеттері өте көп. Шаруашылық қатынаста бұл территория жайылым және шабындық ретінде пайдаланылады. Терраса су деңгейінен 2, 5-4, 5м биіктікте. Бұл учаскеде суамалы егіншілік жақсы дамыған.

2. 2Ауданның топырақтары

Байзақ ауданының территориясы Қазақстан жер қорын табиғи-ауыл шаруашылық аудандастыру схемасына байланысты екі аймақта жатыр. Зерттелген территорияның орталық және оңтүстік –шығыс бөлігі Солтүстік Тянь-Шань округі (IX-2) Орта Азиялық таулы облысқа жатады. Солтүстік және оңтүстік-батыс бөлігі Батыс-Қаратау-Қырғыз (VI-I-2)Оңтүстік Қазақстан провинциясының (VI-1) тау етегі – шөлді –далалық аймағы орналасқан.    Топырақ қабатының түзілуі құрғақ ыстық ұзақ жазымен, ауа құрғақшылығымен, жауын-шашын мөлшерінің аздығымен, яғни жылдам континенталды климатымен сипатталады. Топырақ қабатының түзілуіне бұл жердің климаты септігін тигізеді. Абсалютті көрсеткіштердің  көтерілуіне байланысты ылғалдылық артып, температура төмендейді, климаттық жағдай топырақтың түзілу процесстеріне өте тиімді болады және гумус мөлшері жоғарлайды. Таулы және тау етегі – шөлді – далалық аймақтың топырақ қабаты 4 түрлі топырақ аймағына бөлінеді:қара-қызғылт, ашық-қызғылт, солтүстік кәдімгі сұр топырақтар және солтүстік ашық сұр топырақтар.

Қара қызғылт топырақтар.  Бұл топырақтар  Байзақ  ауданының зерттелген территориясының оңтүстік-шығыс және орталық бөлігінде кең тараған.  Іле Алатау жер бедерінің тегіс болу жағдайында түзетілетін топырақтың абсолюттік биіктігі 1500-2600 м дейін жетеді. Грунт сулары 10 м тереңдікте және топырақты түзуші процестерге әсерін тигізбейді. Топырақ түзуші жыныстары элювиальды-делювиальды шөгінділерден, лестүрлі шөгінділерден, лестерден құралған. Қара қызғылт топырақтар ішінде кәдімгі, карбонатты, әлсіз шайылған, әлсіз дамыған және аз дамыған түрлері кездеседі.

Ашық қызғылт топырақтар. Аталмыш топырақтар аудан территориясының орталық және оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Іле Алатауының төменгі таулы бедерінің батысында теңіз деңгейінен 780-1500 м биіктікте жатыр. Топырақ құраушы жыныстары мықты лестүрлі шөгінділерден, кейде әлсіз сұрыпталған элювиальды-делювиальды шөгінділерден тұрады. Грунт сулары 6 м-ден төмен тереңдікте жатыр және олар топырақ түзуші процестеріне әсерін тигізбейді. Осы топырақтар ішінде карбонатты, тұздалған, жетілген және аз дамыған түрлері кездеседі.

Солтүстік кәдімгі сұртопырақтар.  Бұл топырақтың аудан жерінде таралуы өте үлкен. Оның құрылымы тау беткейлері мен Шу-Іле төменгі таулы аймақта болып Кіндіктас таулы өлкесінің аумағында және Іле Алатауының шетінде теңіз деңгейінен 710-1100 м биіктікте орналасқан.    Жер бедері толқымалы қыратты, соқпаңбы жекеленген өзеншелермен кесіліп тегістелгенжазықтыққа ұласады. Жер асты суларының орналасуы 6 м тереңдікте болып топырақтыңқұрылысына еш әсерін тигізбейді. Жер бетіндегі өсімдіктер дүниесі негізінен жусанды эфемелер, тұздақты жусандардан тұрады. Оның құрамында ебелек, жыңғыл, мята бір жылдық шөп тұқымдастары және қызғалдақтар өседі. Топырақты құраулы жыныстары лестүрлі құмайтар мен элювиальды-делювиальды шөгінділерден тұрады. Климатының ерекшеліктеріне байланысты негізіне сулардың әсерінен топырақтың қабатының қалыңдығы төмен, карбонатты қоспалар өте аз, төменгі қабатында тереңдеген сайын карбонаттар көріне бастайды. Алынған топырақ құрамында генетикалық құрылым көп бөлінбеген. Топырақты құраушы жыныстардың мінездемесіне қарап топырақтың қалыңдығы анықталған, бұл құрамында тұзды қабаты, аздап тұзды жетілмеген түрлері кездеседі.

