iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Бөлшек сауда түсінігі, оның қызметтері, түрлері

Бұл мәлімет 830 рет қаралды

Бөлшек сауда кәсіпорындарын жіктеу. Дүкен түрлері. Бөлшек сауда — тауар немесе жеке коммерциялық емес қолдану үшін соңғы тұтынушыларға бар қызмет көрсетулерді сату бойынша кез келген қызмет. Осы қызметпен айналысатын кез келген кәсіпорын, бөлшек саудамен айналысады. Дәлірек айтқанда, тауар және қызметтер қалай сатылатыны — жеке сату әдісімен, пошта арқылы, телефон арқылы немесе сауда автоматы арқылы және де қайда сатылатыны да мүлдем маңызды емес.

Мемлекетте өзіне-өзі қызмет ету бөлшек сауда кәсіпорындарының саны қарқынды түрде өсіп отырды, онымен 60-жылдардағы америкалық тәжірибені көшіру көрінісі орын тапты. Бүгінгі танда өзіне-өзі қызмет ету дүкендерінің саны қысқартылды, олар күнделікті сұранысқа ие тауарларды сатады. Бірақ, өзіне-өзі қызмет ету — төмен баға бойынша кез келген сауда негізі болып табылатынын ұмытпауымыз керек.

Бөлшек сауда кәсіпорындарында тауарды еркін іріктеумен сатып алушы өзінің ықыласымен сатушының көмегіне жүгінуіне болады. Сатушыға келіп, сатып алынған затқа төлем жасауымен клиент келісімін бітіреді. Бұндай дүкендердегі қосымша қызметкерлерінің арқасында, өзіне-өзі қызмет ету дүкендерінен қосымша үстеме шығындары жоғары емес.

Шектеулі қызмет көрсететін бөлшек сауда кәсіпорындары сатып алушыға сауда қызметкерлерінің жағынан білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, себебі бұндай дүкендерде алдын ала таңдалған тауар түрлерін сатады және сатып алушыларға көбірек ақпарат талап етіледі. Бұдан басқа, тұтынушыларға несиеге сатып алу және сатып алынған тауарларды қайта қабылдау қызметтерін ұсынады. Әрине, бүндай дүкендердің шығындары жоғары болады.

Толық қызмет көрсететін бөлшек сауда кәсіпорындары — бұл сатып алушыларға іздеу, салыстыру және тауарды тандау барысының барлық кезеңдерінде сатушылары көмек көрсетуге дайын сәнді әмбебаптар. Бай тұтынушылар дәл осындай дүкендерді дүрысырақ көреді. Бұндай дүкендердің ерекшеліктері — мамандандырылған қызметкерлер, ерекше сұранысқа ие тауарлар және сәнді бұйымдар тізіміндегі жоғары пайыз, несиелеудің түрлі жүйелерін қолдану. Бұдан басқа, дүкен келесі қызметтерді көрсетеді: сатып алынған заттарды жеткізіп салу, ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарларға үй жағдайында техникалық қызмет көрсету, мейрамхана және демалыс бөлмелері түріндегі ыңғайлылық.

Бөлшек сауда кәсіпорындарын келесі нұсқалар бойынша топтастыруға болады.

  1. Ұсынылатын тауарлық ассортимент. Бөлшек сауда орындары тауар ассортименттері бойынша ерекшеленеді. Мамандандырылған дүкендер, әмбебаптар мен универсамдар сияқты бөлшек сауда кәсіпорындары кең таралған.

Мамандандырылған дүкендер едәуір қанық, шағын тауар ассортименттерін ұсынады. Мамандандырылған бөлшек кәсіпорындар үлгісі болып киім, спорттауарлары, жиһаз, гүл және кітап дүкендері қызмет ете алады. Мамандандырылған дүкендерді ұсынылатын ассортименттің кішірею деңгейі бойынша қосымша бөлшектеуге болады. Киім дүкені — бұл толық ассортиментімен оңашаланған дүкен, ер киімдер дүкені — шектелген ассортиментті дүкен, ал ер көйлектерін сататын дүкен — бұл шағын мамандандырылған дүкен. Мамандардың ойынша, нарықты сегментациялау басымдықтарын қолданатын, мақсатты сегменттер мен мамандандырылған тауарларды таңдайтын шағын мамандандырылған дүкендер саны тезірек өседі. Алайда, егер мамандандырылған дүкеннің тауарлары танымалдылықтарын жоғалтса, ол дүкен оңай ойсырап кедейленуі мүмкін.

