iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қазақстан туралы слайд

Бұл мәлімет 4 810 рет қаралды

Слайд тақырыбы: Қазақстан Республикасы туралы. Слайд — презентация 11 беттен тұрады. Бұл слайдта жалпы Қазақстан Республикасы, Қазақстанның табиғаты, Қазақстанның саяси жағдайы, Қазақстанның тарихы туралы жазылған. Еуропаның Шығыс жағы және Азияның Ортасында орналасқан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орынды алатын мемлекет Қазақстан болып табылады. Қазақстан Республикасы айналасындағы 5 мемлекеттермен көршілес, шекаралас болып келеді, осылардың қатарында дүниедегі құрлықтағы ең ұзақ шекара Қазақстанның солтүстігінде Ресей Федерациясымен — 6 467 километрді құрайды. Ал Қазақстанның Оңтүстік жағында — Түрікменстан мемлекетімен— 380 километр, одан кейін Өзбекстан мемлекетімен — 2 300 километр, сонымен қатар Қырғызстан Республикасымен — 980 километр, ал Қазақстанның шығысында — Қытаймен Халық Республикасымен — 1 460 километр шектесіп келеді. Қазақстан Республикасының жалпы құрлық шекарасының өлшемі — 13392,6 километрді құрайды. Қазақстан Батыста Каспий теңізімен, ал оңтүстік батысында Арал теңізімен шайылады. Қазақстан Республикасының астанасы — «Астана» қаласы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі болып табылады. Ал ресми тілі — орыс тілі. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы сан алуан болады. Хaлықтың көптеген бөліктері қазақтар құрайды, пайызбек көрсеткендегісі — 63.1% құрайды, орыстар болса — 23.6%, украиндар — 2.9%, өзбектер — 2.8%,немістер — 1.5% ұйғырлар — 1.4%, татарлар — 1.3%, сонымен қатар басқа халықтар — 4.3% құрап жатр. Халықтың  көп бөлігі, оның ішінде 70 пайызын мұсылман діндегілер құрайды, проваславты христиандар — 26%, қалғаны басқа дін адамдары болып табылады.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>