Қазақ хандығының құрылуы реферат

Қазақ хандығының құрылуы реферат

Негізінен сол кезеңдердегі дерек көздерінің болмауы себепті Қазақ хандығының құрылуы қалай пайда болды дегенге бірауызды пікір жоқ. Еуропалықтардың бұл жерлерге аяқтары тимеген, шығыс жылнамашылары көшпелі дала жұртшылығы өмірінен гөрі, қалалар төңірегіндегі оқиғаларға бой ұрып кетті, ал көшпелілердің өздері болса үзік-жұлық, көбіне ауызша аңыз-әңгімелерден өзге мұра етіп ештеңе қалдырмаған. Қазақтардың пайда болуы жөніндегі біздің білетіндеріміздің көпшілігі орыс аннекциялары мен жаулап алулары кезеңінде қазақтардың ішінде саяхат жасаған 18 ғасырдағы орыс эмиссарларының байқағандары мен жазбаларынан алынған.

Қазақ халқы немесе қазақ ұлты 15 ғасырдың орта шенінде Жәнібек пен Керей — Барақ ханның ұлдары — моңғолдың ақ ордасының өкілі — өзбек ханы Әбілқайырдан бөлініп шыққан кезде пайда болған деген пікір бар. Әбілқайырдың ойраттардан (моңғолдар) жеңіліп қалған кезіндегі жағдайды пайдаланғысы келген Жәнібек пен Керей өз жақтастарын ертіп Жетісудың батысына, бұрын өзбектер жайлаған Шу мен Талас өзендерінің аралығына аттанады. Осы арада өздеріне жақтастар қарасының көбеюіне орай олар орталығы Шу мен Сарысу өзендері аралығындағы Бетпақдала шөлі болған дербес хандық құрады. Ауқымы ұлғая берген қазақ хандығы 16 ғасырда Балқаш көлінің жағалауы мен Сырдария маңындағы жерлерді, Торғай өзенінің терістігі, батыс және Арал теңізінің солтүстік-батыс жағалауын қамтиды. Қазақ хандығы түркі тілдес өзбек-түрік текті көшпелілерден, осы аймаққа қыпшақ далаларынан қоныс аударған ноғайлардан, сондай-ақ найман, арғын және өзбек хандығының шағатай тайпасынан және жергілікті халықтан тұрды. 1511 жылдан 1523 жылдарға дейін билік құрған Қасым хан тұсында қазақ ұлты миллион адамнан асып жығылды.

«Қазақ» сөзінің өзі осы аймақта алғаш рет 15 ғасырдың соңы 16 ғасырдың ішінде айтыла бастады. Осы сөздің шығуы жөнінде де толып жатқан болжамдар бар. Кейбіреулер бұл түркінің «кез» деген гозінен шыққан, себебі қазақтар дала көшпелілері болған немесе қазақтың екі тайпасының «қаспы» және «сақ» атауларының біріктірілген түрі немесе моңғолдың «қасақ» сөзінің қалдығы, бұл «доңғалақ үстіндегі арба» дегенді білдіреді, өйткені қазақтар киіз үй мен ыдыс-аяқтарын осындай көліктермем тасымалдаған деседі. Он тоғызыншы ғасырда бұған басқаша түсінік беріліп, ол «ақ қаз» деген түркі сөзінен шыққан, бұл ханшаға айналып, содан алғашқы қазақ туған екен деген «Даланың ақ құсы туралы» аңызға келіп тіреледі.

«Ақ қаз түралы» ертегі — алғашқы қазақтардың пайда болуы жөнінде сыр шертетін толып жатқан аңыздардың бірі. Алаш туралы аңыз да халық жүрегіне жақын. Көптеген аңыздарда Алаш қазақ халқының негізін салушы ретінде кескінделеді. Үш ұлы қазақтың үш ордасын тіккен екен дейді. Қазақ хандығының құрылуы Басқа аңыздарда ол тек ұлы соңғы хан, мұрагері Тоқтамыс -Темір Алтын Орданы күйреткен кезде — 1395 жылы Сарысудағы ұрыста қаза тапқан. Осы уақыттарда қазақтардың болған-болмағанын дәлелдейтін тарихи куәліктер болмағанмен, бірақ Алаш туралы аңыз қазақтардың басын біріктіруде маңызды рөл атқарғаны күмәноз. Алғашқы қазақ саяси партиясы және 1917 жылы құрылған автономиялық қазақ үкіметі Алашорда атанды.