Әмбебаптар тауарлардың бірнеше ассортиментті топтарын ұсынады -көбіне киім және шаруа тауарлары. Арнайы әмбебап бөлімі әрбір ассортиментті топ бойынша жұмыс жасайды. Тарихта ең алғашқы әмбебап 1852 жылы Парижде негізделген «Бон марше» болып саналады. Ол сауда жаңашылы болды. Төмен үстеме баға және тездетілген тауар айналымын, бағаны жариялауды, ешбір қысымсыз тауарды көруге сатып алушыларды мадақтау және шағындарды либералдық талдауды енгізді.

Универсамдар — бұл төмен шығындары, жоғары емес үлесті кірісі және үлкен сатылым көлемі бар өзіне-өзі қызмет ететін ірі кәсіпорын. Ол азық-түлік өнімдерінде, ал кей кезде кір жуу және үй керек жарақтарында тұтынушы қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға көзделген. Универсамдар алғашқы рет тұтынушыларды үнемдеуге мәжбүр еткен, ал кәсіпкерлерге жабдықтаушылардан тауарларды арзан бағаға сатып алуға және минималды төлемге үлкен орындарды жалға алуға мүмкіндік берген Ұлы депрессия кезеңінде АҚШ-та кең таралды.

Жаңа орама техникасы тұтынушыға азық-түліктерді сақтауға ыңғайлы ыдыс пен өлшеп орауды үсынуға мүмкіндік берді. Ақырында, электроника мен компьютерді қолдану, қазіргі заманғы универсамдар үшін қажет есептеу мен бақылауды қамтамасыз етті. Олар дамыған мемлекеттерде 10 мыңға жуық түрлі тауарларды үсынады. Қазіргі заманғы ресейлік жағдайда, әсіресе совет уақытындағы шағын дүкендердің қайта жабдықталған жай-күйлерін қайтару есесінен универсамдар саны қысқартылды.

Бөлшек кәсіпорындар қызметі — олар қонақүйлер, банктер, әуекомпаниялары, колледждер, ауруханалар, кинотеатрлер, мейрамханалар, бұл жөндеу қызметі жэне қызмет көрсетуге арналған әр түрлі мекемелер, мүндайлар мыналар шаштараз, сұлулық-сэн салондары, тазалаулар және жаназа бюросы. Бөлшек тауар сатушыларына қарағанда бөлшек кәсіпорындар қызметінін саны жылдам өсуде.

  1. Баға. Бөлшек дүкендердің классификациясын баға деңгейі негізде де өндіріп алуға болады. Дүкендердің көпшілігі орташа бағалар бойынша тауарларды үсынады жэне түтынушылар үшін қызметтердің кәдімгі деңгейі. Бірқатар дүкендер тауарлар мен қызметтерін жоғары сапа мен едэуір жоғары бағада ұсынады. Керісінше, төмендетілген дүкендер төмен бағалар бойынша өз тауарларын сатады, ең төменгі шығындары бар өз қызметтерін үйымдастырады және қызметтерді аз ұсынады.

Төмендетілген бағалар дүкені өткізудің үлкен көлемінде үстеме баға есебінен төмен бағамен сатады. Біздің елде мүндай дүкендер кең қолданысқа ие бола қойған жоқ. Олардың рөлін базарлар мен жәрмеңкелердегі алыпсатырлар — саудагерлер атқарады.

Қойма дүкен — бұл мақсаты тауарлардың үлкен көлемін төмен бағада сату болып табылатын, көрсететін қызметтер көлемін шектеулі, төмендетілген бағалардың сауда кәсіпорны. Кэсіпорын орташа бағадағы жиһаздарды сатуға бағытталған. Сатып алушыларға үлкен таңдау мен төмен бағалар ұнайды.