Ашық түсті солтүстік сұртопырақ.  Қаралып отырған топырақтың бөлінуі Байзақ ауданының солтүстік жән оңтүстік батыс бөлігінде анықталған. Жер бедері теңіз деңгейінен 530 дан 660 метірге дейін орналасқан Солтүстік бөлігінде аздап толқымалы жазықтықтың аяғы Жусан-Дала жазықтығына ұласады. Абсолюттік биіктігі 450-850 метрге дейін  жетіп еңкіштігі оңтүстік батыстан солтүстүк шығысқа бағытталады.

Өсімдік дүниесі табиғи  жусан өсімдік жерінен тұрады, кей жерлеріде ебелек тұқымдкс өсімдіктер кезедеседі. Солтүстік ашық сұр топырақтардың сипаттамасы өзінің талдау жүйесіне сай генетикалық белдеулерде тұрады, оның құрамында тастақты қиыршықты қүрылымдағы топырақтыр жоғарғы қабатында басым, карбонаттаркездеседі, ал жауын  құрттары тіршілік белгісі байқалмайды. Зерттелген аудандарда бөлінген топырақ негізінен ашық түсті солтүстіктің сұр топырағы, бұлардың жетіліуі төменгі деңгейде.

Шалғынды – кәдімгі солтүстүк сұр топырақ зерттелген топырақтардың түсініктемсінеқарай отырып кәдімгі сұр топырақтардың  орналасуы өзекшелері жағалауларында , аралық жазықтықтарында, сай салалардың бойында кездесетіні анықталды. Бұл жерлерде топырақтың ылғалдылығын 2, 5-4м ден басталады, жер асты суларының  деңгейі де жоғары, атмосфералық  жауын-шашын сулары жеткілікті. Топырақ құру жыныстары лестірлқұмайттар болып келеді, өсімдік дүниесінің түрлеріши, ажырық, аздаған құрақ, ебелек  болады. Топырақ құрамындағы қара шіріктің деңгейі басқа жерлермен салыстырғанда біршама жоғарыла, төменгі қабатында карбонаттардың белгілері тұрады. Бұл шалғынды сұр топырақтардың топырағын 10%-тен тұр қышқыл мен тексеру кезінде қайнау реакциясын байқауға болады. Осы аздап тұздалған онша жетілмеген құрлымы екені анықталған.

Шалғынды сұртопырақ аймағы. Сиппаталыпотырған топырақтардың орналасуы Талас өзенінің арнасы бойындағы жазықтықта орналасқан, таулардан ағып келетін кішігірім өзендер мен өзектерден және жер асты суларының шығуы арқасында  құралатын  бұлақтардың  маңызы зор. Осы жағдайлардың арқасында және жер асты суларының жақын болуынан (1, 5-3, 0м) топырақ құрлым жетілуі ерекше байқалады. Көптеген жерлдерде жоғарғы жер беті ылғалдылығы жоғары. Ағынды сулармен суғарылған талаптарда анық көрінеді. Капилярлық ылғалдылық тұрақты болғандықтан топырақтың ылғалы бір келкі болып отыр. Табиғи өсімдіктерқабаты жердің ылғалдылық деңгейіне тікелей бағынышты және өзінің  ерекшелігімен дараланады. Бұл жерлерде жабайы арпа, құраң, ажырың өседі. Топырақ құрамының тұздылығы жоғарылаған сайын сұр жусан және шидің өсуі ерекшеленеді. Бұл жердің биіктігі теңіз деңгейінен 50-75 метр. Топырақ құру жыныстары ауыр құмайты, төменгі қыртысы қиыршықты деңгейлермен тұрады. Бұл топырақтарда қарашірік көлемі жоғары, азоттың құрамы көп, карбонаты жоқтың қасы, олардың шайылған белгілері анық көрінеді.

Шалғынды сұр топырақты топырақ алқабы Байзақ ауданының жерінде генетикалық бөлінуіне қарай кәдімгі, сортаңды, сорла аз жетілген түрлерден тұрады. Өзен арналық шалғынды ашық қоңырқай, кәдімгі сұртопырақ, ашық кәдәмгә сұртопырақтар.      Өзен арналық жазықтықтардағы топырақтардың құрылуы негізінен сужайылып басып жатқан жерлердегі шөгінді топырақтардан құрылады, жер асты сулары жер бетіне жақын(2, 0-4, 0м). Осының нәтижесінде топырақтардың түсі ерекшеленіп бөлініп отырады. Тұздалған топырақтар өзен арналарының шалғынды батпақ жерлерінде кездеседі.

2. 3 Ауданның  Жер беті және жер асты сулары

Ауаның жер аумағы бір келкі сумен қамтамасыз етілмеген. Таулы аймақтар жер беті және жер асты суларымен қамтамасыз етілсе, Қопа жазықтығы мен сотүстіке қарай орналасқан жерлері ылғалмен нашар қамтамасыз етілген.