Археология — Қазақстандағы әлі жас ғылым. Алғашқы қазбалар 1940 жылы басталған болатын, содан бері көне дала өмірін қалпына келтіру жүзеге асырылыл жатыр, баяу жүргізілгенмен, тұрақты. Бұл аймақтардың тарихи өмірі жөніндегі мәліметтер әзірге үзік-үзік қана. Қаратау үңгірлерінен төменгі палеолит дәуіріне жататын алғашқы адамдардың мекендері табылды. Орта палеолит дәуіріне келетін жартастағы жазулар Шығыс Қазақстаннан да табылып отыр. Пале-олит дәуіріндегі қару-жарақтар мен діни заттар Қазақстанның көптеген бөліктерінен кезікті, әлгіндей мекендердің үлкен тобы Арал теңізі жағалауында жоғарғы палеолит дәуірінде болған сияқты. Жоғарғы палеолит дәуіріне жататын қару-жарақтар, сондай-ақ неолит дәуіріне жататын қару-жарақтар мен тұрмыстық заттар даланың көптеген бұрыштарынан табылған.Қазақ хандығының құрылуы Мал өсіру және қарапайым жер өңдеу неолит дәуірінде (біздің заманымызға дейінгі төртінші және үшінші мыңжылдықтар кезінде) басталған тәрізді, бірақ кеңінен және ұйымдасқан түрде көшпелі мал өсірумен айналысу қола дәуірінің Андронов мәдениетіне (біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтың ортасы, бірінші мыңжылдықтың бас кезі) жататын сияқты. Тік бұрышты жартылай жеркепелі Андронов қоныстары Қарағанды облысының Атасу және Қарқаралы, Қостанай облысының Алексеевка қазбалары кезінде табылды, Осы кезеңге жататын қарапайым кеніштер қалдықтары Жезқазған мен Зыряннан да ұшырасқан.

Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта Оңтүстік Қазақстан сақтар (скифтер) деп аталатын иран тектес еркін бірлескен мал өсіруші көшпелі тайпалар қарауында қалды. Олардың өмір-тіршілігі туралы мәліметтер Орталық Қазақстанда, Жетісу және Арал теңізінің бірнеше түсынан табылған қорғандардан алынды.

Біздің заманымызға дейінгі екі жүз және үш жүз жылдықтар аралығында сақтар түркі тілдес, бірақ моңғолдардан шыққан көшпелі мал өсіруші тайпалар — үйсіндердің билігінде қалды. Бұл жөніндегі мәліметтер біздің заманымызға дейінгі екінші-бірінші ғасырларға жататын қытай жылнамаларында бар. Біздің заманымызға дейінгі 73 жылы мұрагерлікпен билеген үйсіндер 600 мыңға жетті.Қазақ хандығының құрылуы Олар екі топқа бөлінді: қаңлылар (көшпелі отырықшы егіншілер болған) Қаратау және Сырдария азендерінің орта ағысы бойын мекендеген және Арал теңізінің терістік жағасынан Каспий теңізінің терістік жағалауына қоныс аударған -аландар. Ақтөбе түбіндегі қазбалар (Сырдария оң жағалауы) үйсіндердің тайпаның тектілеріне қыстау үй-қоражай салып бергендіпн көрсетеді. Олардың көпшілігі ішкі қорасы бар екі қабатты мекенжайлар болған.

Үйсіндер одағы біздің заманымыздың бесінші, алтыншы ғасырларында алтайтүркілерінің сәтті шабуылы нәтижесінде ыдырай бастады. Халықтың үлкен бөлігі аймақта қалғанмен, олар бастабында батыс түрік қағанатының (Қазақстанның оңтүстік және жетісулық түркі тілдес тайпалардан қүралған) және кейіннен орталығы қазіргі Ташкент маңындағы Шашта орналасқан түркеш қағанатының билігінде қалды. Қазақ хандығының құрылуы Бұл қағанаттар күрделі, сан текті құрамнан: ақсүйектер, шаһар көпестері мен ісмерлерден, диқандар, көшпелі малшылардан тұратын. Сондай-ақ, араб әскеріне қарсы тұрып, олардың біздің ғасырдың 739 жылына дейін Сырдариядан өтуіне мүмкіндік бермеген білікті жауынгерлері де болғанды.

Арабтар қағанаттың оңтүстігінің едәуір бөлігін жаулап алған соң, түркештер ұйғырлар тарапынан шабуылға ұшырады, ал бұдан кейін қарлығтардан (Батыс Алтайды мекендеген түркілер) қирай жеңіліс тапты. Қарлығ қағанаты 766 жылы тайпалары оғыздармен қосылып кеткен Батыс Қазақстаннан басқа түркеш қағанатының барлық жерінде құрылды. Құрылған кезінде қарлығ мемлекеті Қашқариядан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерде созылып жатты. Ол әрі қарай да кеңейе берді, оныншы ғасырда Ыстық көл мен Балқаш аралығындағы аймақты, сондай-ақ Іле, Шу және Талас өзендері аңғарларын да қосып алды. Қарлығтар билеген кезде далада алғашқы қалалар Тараз, Исфеджат (кейіннен Сайрам) және Фараб (Отырар болып өзгерді) салынды,