Дүкендер-көрсету залдары прайс-парақтар және каталогтар бойынша сатады. Каталогтар мен прайс-парақтарда әрбір бұйымның прейскуранттық бағасы және шелерілген бағасы көрсетіледі. Бұл дүкендер, негізінен сәнмен байланысты емес фирмалық тауарларды сатады.

Почта немесе телефон арқылы тауарларға тапсырыс беретін бөлшек сауда — бұл тапсырыстарды жинау және тауарларды жеткізуге жәрдемдесу үшін почта және телефон желілерін пайдалана отырып өткізу бойынша қызмет. Почтамен жіберу саудасының жүйесі өте ертеде, клиенттер өз тапсырыстарын почта арқылы жібере бастаған кезде пайда болды.

Каталог бойынша тапсырыс беретін сауданы әдетте аралас ассортиментті жіберу саудасымен айналысатын кәсіпорындар қолданады. Сатушылар клиенттердің белгілі бір тобына каталогтарды жібереді немесе оларды өздерінің сауда орындарында төмен бағада немесе тегін алуға мүмкіндік береді. Ірі бөлшек сауда кәсіпорындарының өз дүкендерінде «тауарларды почтамен жіберетін» бөлімдері болады.

Тікелей маркетинг почта немесе телефон арқылы тапсырыс бере алатын газетте; радио немесе телевидение арқылы берілген қандай да бір тауарлар сипатталған жарнамаларды болжайды. Сонымен, әдетте кітаптарды, тұрмыстық заттарды сатады.

Сатудың «директ мейл» сияқты формасы да қолданылады. Фирмалар аттары компьютерге енгізілген әлеуетті клиенттеріне почталық жөнелтілімдер — хаттар, үнпарақтар, нобайлар жібереді. Жіберілетін тізімдерді мамандандырылған фирмалардан алуға болады. Почта жарнамасы кітаптарды өткізуді ынталандыру үшін пәрменді болды. Сауданың телефон арқылы сату сияқты түрі біздің елде енді ғана таралып келеді. Кез келген затты сату үшін телефонды пайдаланады. Әсіресе, сауда автоматтары арқылы сауда тез қарқынмен дамып келеді. Олардың көмегімен өте көп сан алуан тауарларды сатады: сигареттер, алкогольсіз сусындар, конфеттер, газеттер, ыстық сусындар. Сауда автоматтарын заводтарға, мекемелерге, ірі дүкендер мен вокзалдарға орналастырады. Сауда автоматтарының артықшылығы — тәулік бойы сату және өз-өзіне қызмет көрсету. Сонымен қатар бүл айтарлықтай қымбат бөлу арнасы.

Жеңілдікпен тапсырыс қызметі клиенттердің жекелеген топтарына — әдетте бөлшек сатып алу мақсатында тандап алынған бөлшек сататын саудагерлерден жеңілдік бағамен сатып алатын мемлекеттік мекемелер мен ірі үйымдардың жүмысшылары мен қызметкерлеріне көмек көрсетеді. Бейнемагнитафонды сатып алғысы келетін түтынушы тапсырыс қызметінен белгілі бір сатушыға барып, тауарды жеңілдікпен алу құқығын беретін арнайы бланк алады.

Үй-үйге апарып сату бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Қазір әрбір мекемеде «әрбір есікке» қағидасы бойынша үй-үйге апарып сатумен көптеген фирмалар мен кәсіпкерлер айналысады. Үй-үйге апарып сату ыңғайлылык және үйдегі саудаға тән оларға ерекше көңіл бөлу тұрғысынан адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Осылайша сатылатын тауарлардың бағасын төмен деп айтуға болмайды, себебі үй-үйге апарып сату — кәсіпорын үшін қымбатқа түседі. Бөлшек сауданың бұл формасының болашағы белгісіз. Үй-үйге апарып сататын коммивояжерді желіге қосылған дербес компьютер алмастыра алатын болар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Маркетинг: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған: Ә.Ә. Әбішев, В.В. Герасименко, С.А. Каленова. — Алматы: Экономика, 2014. — 616 б. Мәлімет оқулықтың 258-ші бетінен алынды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>