Талас-Іле таулары, Күнгей Алатау таулы аймақтары онша биік болмаса да жауын-шашынға мол суландырылған жерлерге жатады. Оның басты көздері таудан ағатын ертінді сулар, тау бұлақтары, атмосфералық жауын-шашының мол түсуіне байлансты. Ылғалдылық жүйелерінің бөлінуі осы таулардан ағып отырған суларға тікелей тәуелді. Талас өзені Байзақ ауданының басты су қоры болып есептеледі. Бұл өзен Қазақстан мен Қырғыз республикасының әкімшілік шекарасына жатады. Су алу бассеині Талас-Іле тауының етегі, Күнгей, Алатау жоталары ал оңтүстігінде Қырғыз тауларының сілемдерінен құрылады.    Талас өзенінің негізгі басталуы  және су жинауы тауларының басындығықарлы шөгінді және мұз қабаттарының еруінен құралады. Сонымен қатар көптеген өзен өзекшелерден ағып келетін сулардан құралады. Су жинауы оны пайдалану нәтижесі тау басындығы мұздықтардың қарлардың негізігі қорына тәулелді кейбір жылдармен салыстырғанда тұрақты емес. Орташа жылдың су қорының мөлшері Байзақ ауылында 58м3/сек. Талас өзенінің су қорының көбейетін мезгілдері мен жаздың ортасында байқалады. Оның біріншісі таудағы қарлардың еру барысы болса, екіншісі тау басындығы мұздардың еруінен болады. Талас өзеніне құятын Талас Іле тауларынан ағатын Қарасу, Көкадыр, Қалғұрты өзендерінің сулары негізінен қарлардың еруімен жауындардан құралады. Бұл өзендер жаз айларында құрғап қалады, оның басты себебі жер асты су көздерінің жетіспеуінен. Таулардан шығатын бұлақтардың су мөлшері төмен болғандықтан, ол сулар Талас өзеніне дейін жетпейді. Талас өзеніне жететін су молдау өзен бұл Ырғайды өзені. Оның өзінде тауға жауын-шашы мол түске кезде болды.

Талас өзенінің бойындағы жазықтықта өзен суын пайдалану мейліеше жоғары, оның басты себебі  аудан жерінде егілітін дақылдардың көбі суғарылады. Осы мақсатта аудан жер көлемінде Георгиевка, Благовещенка, Шортөбе каналдары салынған, ал осы каналдардан көптеген кіші каналдар мен арықтар суландыру жүйелерін құрайды.

Талас өзенінің суы өзінің минералдық құрамы бойынша орташа минералдық құрамына жатадыОның құрамы 0, 2 ден 0, 5-1гр/литр мөлшерінде. Алайда пайдаланылған суларды қайта өзенге құйылуы арқасында ол мөлшер 3 тен 5 г/литрдеңгейіне дейін көтерілді, соның есбінен судың құрамы сульфаты кейде хлорлы құрлымға айналады.

Жер асты суларының орналасу аудан жерінің топырақ құрамына, олардың су сіңіру қабілетіне , жер бедеріне, атмосфералық суларға байланысты. Тау етегіндегі жазықтықтарда жер асты суының жатуы 6-1 метр болса, таулы аймақтар мен сай-салаларда олардың терендігі 5-40 метргедейіе орналасады. Талас өзенінің арнасына жақындаған сайын жер асты суларының деңгейі жоғарылай түседі, яғни 2 ден6 метр болады. Өзен арнасы бойында ол терендік 0, 5 тен 2 метрге жетеді. Судың минералдағы 0, 6 дан 4, 2 г/литр мөлшеріне дейін жетеді. Механикалық топырақ құрамы карбонатты, кальцилі кейде тұзды болады. Аудан жерінің солтүстік бөлігі су ресурстарын кедейлеу. Оның басты себебі атмосфералық жауын-шашынның аз түсуінен және таудан ағатын өзендер мен өзекшелердін аздығынан. Бұл су кздеріне жататын Қарасу, Көгал, Шеңгелді өзендері көктемгі еріген қар суларымен байланысты болғандықтан жаз айларында құрғап қалады. Кейбір өзендер мен өзекшелер бойында тоспа бөгеттер салынған, бірақ бұл су көздері егістіктерді суғаруға жетпейді, сондықтан тек мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге пайданылады. Су қорын жинау тек жауын-шашаын есебінен тұрады және ол қор көктемгі еріген қар мен жауған жаңбырдан 80% жаздағы күздегі ылғалдардан 20% болады. Бұл жерлердің ылғалдылығының төмен болуы топырак құрамының әр түрлі болуы мен өз бойына сақтағыштың қасиетінің төмен болуынан және жер асты суларының деңгейіөте төмен (20-100м)  жатқандықтан, осыған байланысты топырақ құрамы да өзгетіп отырады, әрі судың минералдылығы тұрақты болмайды, жоғары емес.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>