940 жылы қарлығтар қараханидтерден жеңіліп қалды да, келесі екі жүз жылдықта дала билігі солардың қолына көшті. 960 жылы қараханид билеушісі Тамға хан ислам дінін енгізді, бұл оған Әмудария өзені және Сырдарияның төменгі ағысындағы мұсылман халықтарына да билік жүргізуге мүмкіндік берді. Қараханид үстемдігі кезінде дала экономикасы гүлденіп, отырықшы диқандар саны көбейді. Себебі, суландыру жүйесі игеріліп, жеміс пен көкөністер, дәнді дақылдар өсіріле бастады. Қазақ хандығының құрылуы Он бесінші ғасырдың басындағы сель-джук жаулап алушылығы (Мавараннар деп те аталады) қараханидтерді әлсіретіп кетті де, 1130 жылы қараханидтерді Батыстан келген қарақытайлар, моңғол халықтары жаулап алды, Қарақытайлар далада бір ғасырдай билік жүргізді. Он үшінші ғасырдың алғашқы жартысында Алтайдан түркі тайпалары наймандар мен керейлер даланы жаулап алып, қарақытай ханын (гурын) тағынан жұлып түсірді. Бірақ олар да көп ұзамай 1218 жылы Жетісуды жаулап алған Шыңғысхан әскерінен жеңіліс тапты. Талай жылдар бойы найман жерінде қалған осы әскерлер мемлекетті Хорасан (қазіргі Хорезм), Мавараннар және қазіргі Иран мен Ауғанстанның көп бөлігін қамтитын Хорезм шахына қарсы лагерь базасы ретінде пайдаланды. Хорезм шахы жеңілген соң, моңғол әскері артына тек әкімшілік құрылымдарын ғана қалдырып, найман жерін тастап кетіп қалды. Моңғол жаулап алушылығы аймақ экономикасын ойсырата қиратып кетті, көптеген тарихшылардың пайымдауынша, қараханидтер мен қарақытайлықтар кезінде жасалған ортақ ұлт құрудың алғышарттары (атап айтқанда ортақ тіл, ортақ экономика және ортақ өмір салты) құртылып жіберілді. Моңғол шапқыншылығының салдарынан Сырдария бойындағы қалалар, сауда орындары Сауран, Отырар, Сығанақ және бұлармен қоса осы тайпалардың басын біріктіруді қамтамасыэ ететін отырықшы өмірдің салтына бастаған негізі жойылды, Моңғол билеушілерінің тіл мен мәдениетке ықпалы Орталық Азия түркі тайпаларына жасаған әсеріндей болды. Қазақ тіліне көптеген моңғол сөздері кіріп кетті, рулық қатынастарға да моңғолдың ұлы жүйесінің ұқсастығы да сіңбей қалмады. Шыңғысхан империясы мұрагерлеріне бөлінген кезде қазіргі Қазақстан аумағы оның ұлдары Жошы мен Шағатайға тиді. Қазақ хандығының құрылуы Өкесінен бұрын өлген Жошының мұрагерлігін (Ертістің батыс жағалауындағы жерлер) оның баласы Бату иеленді, ол аумағын батысқа қарай кеңейтіп, Алтын орда құрды, Шағатай болса Жетісу аймағын Батыс Жоңғариямен (кейіннен Қашғария) және Мавараннармен қоса билеп тұрды.

13 ғасырдың алғашқы жартысында Бату ханның аумағы батысқа қарай өсе берді. Оның астанасы Сарайда (Дешті Қыпшақтың жүрегі) Астраханның солтүстік жағында алпыс бес миль жерде болды. Иелігіндегі орасан зор жер оның билігіндегі, бірақ тәуелсіз хандарға Алтын орда аумағына кіріп кетуге мүмкіндік берді. 14 ғасырдың алғашқы ширегінде Ақ орда атанған, өзіне Сырдария өзені аймағын қосып алған жартылай автономиялы моңғол хандығы пайда болды. Сығанақ маңын қыстаған Ақ орда ханы Арал теңізінің солтүстік батысынан Есіл және Сарысу өзендеріне дейінгі далаға билік жүргізді. Ақ орданың алғашқы ханы Алтын ордаға алым төлеп түрды. Бұдан кейін болған сегіз хан Ақ ордаға толық автономия алуға текке әрекеттенгенмен, тек 1364 жылы ғана Алтын ордадан тәуелсіздікке қолдары жетті. Бірақ бұл тәуелсіздік ұзаққа бармады, Алтын орда ханы Тоқтамыс (1381-1395 жылдар аралығында билеген) Алтын және Ақ ордаларды қайтадан қосып алды. Қазақ хандығының құрылуы Бұл кезеңде ауыл шаруашылығы дамыды, Оңтүстік Қазақстанда жаңа сауда орындары ашылып, ескілері жөнделді, Қазақстанда ортақ және қуатты экономикалық аймақ құрылды, яғни жүз жылдан кейін қазақ халқының пайда болуына қажетті барлық алғышарттар жасалынды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.