iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қазақстан халқы ассамблеясы туралы слайд

Бұл мәлімет 3 818 рет қаралды

Слайд тақырыбы: Қазақстан халқы ассамблеясы туралы. Слайд — презентация 10 беттен тұрады. Бұл слайдта жалпы Қазақстан халқы ассамблеясы туралы, оны құрылымы, негізгі міндеттері және қызметі туралы суреттер мен мәліметтер бар. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы бұйрығымен құралған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы 1992 жылы Тәуелсіздіктің 1-ші жылына арнап Қазақстан Республикасының халқының бірінші форумында жариялаған болатын. Осындай институтты құру қажеттігі саяси тұрғыдан, сонымен қатар алғаш құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық елінің бірқалыпты дамуы тұрғысынан туындаған болатын. Осы аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің басын қалап, этносаралық байланыстарды дамыту жолдарын жоғары деңгейде қарастыруға мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі дұрыс жол болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Қазақ халқы Ассамблея тез дамып, көптеген өзгерістерді бастан кешірді десек болады. Қазақ халқы ассамблеясының дамуы барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың этносаралық толеранттылық сонымен қатар қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі жасалынды. Осы жылдар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық негізі нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толығымен дамыды, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Қазақ халқы ассамблея Қазақстан Республикасының Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебе екендігін көрсетеді.

batton

 

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>